Айдар парағына өту

Еңбек нормасынан ауытқу кезіндегі төлем. Үстеме, қосымша төлемдер және коэффициенттер Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 24.11.2020

Қазақстан Рeспубликасының Еңбек Кодексіне сәйкес уақтылы жалақы берілетін еңбекте мерзімінен артық істелген жұмыс үшін біржарым еседен кем емес төлем төленеді.

Келісім арқылы қосымша жасалатын еңбекке төленетін жалақы жұмысшының бекітілген тарифтік ақының (қызметтік айлықтың) елу пайызынан кем емес мөлшерінде беріледі.

Мейрам және демалыс күндері істелетін жұмыс төлемі жұмысшының күндізгі (сағаттық) ақысына шаққанда біржарым еседен кем емес мөлшерде беріледі.

Түнгі мезгілдегі жұмыстың әр сағаты жұмысшының күндізгі (сағаттық) ақысына шаққанда бір жарым еселік өлшемнен кем емес мөлшерде беріледі.

Түрлі біліктілік жұмыстарын атқарған жұмысшы жалақысы әлдеқайда жоғары біліктілік жұмысы бойынша төленеді.

Жоғары білікті жұмысшыға өндіріс сипатына қарай, оған берілген разрядтан төмен жұмыс атқару жүктелсе, жалақы оған бекітілген біліктілікке (разрядқа) қарай төленеді. 

Бір ұйымда өзінің негізгі қызметімен бірге, еңбек келісім-шартымен бекітіліп, орнында жоқ жұмысшының қызметін немесе міндетін өзі қызметіне үстеме ретінде қосымша атқарса, ол жұмысшаға үстеме ақы төленеді.

Үйлесімді қызметке (қызмет көрсету зонасының кеңеюі) немесе уақытша орнында жоқ қызметкердің міндетін атқаруға төленетін қосымша ақының мөлшері жұмысшының келісімімен жұмыс беруші арқылы бекітіледі.

Жұмыс тоқтаған уақыттарға төленетін төлем: 

  1. Жұмыс берушінің кесірінен болған жұмыстың тоқтаған уақытына төленетін төлем тәртібі мен шарты еңбек, ұжымдық келісім-шартпен анықталады, және жұмысшының орташа жалақысының елу пайызынан кем емес мөлшерде бекітіледі.
  2. Жұмысшының тарапынан жұмыс тоқтап қалса төленбейді.

 Жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімі: 

  1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақша формасында, айына бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігіне дейін төленеді.
     
  2. Жалақыны беру күні еңбек, ұжымдық келісім-шарт негізінде қарастырылады.
     
  3. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші ай сайын жазбаша түрде жұмысшыларына сәйкес кезеңдегі жалақының құрамдас бөліктері туралы, мөлшері мен ұсталынған ақшаның себебін, соның ішінде міндетті зейнеткерлік қорына ұсталынған салымдар, сонымен қатар төленетін ақшаның толық мөлшерін хабарлайды.
     
  4. Жалақы берілетін күн мейрамға немесе демалыс күніне сәйкес келсе, сол күндер қарсаңында төленеді.
     
  5. Жұмыс берушінің кесірінен жұмысшымен жасалған еңбек келісім-шартын бұзуға байланысты жалақы немесе басқа да төлемдер берілмесе, жұмыс беруші қарызын және өсімін төлейді.
     
  6. Өсім мөлшері жалақы төленуге жататын міндетін атқарған күнге, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржыландыру мөлшерінен тыс есептеледі және төлем төленуге тиісті күннен басталған әрбір өтелмеген күнтізбелік күнге бөлініп, соңғы төленген күнмен аяқталады.
     
  7. Еңбек келісім-шарты тоқтаған кезде жұмыс берушіден жұмысшыға берілетін соманы төлеу келісім-шарт тоқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жұмысшыға жалақы төлеу, егер еңбек келісім-шартымен басқа жағдай қарастырылмаған болса, оның жұмыс істеген орнында жүруі тиіс.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.