Айдар парағына өту

18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге күтім бойынша жәрдемақы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.04.2020

«Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына Елбасы 2018 жылғы 2 шілдеде қол қойды.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап, 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы жаңа мемлекеттік жәрдемақы Заңмен енгізілді.

Аталған жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке белгіленген оның заңды өкілі барлық кезеңге өтініш береген күннен бастап тағайындалады.

2019 жылғы 1 шілдеден бастап жәрдемақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 немесе 41 578 теңгені құрайды. Ай сайын жәрдемақыны шамамен 13,5 мың отбасы алады. Осы мақалада жәрдемақыны тағайындау шарттарымен танысуға болады.

Еңбекке қабілеті шектеулі, еңбекке қабілетсіз немесе қамқоршылыққа мұқтаж бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім көрсету бойынша жәрдемақы тағайындау үшін өтініш және қажетті құжаттар олардың заңды өкілдерімен беріледі.

Өтініш берілген күн өтінім күні болып есептеледі. Жаңа жәрдемақыны тағайындау үшін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға ұсыну тиіс.

Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін өтініш ұсынылады:

өтініш беруші үшін:

  1. Жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
  2. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршылық белгіленген жағдайда – бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршылық белгіленгенін растайтын құжат.
  3. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.

 

Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адам үшін:

  1. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі – жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі.

Оралман мәртебесі бар адамдар бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға жүгінген кезде Қазақстан Рспубликасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігінің көшірмесі ұсынылады.

  1. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның әрекетке қабілеттілігі туралы мәліметтер жеке басын куәландыратын құжат бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінде тексеріледі.
  2. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.

Бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін мемлекеттік органдар мен (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуларға сәйкес көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпарат расталған кезде бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның және өтініш берушінің тұратын жері бойынша тіркелгенін (күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адам мен бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің бір қала және (немесе) аудан шегінде тұру фактісін растау үшін), бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршылық белгіленгенін растайтын құжаттарды, жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті органдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты, психикалық денсаулық орталығында есепте тұру фактісінің болмауы туралы мәліметтерді, сондай-ақ бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедектің мүгедектігі туралы анықтаманы ұсыну талап етілмейді.

Отбасыда екі немесе одан көп бала кезінен бірінші топтағы мүгедек болған жағдайда жәрдемақы олардың әр қайсысына тағайындалады және төленеді.

Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушы адам ауысқан жағдайда бірақ күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық емес, жәрдемақы жаңа жәрдемақыны тағайындауға жүгінген күннен бастап өтінішпен тағайындалады.

Бұл ретте бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім көрсету бойынша жәрдемақы мына адамдарға:

  • кәмелет жасқа толмаған;
  • сот әрекетке қабілетсіз не қабілеттігі шектеулі деп таныған;
  • психиатриялық және наркалогиялық диспансерде есепте тұрғандарға тағайындалмайды.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.