Айдар парағына өту

Шақыру комиссиялары Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 06.04.2020

Шақыру комиссиялары

Әскерге шақыру комиссиялары "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының 16-бабында айқындалған құрамда, жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша әскерге шақыруды өткізу кезеңiне құрылады. Олардың құрамына сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіре алады. Шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуы тиіс.

Азаматтарды әскери қызметке шақыру кестесін жергілікті атқарушы орган бекітеді.  

Облыстық (республикалық маңызыбар қаланың және астананың) шақыру комиссиясы:

  • аудандық (республикалық маңызы бар қалалардың) шақыру комиссияларының қызметін басқару мен бақылауды жүзеге асырады;
  • азаматтарға әскери қызметке шақырудан босату мен кейінге шегеруді ұсынудың дұрыстығын тексереді азаматтарға әскери қызметке шақырудан босату мен кейінге шегеруді ұсынудың дұрыстығын тексереді;
  • аудандық (республикалық маңызы бар қалалардың) шақыру комиссияларының шешіміне қатысты шағымдар мен өтініштерді қарастырады;
  • аудандық (республикалық маңызы бар қалалардың) шақыру комиссиялары шешімдерінің күшін жояды.

Азаматтардың әскери қызметке жарамдылығын  айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалалар мен аудандарда тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдардың шешімімен медициналық комиссиялар құрылады, олар:

  • әскерге шақыру жасына дейінгілерді;
  • әскерге шақырушыларды;
  • әскери жиындарға шақырылатын әскери міндеттілерді;
  • келісімшарт бойынша әскери қызметке, әскери оқу орындарына, әскери кафедраларға, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына түсетін азаматтарды  медициналық куәландырудан өткізеді. 

Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясы әскери оқу орнына (әскери факультетке) түсетін азаматқа қатысты конкурстық оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін оны жіберу туралы немесе жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.  

Дәрігерлік куәландыру нәтижелері бойынша аудандық (республикалық мәнге ие қаланың) шақыру комиссиясы әскер қатарына шақырылушыға қатысты төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:

  • әскери қызметке шақыруға жатады;
  • әскери қызметке шақыруды кейінге шегеруді ұсыну;
  • әскери қызметке шақырудан босату;
  • әскери міндеттерін атқарудан босату.

Әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бір күн ішінде әскери қызметке шақырылуға жатқызылатын азаматқа хабарланады, шешім көшiрмесi оның қалауы бойынша қолына берiледi..

Азамат шақыру комиссиясының шешіміне сот тәртібімен немесе облыстық (республикалық мәнге ие қаланың және астананың) шақыру комиссияларына шағым түсіруге құқылы. Облыстық (республикалық мәнге ие қаланың және астананың) шақыру комиссиясына алдын ала өтініш білдіру сотқа жүгінудің міндетті шарты болып саналмайды суд.

Өтініштер облыстық (республикалық мәнге ие қаланың және астананың) шақыру комиссиясында және сотта бір мезгілде қаралатын болса, облыстық (республикалық мәнге ие қаланың және астананың) шақыру комиссиясы сот шешімі күшіне енгенше өтініштің қаралуын тоқтата тұрады.  

Заңды күшіне енген соттың шешімін тиiстi әскерге шақыру комиссияларының орындауы міндеттi.

Уәкілетті органдардың басшылары денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз адамдарға қатысты әскерге шақыру туралы әскерге шақыру комиссиясы шешімінің күшін жояды және олар әскери ант қабылдағанға дейін оның орнын басқа адаммен ауыстыра отырып, әскерге шақыру комиссиясына қайтарады

Медициналық комиссиялар

  •  Әскерге шақырылушыларды және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін, әскери оқу орындарына (әскери факультеттерге) түсетiн азаматтарды медициналық куәландырудан өткiзу үшiн әскерге шақыру комиссияларының құрамында медициналық комиссиялар құрылады. 
  • Медициналық комиссиялар әскерге шақырылушыларды және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін, әскери оқу орындарына түсетiн азаматтарды медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша олардың әскери қызметке жарамдылығы дәрежесі туралы қорытынды бередi.
  • Медициналық куәландыру тәртібі мен медициналық комиссиялар құрамы Әскери-дәрігерлік сараптама ережелерімен белгіленеді.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.