
Бұл мақалада біз жеке зейнетақы қорларын алу, аудару және оған мұрагерлік ету рәсімдері жөніндегі сұрақтарды қарастырамыз. Бұл сұрақтардың жауабы ел аумағынан кетіп, азаматтығын ауыстыруды жоспарлаған тұлғалар үшін, сондай-ақ отбасының қайтыс болған мүшесінің зейнетақы қорына мұрагерлік етуі тиіс азаматтар үшін мейлінше өзекті болмақ.
«Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» Кодексіне сәйкес зейнеткерлік жинақтар – шарттарға, осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсiмпұлды және өзге де түсімдерді қамтитын ақшасы.
БЖЗҚ-дан зейнеткерлік төлемдерді ресімдеу тәртібі
Заңға сәйкес зейнетақы зейнетақы жинақтары – шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) ЖЗШ есепке алынатын ақшасы
Зейнетақы төлеу тәртібі
Заңға сәйкес БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-та ашылған ЖЗШ-та зейнетақы жинақтары бар алушыларға жүзеге асырылады.
Зейнетақы төлемдерін алушы БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке тұлға табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 Қаулысымен №1042 Қағидалары бекітілді.
№1042 Қағидалардың 20 тармағына сәйкес, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алушының не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің не жерлеуді жүзеге асырған адамның деректемелері өтініште көрсетілетін банк шотына аударады. Бұл ретте БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін :
- Қазақстан Республикасы аумағындағы екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі -ЕДБ) немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға алушының (мұрагердің) ЖСН міндетті ұсынып тек ұлттық валютада;
- Шетел банктерге төлемдер мынадай валюта түрлері бойынша: АҚШ доллары (USD), еуро (EURO), фунт стерлинг (GBP), ресей рублі (RUB) секілді валюта түрлері бойынша жүзеге асырады.
Зейнетақы жинақтарын аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу, оларды айырбастау және алушылардың шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аударуды қоспағанда, БЖЗҚ-ның өз меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ЕДБ-дан не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан («Қазпочта» АҚ) зейнетақы төлемдерінің қайтарылуына жол бермес үшін алушылар ЕДБ-да банк шотының өзектілігін (ашық немесе жабық шот екенін), шот түрін (ағымдағы шот, карточка шоты, арнайы мақсаттағы шот екенін) анықтауы керек. Назар аударыңыз! Зейнетақы төлемдері ЕДБ-дағы арнайы мақсаттағы шоттарға аударылмайды.
БЖЗҚ-ға қажетті құжаттар жиынтығын берген және олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда:
- ЖЗҚ құжаттарды қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жерлеуге арналған бір жолғы төлемді төлейді;;
- БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ төлемдердің қалған барлық түрлерін жүргізеді.
Кесте бойынша БЗЖҚ-дан зейнеткерлік төлемдер
Міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдерді белгіленген кесте бойынша алуға БЖЗҚ-та зейнетақы жинақтары бар адамдар құқылы:
1) ерлер 63 жасқа толғанда;
әйелдер – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толған, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толған, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толған, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толған, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толған, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толған әйелдердің) (Заңның 31 б. 1 т. 1) тт. және 32 б. 1 т. 2) тт. )
2) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердің құқығы бар (Заңның 31 б. 1 т. 3) тт. және 32 б. 1 т. 3) тт. )
№1042 Қағидаларының ережелеріне сәйкес Міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдері 01.01.2018 ж. бастап ай сайын белгеленген кесте бойынша жүзеге асырылады.
Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері Әдістемеге сәйкес есептелген жылдық зейнетақы төлемдері сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.
Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерін төлеу республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен кемінде 54 пайыз көлемінде жүзеге асырылады (2018 жылы бұл сома 54% * 28 284 = 15 273,36 теңгені құрайды).
Өтініш берілген күнге дейінгі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді (2018 жылы – 33 745 * 12 = 404 940 теңге).
Егер жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы кезекті ай сайынғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен емес соманы құраса, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.
