Айдар парағына өту

Салық төлемдері бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 04.10.2021

калькулятор, ақша және картаСалық төлеу барлық азаматтар, кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады. Салық төлеуден жалтару тек өсімпұл, айыппұл ғана емес, сонымен қатар қылмыстық  жауапкершілікке де әкелуі мүмкін. Осыны негізге ала отырып, салық төлеу мүмкін еместігінің объективті себептері болғанда, мемлекет мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді көздеген. Бұл рәсім туралы: қандай себептер бойынша және қандай кезеңге салық қарыздарын төлеу бойынша мерзімді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге болатыны туралы аталмыш мақаладан білесіз. 

Салықтар мен төлемдерді төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу осы бапта көзделген негіздер болған кезде салық және төлемдерді төлеу мерзімін өзгерту болып табылады, тиісінше төлемдер сомасын бір жолғы немесе кезең-кезеңмен төлей отырып жүзеге асырылады. Салықтарды төлеуді кейінге қалдыру және бөліп төлеуді Салық кодексінің 51-бабына сәйкес алуға болады. 

Салық немесе төлем сомаларын біржолғы төлей отырып кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Салық немесе төлем сомаларын тең үлестермен ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы төлей отырып бөліп төлеу үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу бір немесе бірнеше салықтар және немесе төлемдер бойынша берілуі мүмкін.

Салықтарды (және/немесе өсімпұлдарды) төлеу мерзімдерін ауыстыруда сома төлем мерзіміне дейін «тұрақталады». Бірақ салық төлеуші басқа салық міндеттемелерінің өсімпұлдарын, соның ішінде салық сомаларын уақытылы емес төлеу үшін есептелген өсімпұлдарды төлеуден босатылмайды.

Салықтар бойынша мерзімді кейінге қалдыруды қалай алуға болады?

Салықтар бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша салық органына 1 жылдан (12 күнтізбелік ай) аспайтын мерзімге өтініш бере отырып алуға болады. Өтініш ерікті нысанда, ауыстыру себебін көрсетумен ұсынылады.

Салықтар бойынша мерзімін кейінге қалдыру шарттары

Салықтар бойынша мерзімін кейінге қалдыруды салық төлеушінің өзінің мүлкін, үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою арқылы, сондай-ақ банк кепілдігі бойынша алуға болады.

Салықтар бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі

банк кепілдігі бойынша

Банк кепілдігінің мазмұны мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  1. Банк кепілдігі қайтарып алынбайтын болуы тиіс.
  2. Банктік кепілдігінің қолданылу мерзімі банк кепілдігімен қамтамасыз етілген салық төлеушінің салық және (немесе) төлемдер төлеу бойынша міндеті белгіленген орындау мерзімі өткен күннен бастап алты айдан аспай біту керек.
  3. Банк кепілдігі берілген сома кепілгердің салық және (немесе) төлемдер төлеу бойынша салық төлеушінің міндеттерін толық көлемде орындауын қамтамасыз етуі тиіс.

Шарт  - банк және салық төлеушінің арасында кепілгерлік жасасқаннан кейін, 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, салық төлеу мерзімдерін ауыстыру туралы хабарламамен салық төлеушінің тіркелу орны бойынша салық органына жүгіну қажет. Өтінішке банк кепілдігінің шартын қоса тіркеу қажет.

салық төлеушінің немесе үшінші тұлғаның мүлкіне  

Кепілдігіне салықтарды төлеу мерзімдерін ауыстыру ұсынылатын мүлік өтімді болуы, яғни нарықта сұранысқа ие болуы тиіс.
Алдын ала, бірақ мерзімін кейінге қалдыру туралы өтініш берген күннен 15 күнтізбелік күннен ерте емес уақытта, салық төлеушіге мүлікті бағалауды жүргізу қажет.

Мүлікке талаптар:

  • Өтімділігі.
  • Жоғалу немесе зақымданудан сақтандырылуы.
  • Нарықтық құны салықтар және/немесе өсімпұлдар сомасынан аз болмауы тиіс.

Кепіл зат бола алмайды:

  • өмірді қамтамасыз ету объектілері;
  • энергияның электр, жылу және өзге де түрлері;
  • тұтқындалған мүлік;
  • мемлекеттік органдардың шектеулері бар мүлік;
  • үшінші тұлғаның құқықтық таласы бар мүлік;
  • жылдам бұзылатын шикізаттар, тамақ өнімдері;
  • мүліктік құқықтар.

Кепілгерлік шартты жасасқаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, салық төлеу мерзімдерін ауыстыру туралы өтінішпен салық төлеушінің тіркелу орны бойынша салық органына жүгіну қажет.  Өтінішке кепіл шарты және кепілдік мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушы шартының есебі қоса беріледі.

Шешім және шарт жасасу

Салық төлеушіден қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін салық органы 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей салықтарды (және/немесе өсімдерді) төлеу мерзімдерін ауыстыруда мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді қабылдайды. Салық міндеттемелері бойынша мерзімін кейінге қалдыруды мақұлдаған жағдайда салық төлеушіге  салықтарды төлеу, сондай-ақ өтеу кестесінің мерзімдерін өтеу туралы шешім беріледі. Алайда банк кепілдігіне немесе кепілдік мүлікке талаптардың сәйкессіздігі негізінде мерзімді кейінге қалдырудан бас тарту мүмкін.

Салық міндеттемелерінің мерзімін кейінге қалдыру туралы шешімнің әрекетін тоқтату

Салық міндеттемелерін төлеу мерзімдерін ауыстыру туралы шешім мынадай негіздерде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін:

  • мерзімі аяқталғанға дейін салықтардың барлық сомасын (және/немесе өсімпұлдар) салық төлеуші төлегенде;
  • салық төлеуші өтеу кестесін бұзғанда.

Кестеге сәйкес төлем бұзылған жағдайда салық комитеті кепілдік мүлікті өндіре немесе банк кепілдіктерінің орындалуын талап ете алады.

Бұл ретте 2018 жылғы 1 қазаннан бастап негізгі қарыз сомасын төлеу күніне дейін есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылған туралы Заң күшіне енді.

Бұл ретте мониторингке жататын, ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар (жер асты суын өндіру, емдеу балшығына құқығы бар жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда), акцизделетін өнімді өндіретін өндірушілер салықтық рақымшылыққа жатпайды.

Рахымшылыққа ілігу үшін салық төлеушілерге ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кірістер органдары салықтық бет есептеріне мониторинг жасап, негізгі салық қарызын төлеген жағдайда, үш жұмыс күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешімдерін шығарып отырады.

Салық төлеушілер негізгі қарызы, өсімпұл мөлшерінің сомасын анықтау үшін «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында бет есебінен үзінді алуына болады.

Сондай-ақ, Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсы және «Электрондық үкімет» порталы «Салықтық берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы ақпарат» электронды сервисі арқылы онлайн режимінде ЖСН/БСН бойынша салықтық берешектің болуы / болмауы туралы ағымдағы ақпаратты алуға болады.

Оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілерге қатысты рахымшылық қолданудың тәртібі басқаша.

Салықтық рахымшылыққа ілігу үшін осындай салық төлеушілер мемлекеттік кірістер органдарына тиісті өтінішті жолдап, салықтар бойынша негізгі қарызын ертерек төлеуі қажет.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.