Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасының визасын алу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 28.05.2020

Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағына келу үшін, егер ҚР халықаралық шартында өзгеше тәртіп белгіленбесе, виза қажет.

ҚР визасы паспортқа немесе ҚР танылатын басқа да жеке басын куәландыратын және жол жүру үшін жарамды құжатқа жапсырылады және ҚР-ға кіруге және онда болуға, сондай-ақ одан шығуға немесе ҚР аумағынан транзитпен өтуге құқық береді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және ҚР Ішкі істер министрлігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу, шақыруларды келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, визаны алу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген шақырудың болуы талап етіледі.

ҚР-ның жеке және заңды тұлғаларынан шақыруларды ҚР-ның Ішкі істер министрлігі ресімдейді.

ҚР-нда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің және халықаралық ұйымдардың шақырулары ҚР-ның Сыртқы істер министрлігінде ресімделеді.

Ережеге сәйкес шақыру виза алушының Қазақстан Республикасына келуінің болжанған күніне дейін кемінде 90 күнтізбелік күн бұрын және 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Жеке істер бойынша келуге шақыру визаларды алушының Қазақстан Республикасына келуінің болжамды күніне дейін кемінде 1 жыл бұрын және 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Шақыруды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайды.

Шақырушы тарап шақыруды ресімдеу үшін ҚР СІМ-ге Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кестені қоса бере отырып, вербалды нотаны ұсынады.

Шақырушы тарап шақыруды ресімдеу үшін өзінің тіркелген жері бойынша ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне ұсынады:

  1. Жеке істері бойынша ҚР-на келуге шақыруды ресімдеу үшін:
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
  • мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  1. Заңды тұлғаның не дара кәсіпкердің шақыруын ресімдеу үшін:
  • нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
  • мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  1. Шақыруды ресімдеу үшін ағымдағы жылы алғаш рет өтініш білдірген заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер:
  • заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттар;
  • қолданыстағы АХҚО құқығына сәйкес заңды тұлғаның тіркелгенін/аккредиттеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі;
  • қатысушының "Астана хабқа" тіркелуі туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі";
  • өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының хабарламаны беру үшін мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатты (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) және басқа да қажетті мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

ҚР ІІМ визасының санатына байланысты қосымша құжаттар сұралуы мүмкін.

Бұрын виза алушылардың шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтауын қамтамасыз етпеген көшіп келушілерді ҚР-на шақыру туралы шақырушы тараптың өтініштері қаралмайды

Визаларды беру үшін мынадай құжаттар мен мәліметтер ұсынылады:

  1. Өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе ақ-қара фотосуреті бар виза алуға визалық сауалнама;
  2. ҚР шет елдердегі мекемесіне визаны ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген шақыру нөмірі, күні (шақыру нөмірі мен берілген күні виза алушыға шақырушы тарапқа хабарлайды) немесе Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санатын алушының өтініші;
  3. Қазақстан Республикасы осы ретінде танылатын және ҚР-ның Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік, шетелдік паспорты не жеке басын куәландыратын өзге де құжат (бұдан әрі – паспорт);
  4. Консулдық алымның немесе мемлекеттік баждың төленгенін растайтын төлем құжаттарының түпнұсқасы.
  5. 1-қосымшаға сәйкес виза алу үшін қажетті қосымша құжаттар.

Визаны алушы ұсынатын Паспорт мынадай өлшемдерді қанағаттандыруы тиіс:

  • оның иесіне оның түпнұсқалығына және тиесілігіне күмән тудырмауы, белгілері, ескертпелері, жазбалары, өшірулері мен түзетулері, жыртылған немесе тігілген беттерді қамтуы тиіс;
  • Қазақстан Республикасының аумағынан шығу үшін виза алушыларды қоспағанда, визаларға арналған кемінде 2 таза беті болуы тиіс;
  • Қазақстан Республикасының аумағынан шығу үшін виза алушыларды қоспағанда, паспорттың қолданылу мерзімі сұрау салынған визаның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 айдан ерте бітуі тиіс;
  • қолданылу мерзімін ұзарту туралы белгі болмауы тиіс.

Визаларды ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайды.

Консулдық алымдардың төленген сомасы қайтаруға жатпайды.

5 жұмыс күні өткеннен кейін ҚР шет елдердегі консулдық мекемесінде шетелдікке ҚР визасы беріледі. ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда шетелдікке ҚР визасын беруден бас тартылуы мүмкін.

Бұрынғы отандастарға (ҚР-мен байланысын растайтын құжаттары, оның ішінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған жері туралы бағанда ұлттық паспортта, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының немесе Қазақстан Республикасының туу туралы немесе неке қию туралы куәлікте тиісті белгісі бар, сондай-ақ ҚР-ның азаматтығынан шығу немесе ҚР-ның азаматтығынан айыру туралы анықтама) өтініш негізінде 90 күнге дейінгі мерзімге шақырусыз бір мәртелік жеке виза беріледі.

Шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға (жерлеу немесе туысы/жақындары ауырған жағдайда, отбасы мүшелеріне немесе ҚР азаматтарының ата-аналарына, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне, этникалық қазақтардың отбасы мүшелеріне) өтініш негізінде шақырусыз 90 күнге дейінгі мерзімге бір мәртелік жеке виза беріледі.

Экономикалық дамыған, саяси және көші-қон-тұрақты мемлекеттер (Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген 48 ел) тізіміндегі азаматтар Қағидаларда ябелгіленген мерзімге ҚР-ның бір реттік қызметтік, іскерлік, жеке және туристік визаларын ресімдеу кезінде шақырудың болу қажеттілігінен босатылады.

Қағидамен сондай-ақ этникалық қазақтар (қазақ диаспорасы) үшін 3 жылға дейінгі мерзімге ҚР визаларын беру қарастырылған.

Электронды визалар

2019 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасында шетелдіктер үшін бір мәртелік визаны электрондық форматта ресімдеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Электрондық виза (іскерлік, туристік және емделуге) Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген Қазақстан тарапының қолданыстағы шақыруы негізінде ресімделеді.

Шетелдіктер жарамды электрондық визаны пайдалана отырып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларының өткізу пункттері арқылы ғана Қазақстан Республикасының аумағына/аумағынан келе алады/кете алады.

Туристік электрондық визалар 105 мемлекеттің азаматтарына, іскерлік және емделуге 18 мемлекеттің азаматтарына ресімделеді (елдер тізімі қоса беріледі).

Электрондық виза тек виза алушы үшін қолданылады және еріп жүретін адамдарға қолданылмайды.

Электрондық визаны рәсімдеудің қадамдық алгоритмі

- электрондық виза алу үшін визалық-көші-қон порталының сайтында тіркелу қажет (www.vmp.gov.kz);

- тіркеуден кейін электрондық виза алу талаптарымен танысу;

- шақыру нөмірін енгізу (шақыру нөмірін шақырушы тарап Қазақстан Республикасында жібереді) және визалық сауалнаманы толтыру;

- консулдық алым төлеу;

- электрондық визаны басып шығару (виза жеке кабинетте қалыптастырылады және сауалнаманы толтыру кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі);

- Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында паспорттық бақылаудан өткен кезде басып шығарылған электрондық визаны көрсету.

ҚР-ға кіру үшін бір реттік туристік визаларды азаматтарына ресімдеуі мүмкін елдердің тізімі

ҚР емделуге электрондық және іскерлік визаны азаматтарына ресімдеуге мүмкіндігі бар елдердің тізімі

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.