№1042 Қағидаларының 6 тармағына сәйкес БЖЗҚ-тан ейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары біткенше төленеді
01.01.2018 ж. дейін зейнетақы төлемдеріне өз құқықтарын іске асырған адамдардың (01.01.2018 ж. дейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлеуге өтініш):
- бұрын белгіленген зейнетақы төлемдерінің мерзімділігін (мысалы, жыл сайын) сақтап, зейнетақы төлемдерін кесте бойынша есептеу мерзімін;
- зейнетақы төлемдерінің мерзімділігін (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын);
- зейнетақы төлемінің мөлшерін, соның ішінде зейнетақы төлемдерінің мөлшерін кесте бойынша мынадай өлшемдердің ең үлкенімен есептеу құқығы сақталады:
- республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерін;
- зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген шамасын өзгертуге құқығы сақталатынын қосымша беліглеу қажет.
БЖЗҚ белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшерін жыл сайын өз бетінше № 1042 Қағида ережелерін ескере отырып, қайта есептейді.
Міндетті және міндетті кәсіби зейнеткерлік жарналар есебінен БЖЗҚ-дан зейнеткерлік төлемдерді алу үшін құжаттар тізбесі (кесте бойынша):
Зейнетақы төлемдерін кесте бойынша алушы оның БЖЗҚ-қа жүгіну әдісіне байланысты № 1042 Қағидаларына сәйкес төменде аталған құжаттар тізбесін ұсынады:
БЖЗҚ –тан зейнетақы төлемдеріне құқығы бар адамдар
|
Құжаттарды беру әдісі
|
Қажетті құжаттар тізбесі
|
1) 63 жасқа толған ерлердің, 58 жасқа толған әйелдердің (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толған, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толған, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толған, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толған, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толған, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толған, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толған, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толған, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толған, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толған әйелдердің)
2) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердің құқығы бар
|
БЖЗҚ кеңсесіне өз басы жүгінген кезде
|
1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқа;
2) алушының банк шоты туралы мәліметтер
|
Сенім білдірілген/заңды өкілі арқылы
(құжаттар сенім/білдірілген/заңды өкілі БЖЗҚ-қа өз басы жүгінген кезде қабылданады)
|
1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
2) алушының атынан өтінішке қол қою және барлық құжаттарды беру құқығымен БЖЗҚ алушының мұдделерін білдіру үшін нотариалдық куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе заңды өкілі жүгінген жағдайда – заңды өкілдің куәлігі/ заңды өкілді тағайындау туралы анықтама;
3) Сенім білдірілген/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі*;
4) алушының банк шоты туралы мәліметтер.
|
пошта байланысы арқылы
|
1) БЖЗҚ ішкі құжатында бекітілген нысан бойынша алушының өзі толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (өтініштің өзекті нысаны БЖЗҚ сайтында орналастырылған), бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариалдық куәландырылады;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
3) алушының банк шоты туралы мәліметтер
|
* «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабы 13 тармақшасына сәйкес шетелдік паспорт – шетелдіктің шет мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын, жеке басты куәландыратын құжаты. Тиісінше, егер сенім білдірілген адам шетелдік болса, БЖЗҚ шетелдік паспортын ұсыну қажет (шетелдіктің ішкі, соның ішінде Ресей Федерациясы азаматының паспорты, қарауға жатпайды).
Ерікті зейнеткерлік жарналар есебінен зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы шарттың талаптарына сәйкес БЖЗҚ зейнеткерлік төлемдері
Заңның 33 бабы 1 т. 1) т. сәйкес, ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдеріне құқығы бар адамдар БЖЗҚ-та зейнетақы жинақтары бар:
- 50-жасқа толған;
- мүгедектер болып табылады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес, БЖЗҚ-тан зайнетақы төлемдерін төлеу тәртібі алушымен және БЖЗҚ белгіленеді.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ –тан зейнетақы төлемдерін алу үшін құжаттар тізбесі:
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары төлемін алу құқығына ие тұлғалар
|
Құжат тапсыру тәсілдері
|
Қажетті құжаттар тізбесі
|
1) 50 жасқа толған тұлғалар;
2) Мүгедек адамдар
.
