Айдар парағына өту

Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолайсыз ауа райы метеожағдайларында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 28.01.2026

Термометр

Қысқы уақытта елімізде ауа-райы жағдайын болжап айту қиын екендігі белгілі. Кейде, далада жүрмек түгіл, шығуға да мумкін емес болатындай жағдай тууы мүмкін, сондықтан біздің елімізде мектептер мен колледждерде сабақтар жиі қашықтан оқыту нысанына ауыстырылады.

Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қашықтан оқыту келесі тәртіппен ұйымдастырылады:

Қолайсыз ауа райының метеожағдайларында қашықтан оқыту білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандық (қалалық) білім бөлімдері оқу жылы басталғанға дейін:

  1. аумақтық мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша білім беру ұйымдарындағы сабақтар өңірдің географиялық-климаттық жағдайларына сәйкес, сондай-ақ білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қашықтан оқытуға көшірілетін қолайсыз ауа райы жағдайларының көрсеткіштерін;
  2. жергілікті жағдайларды ескере отырып, ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқытуға көшу туралы ата-аналар мен оқушыларды уақтылы хабардар ету жүйесі, жауапты тұлғаларды, уақтылы хабарлау нысандары мен әдістерін көрсете отырып бекітеді.

Қолайсыз ауа райы метеожағдайлары кезінде жергілікті тұрғындарға қашықтан оқытуға көшу туралы білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары:

  1. жергілікті телевизиялық және радиоарналарда;
  2. білім беру мекемелері мен білім беруді басқару органдарының ресми сайттарында;
  3. білім беру мекемелері мен білім беруді басқару органдарының әлеуметтік желілер беттерінде және мессенджерлерінде;
  4. сынып жетекшілері арқылы хабарлайды.

Қолайсыз ауа райы метеожағдайлары кезінде қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру туралы: бірінші ауысым үшін сағат 06.45-тен 08.00-ге дейін, екінші және үшінші ауысым үшін сағат 11.15-тен 13.00-ге дейін хабарлау жүргізіледі.

Білім беру ұйымдарында қолайсыз ауа райы метеожағдайлары кезінде оқу процесін қашықтан ұйымдастыру туралы хабарлау үшін қолайсыз ауа райы метеожағдайларының бекітілген көрсеткіштері негізінде білім беру ұйымы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен рәсімделіп, тиісті мемлекеттік білім беруді басқару органының назарына бірінші ауысым үшін сағат 06.00-ден 07.00-ге дейін, екінші және үшінші ауысымдар үшін сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін жеткізіледі.

Қолайсыз ауа райы метеожағдайлары кезінде қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру туралы бұйрықта:

  1. қашықтан оқыту жүзеге асырылатын сыныптар, топтар, ауысымы;
  2. білім беру ұйымының жұмыс істеу режимі;
  3. оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың барлығының аталған бұйрықпен танысуына бақылауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы әкімшілігінің тарапынан жауапты тұлғалар;
  4. білім алушыларды қабылдауды және үйлеріне қауіпсіз жіберуді жүзеге асыратын педагогтер тарапынан жауапты тұлғалар көрсетіледі.

Қолайсыз ауа райының метеожағдайларында оқу процесін қашықтан ұйымдастыру туралы бұйрық бекітілгеннен кейін тез арада білім беру ұйымының ресми сайтында және ақпараттық стендінде орналастырылуы тиіс.

Интернаттық білім беру ұйымдарында қолайсыз ауа райы метеожағдайларында оқу процесін қашықтан ұйымдастыру білім алушылардың тұрғылықты жағдайы ескеріле отырып, жүргізіледі.

Қолайсыз ауа райының метеожағдайларында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру күндері білім беру ұйымының қызметі бекітілген жұмыс режиміне, педагогтердің қызметі – белгіленген оқу жүктемесіне, сабақ кестесіне, өзге де қызметкерлердің қызметі – жұмыс уақытының режиміне, ауысым кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қолайсыз ауа райының метеожағдайларында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру күндері сабаққа келген білім алушылар үшін сабақтың барлық түрлері (оқу, қосымша, үйірме, ұзартылған күн топтарының жұмысы), ыстық тамақпен қамтамасыз ету бірінші басшы бекіткен және құрылтайшымен келісілген сабақ кестесіне сәйкес толық көлемде жүргізіледі.

Педагогтер сабақты білім алушылардың білім беру бағдарламаларын толық көлемде өтуі мақсатында қашықтан оқытудың әртүрлі нысандарын, оның ішінде өзіндік жұмыс нысанын қолданады. Қолданылатын жұмыс нысандары, өзіндік жұмыс түрлері туралы ақпаратты педагогтер, сынып жетекшілері білім алушылардың, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) назарына жеткізеді.

Орта білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту кезінде:

  1. қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру күндері сабақтарға қосылған білім алушылардың қатаң есебін жүргізеді, білім алушылардың саны туралы ақпаратты білім беру ұйымының басшысына баяндайды, педагог және өзге де қызметкерлерінің сабаққа келген білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз үйлеріне жіберілуіне жол бермеуге бақылау жүзеге асырылады;
  2. сабақ аяқталған соң ата-аналарының (заңды өкілдерінің) шығарып салуымен білім алушылардың үйге ұйымдасқан түрде қайтуын қамтамасыз етіледі;
  3. қолайсыз ауа райы метеожағдайларында қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қағидалары туралы ақпаратты оқушылардың күнделіктеріне орналастыру және ата-аналарға (заңды өкілдерге) жеткізу қамтамасыз етіледі;
  4. ата-аналарды (заңды өкілдерді) қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру күндері олардың балаларының оқу қызметінің қорытындылары туралы, оның ішінде қашықтан оқыту нысандарын және білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеу шарттары туралы хабарлау қамтамасыз етіледі.

Қолайсыз ауа райының метеожағдайларында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру күндері білім алушылар сабақта болмаған (қосылмаған) жағдайда, тапсырманы өздігінен орындайды және тапсырмаларды білім беру ұйымы орнатқан режимінде педагогтердің талаптарына сәйкес жібереді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.