|
БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде
|
1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
2) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.
|
Сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) арқылы (құжаттар тек БЖЗҚ кеңсесіне сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілінің өзі келіп тапсырған жағдайда ғана қабылданады)
|
- алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
2)нотариат куәландырған сенімхат немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі/заңды өкілдің куәлігі/заңды өкілді тағайындау туралы анықтама;
3) сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
4) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.
|
Пошта байланысы арқылы
|
1) БЖЗҚ белгіленген нысандағы алушы өздігінен толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (өтініш бланкісінің өзекті нысаны - №3 қосымша, БЖЗҚ web-сайтында орналастырылған), бұл ретте алушының зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариалдық куәландырады (егер нотариалдық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалса);
2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
3) БЖЗҚ белгіленген нысанға сәйкес зейнетақы төлемдерін жасау тәртібі мен талаптары туралы қосымша келісімді алушының өзі 2 нұсқада толтырады және қол қояды (келісім бланкісінің өзекті нысаны №7 қосымша «БЖЗҚ» АҚ web-сайтында орналастырылған );
4) алушының банктік шоты туралы мәлімет.
|
Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғылықты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнеткерлік төлемдер
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқық:
- Заңның 31 және 32- баптарына сәйкес міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және кету дерегін растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсынған, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға тиесілі;
- Заңның 33 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы .
№1042 қағидаларына, сондай-ақ БЖЗҚ Басқармасының хаттамасымен бекітілген БЖЗҚ Зейнетақы қағидаларына (ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі) сәйкес, алушы зейнетақы жарналарының түріне және БЖЗҚ жүгіну тәсіліне байланысты төменде аталған құжаттар тізбесін ұсынады:
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының төленуіне құқығы бар тұлғалар
|
Құжаттарды беру тәсілі
|
Қажетті құжаттар тізбесі
|
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-тан ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар
|
Алушының БЖЗҚ кеңсесіне өз басы жүгінген кезде
|
1) егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда өзгесі көзделмесе, шетелдік паспортының көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
2) алушының банк шоты туралы мәліметтер.
|
Сенім білдірілген/заңды өкілі арқылы
(құжаттар сенім/білдірілген/заңды өкілі БЖЗҚ-қа өз басы жүгінген кезде қабылданады)
|
1) егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда өзгесі көзделмесе, шетелдік паспорттың нотариалдық* куәландырылған көшірмесі;
2) сенім білдірілген/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі** және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
3) алушының атынан өтінішке қол қою және барлық құжаттарды беру құқығымен БЖЗҚ алушының мұдделерін білдіру үшін нотариалдық* куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалдық* куәландырылған көшірмесі немесе заңды өкілі жүгінген жағдайда – заңды өкілдің куәлігі/ заңды өкілді тағайындау туралы анықтама;
4) алушының банк шоты туралы мәліметтер.
|
пошта байланысы арқылы
|
1) БЖЗҚ ішкі құжатында бекітілген нысан бойынша алушы өз бетімен толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (өтініштің өзекті нысаны БЖЗҚ сайтында орналастырылған), бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариалдық* куәландырылады;
2) егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда өзгесі көзделмесе, шетелдік паспорттың нотариалдық* куәландырылған көшірмесі;
3) алушының банк шоту туралы мәліметтер.
|
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-тан ерікті зейнетақы жарналары/ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар
|
Алушының БЖЗҚ кеңсесіне өз басы жүгінген кезде
|
1) шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
2) алушының банк шоту туралы мәліметтер.
|
Сенім білдірілген/заңды өкілі арқылы
(құжаттар сенім/білдірілген/заңды өкілі БЖЗҚ-қа өз басы жүгінген кезде қабылданады)
|
1) шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нотариалдық* куәландырылған көшірмесі;
2) сенім білдірілген/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі** және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
3) алушының атынан өтінішке қол қою және барлық құжаттарды беру құқығымен БЖЗҚ алушының мұдделерін білдіру үшін нотариалдық* куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалдық* куәландырылған көшірмесі немесе заңды өкілі жүгінген жағдайда – заңды өкілдің куәлігі/ заңды өкілді тағайындау туралы анықтама;
4) алушының банк шоты туралы мәліметтер.
|
пошта байланысы арқылы
|
1) БЖЗҚ ішкі құжатында бекітілген нысан бойынша алушы өз бетімен толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (өтініштің өзекті нысаны БЖЗҚ сайтында орналастырылған), бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариалдық* куәландырылады;
2) шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нотариалдық* куәландырылған көшірмесі *;
3) алушының банк шоты туралы мәліметтер.
|
* Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер құжаттар түпнұсқалары көшірмелерінің дұрыстығын, алушының өтінімдегі қойылған қолдарының түпнұсқалылығын куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шетел мемлекетінде жасалатын болса, оларды заңдастыру қажет.
** «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес шетелдік төлқұжат – шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат. Соған сәйкес егер сенім білдірілген тұлға шетелдік болса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік төлқұжат беруі тиіс (шетелдіктің, оның ішінде Ресей Федерациясы азаматының ішкі төлқұжаты қаралмайды)
Егер тұрғылықты мемлекетті шетелдік паспорттардың немесе өзге құжаттардың көшірмелерін нотариалдық куәландырмайтын болса, растаушы құжат ұсынылуы тиіс (нотраиустың құжаттың көшірмесін не өзге құжатты куәландырудан бас тарту туралы қаулысы).
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен жүгінген шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатының, не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.
Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатының, не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда, жүгінген шетелдіктің немесе немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін №1042 Қағидаларында көзделген құжаттарды БЖЗҚ қабылдаған немесе түскен күнінен бастап он жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.
Жүгінген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатының, не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және оның жарамдылығы туралы мәліметтер алынған жағдайда, сондай-ақ жүгінген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы мәліметтердің болмауына байланысты, БЖЗҚ №1042 Қағидаларда белгіленген мерзімдерде өтінішті қабылдаудан не орындаудан бас тартады..
Құжаттарды заңдастыруға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен бекітілген Құжаттарды заңдастыру қағидаларының 2-тармағына сәйкес құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қойған қолы мен құжаттардағы мөрдің төлнұсқалығын белгілеу және куәландыру болып табылады.
Заңдастыру жазбасы құжатқа, ал құжатта орын болмаған жағдайларда, ол жазба қоса тiркелетiн, заңдастыруды жасаған адамның мөрi мен қолы қойылған жеке парақта жасалады.
Қатысушы елдердің органдары мен лауазымды тұлғаларынан шығатын ресми құжаттар:
1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына (Қазақстан Республикасы үшін 2001 жылғы 30 қаңтарда күшіне енген шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын конвенция) қатысушы елдердің органдары мен лауазымды тұлғаларынан шығатын ресми құжаттар заңдастырудан босатылады және оларға алушының тұрақты тұратын елінде апостиль қойылуы тиіс.
Апостильді (Гаага конвенциясына қосымша болып табылатын белгілі бір үлгідегі мөртабан түрінде) осы құжатты жасаған мемлекеттің құзырлы органдары құжаттың өзіне немесе құжатқа тіркелген жеке параққа қояды. Дұрыс толтырылған апостиль құжатқа қол қойған адам қолының түпнұсқа екендігін, сапасын және дұрыс болған жағдайда осы құжат бекітілген мөр мен мөртабанның түпнұсқалылығын куәландырады.
1993 жылғы 22 қаңтардағы Минск конвенциясына (азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қарым-қатынас туралы конвенция) және 2002 жылғы 7 қазандағы Кишинев конвенциясына (азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қарым-қатынас туралы конвенция) қатысушы елдердің органдары мен лауазымды тұлғаларынан шығатын ресми құжаттар алушының тұрғылықты тұратын елінде апостиль қоюдан босатылады, бірақ оларды мекемелер немесе арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде куәландырады (қалыптасқан нысан бойынша) және Минск немесе Кишинев конвенциясына қатысушы елдің елтаңбалы мөрімен бекітіледі.
Егер органдар мен лауазымды тұлғалардан шығатын ресми құжаттарды Гаага не Минск немесе Кишинев конвенциясына қатысушы елдердің тізбесіне кірмейтін шетелдік мемлекет немесе Қазақстан Республикасымен азматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қарым-қатынас туралы шарттар жасаған елдер берген жағдайда, осы құжаттар жоғарыда көрсетілген тәртіппен заңдастырылуы тиіс
Құжаттарды қазақ не орыс тіліне аударуға қойылатын талаптарға қатысты
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттік тiлде және орыс тілінде қамтамасыз етiледi.
БЖЗҚ-ға:
Алушының нотариат куәландырған қолы/нотариат куәландырған сенімхат/шетелдік төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі/азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі бар зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер және басқа құжаттарды ұсынған кезде, құжаттардың қазақ тіліндегі не орыс тіліндегі аудармасы, оның ішінде алушының тұрғылықты мемлекетіндегі шетелдік нотариустың немесе өзге уәкілетті орган мен аудармашының шет тілінде жасалған куәландыру жазбаларының (алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі қолының түпнұсқа екендігін нотариустың куәландыруы туралы) қазақ тіліндегі не орыс тіліндегі аудармалары болу қажет.
Бұл орайда аударма тігілуі (аударма жасалған құжаттың көшірмесімен бірге бекітілуі) тиіс, егер алушының тұрғылықты мемлекетінің заңнамасында өзгеше көзделмесе, құжаттардың тігілген немесе бекітілген жері нотариустың немесе басқа өкілетті тұлғаның мөрімен куәландырылуы тиіс. Сондай-ақ шетелдік нотариустың жасаған барлық нотариаттық әрекеттері, оның ішінде алушының, аудармашының қолын, құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру, сенімхатты куәландыру кезінде жасаған әрекеттері заңдастырылуы немесе оларға апостиль қойылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағында заңдастырылған не апостиль қойылған құжаттар аударылған жағдайда аудармашының қолын немесе нотариус немесе өзге уәкілетті тұлға растаған аударманың дұрыстығын нотариат куәландырады.
Шетелдік төлқұжат алатын кезде алушының деректемелері, атап айтқанда, тегі, аты, бар болса әкесінің аты өзгерген жағдайда, Құжаттар тізбесіне қосымша негізгі деректерінің өзгеру дерегін растайтын, шетелдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар сақтала отырып ресімделген төменде көрсетілген құжаттардың біреуінің түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін беру қажет:
- Қазақстан Респубилкасының уәкілетті органының анықтамасы;
- шетел мемлекетінің уәкілетті органының анықтамасы;
- тегі/аты/әкесінің аты ауыстыру туралы куәлік/анықтама;
- неке қию/бұзу туралы куәлік.
|
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі
Салық Кодексінің 160 б. 1 т. 3 тт. сәйкес БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдері ЖТС төлеу көзінен салық салынатын табысқа жатады.
Салық Кодексінің 158 бабының 1 т. сәйкес, ЖТС мөлшері алушының зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табысынан 10 (он) пайыз құрайды.
Мыналарды қоспағанда, БЖЗҚ төлемдері түріндегі салық салынатын табыс салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде белгіленеді:
- Салық Кодексінің 156 бабында көзделген түзетулерді:
Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағының 13), 13-2) тармақшаларына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданылатын ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшері шегіндегі табысын түзетуге құқығы бар тұлғаларға:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдар;
- 2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар;
- 3) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
- 4) I, II, III топтардағы мүгедектер;
- 5) мүгедек бала;
- 6) «мүгедек бала» деген санаттағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін - мұндай адамның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы;
- 7) «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына - мұндай адамның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы;
- 8) асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының біреуі жатады
Салық Кодексінің 156 бабының 1 тармағының 132) тармақшасының ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынасында болуына байланысты қолданылмайды.
Егер Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдерін алушы жоғарыда аталған адамдар санаттарының біреуіне жататын болса, БЖЗҚ-қа:
- жоғарыда көрсетілген шектерде осындай түзетудің мөлшерін көрсете отырып, салық салынуға жататын табыстарға түзетулерді қолдануға өтінішті ;
- оларда түзетулерді қолдану үшін негіздерінің туындауы түзетулерді қолдану үшін негіздері туындаған немесе тоқтатылған салық кезеңдері кіретін күнтізбелік жылға сәйкес келетін растаушы құжаттардың көшірмелері және шолу үшін олардың тұпнұсқалары. Мұндайда, егер табыс салығы бойынша жеңілдікті растайтын құжаттар почта байланысы немесе сенім білдірілген адам арқылы БЖЗҚ-ға жіберілген болса, онда олар нотариалды куәландырылады.
- Салық Кодексінің 170 бабының 2 тармағында көзделген мөлшердегі салық салық шегерімдерін:
Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан салық шегерімдеріне құқылы адамдарға, шегерім мынадай түрде жүргізіледі:
- Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдерін алушыларға, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы жинақтарынан зейнетақы шегерімі төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшінреспубликалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есебіне жазу күні қолданыста болатын ең төменгі бір жалақы мөлшерінде
- зейнетақы төлемдерін алушылар – зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалар – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есебіне жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақының он екі еселенген мөлшерiнде айқындалады.
Зейнетақы төлемдеріне салық салу схемасы
Төлем түрлері
|
Резидент
|
Бейрезидент
|
ЖТС мөлшерлемесі
|
Салық шегерімдері (жылдық көрсеткіш)*
|
Табыстарды түзету (годовой показатель)**
|
Салық шегерімдері*
|
Табыстарды түзету **
|
Жасы бойынша төлемдер
|
12ЖЕМ
|
75 ЖЕМ
|
-
|
-
|
10%
|
Жерлеуге арналған төлемдер
|
-
|
8 ЖЕМ
|
-
|
-
|
10%
|
Мүгедектік бойынша төлемдер
|
12ЖЕМ
|
75 ЖЕМ
|
-
|
-
|
10%
|
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуі бойынша төлемдер
|
-
|
-
|
-
|
-
|
10%
|
Зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін адамдарға бойынша төлемдер
|
12 ЖЕМ
|
-
|
-
|
-
|
10%
|
Мұрагерлерге төлемдер
|
-
|
75 ЖЕМ
|
-
|
-
|
10%
|
Еңбек сіңірген жылдар бойынша төлемдер
|
12 ЖЕМ
|
75 ЖЕМ
|
-
|
-
|
10%
|
ЖЕМ – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жыл сайын бекітілетін Жалақының ең төмен мөлшері
* Салық Кодексінің 170 бабының 2 т. 2) тт. сәйкес ең төменгi жалақының он екі еселенген мөлшерiнде жылдық салық шегерімі беріледі.
** Салық Кодексінің 156 б. 1 т. 13) тт., 13-2) тт. сәйкес, ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерінде табысты түзету қолданылады; жеңілдік болған жағдайда 75 ЖЕМ мөлшерінде табысты түзету, сондай-ақ, келтірілген схемаға сәйкес 12 ЖЕМ мөлшерінде салық шегерімі қолданылады.
БЖЗҚ сайтында www.enpf.kz мекенжайы бойынша оларды БЖЗҚ-қа ұсыну әдісіне, рәсімдеуге қойылатын талаптарға байланысты қажетті құжаттардың тізбелері, сондай-ақ өтініштердің бланкілері және төлем валютасына байланысты оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері, мемлекеттік органдардың түсіндірмелері орналастырылғаны туралы қосымша хабарлаймыз.