Айдар парағына өту

Қазақстанда биологиялық белсенді қоспаларды тіркеу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 06.04.2020

Биологиялық белсенді қоспалар, олардың зияны және пайдасы туралы әр түрлі пікірлер бар. ББҚ қолдану немесе қолданбау - әркімнің таңдауы. Ең бастысы ББҚ-ны сатып алар алдында: оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінде тіркелгенін тексеріңіз.  

Қазақстанда ББҚ-ның тіркелуін қалай білуге болады?

ББҚ деген не?

Биологиялық белсенді қоспалар – биологиялық белсенді қоспалар - тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйін жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бірдей биологиялық активті заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерін қамтитын өнімдерге қоспалар. Яғни ББҚ-лар дәрілік зат болып табылмайды.

Егер сіз күнделікті рационда биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға бел  бусаңыз, осы ББҚ Қазақстандағы мемлекеттік тіркелуін тексеруді ұмытпаңыз. Кез келген өнім сияқты ББҚ міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Біздің республикада ББҚ мемлекеттік тіркеуді/қайта тіркеуді  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті жүзеге асырады. Сізді қызықтыратын ББҚ тіркелуін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтында, сонымен қатар бірыңғай тізілімнің «ҚР өнімдерін (тауарларын) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімі» атты бөлімінен табуға болады.

ББҚ және басқа өнім түрлерін қалай тіркеуге болады?

ББҚ тіркеу үшін келесі қажет:  

- балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін (бұдан әрі – Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік):

қызметті берушіге:  

  1. Өтініш;

а) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:

  1. Дайындаушы (өндіруші) куәландырған өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептура көшірмелері;
  2. Дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
  3. Өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
  4. Өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;
  5. Ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісі;
  6. Өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;
  7. Парфюмерлік-косметикалық өнімде наноматериалдар пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер шамасы, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алып наноматериалдар туралы мәліметтерді ұсыну қажет.

б)  ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін:

  1. Дайындаушы (өндіруші) куәландырған өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) көшірмелері.
  2. Өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
  3. Дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
  4. Өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;
  5. Өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында оның еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтері;
  6. Өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының, ғылыми есептің, сараптау қорытындысының көшірмесі;
  7. Бақылаудағы өнім үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың көшірмесі;
  8. Парфюмерлік-косметикалық өнімде наноматериалдар пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер шамасы, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алып наноматериалдар туралы мәліметтерді ұсыну қажет.

ББҚ-ларға тіркеу үшін қойылатын талаптар: 

Заттаңба, тұтынушы үшін қажетті ақпараты бар нұсқаудың бар болуы тіркеуге жататын ББҚ-ларға қажетті жағдайлар болып табылады:

  • өнімнің атауы, шығару нысаны;
  • дайындаушының тауарлық белгісі (бар болған жағдайда);
  • олардың құрамына кіретін компоненттердің, тағамдық құндылықтардың (энергетикалық құндылығы, физиологиялық тәуліктік қажеттілікке шаққандағы процентті көрсете отырып, белоктардың, майлардың, көміртегілердің, витаминдер мен микроэлементтердің болуы, амин қышқылдарының құрамы, биологиялық активті заттардың болуы) нақты мөлшерін (грамм, миллиграмм, миллилитр, проценттік арасалмағы) көрсете отырып, ингредиенттік құрамы туралы мәліметтер;
  • тамаққа биологиялық активті қоспалардың қасиеттері туралы мәліметтер, қолдану жөніндегі ұсынымдар; 
  • талаптарына тамаққа биологиялық активті қоспалар сәйкес келуге тиіс нормативтік құжаттың атауы;
  • шығарушының, бөлшектеп салушының және ораушының (егер шығарушы ораушы да, бөлшектеп салушы да болса) атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері (заңды мекенжайы); 
  • оралған бірліктердің (салмағы немесе көлемі) номиналдық саны, дозаларының мөлшері мен олардың номиналдық саны (салмағының немесе көлемінің); 
  • партиясының нөмірі, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары;
  • тамаққа биологиялық активті қоспаның дәрі еместігін көрсету;
  • нөмірі мен күнін көрсете отырып, тамаққа қойылатын биологиялық активті қоспаны мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат;
  • аурулардың жекелеген түрлерінде қолдану үшін қарсы айғақтары туралы мәліметтер.

Тамаққа биологиялық активті қоспаларды мынадай жағдайларда өткізуге болмайды:

  • мемлекеттік тіркеуден өтпегенде;
  • жарамдылық мерзімі өтіп кеткенде;
  • тиесілі өткізу жағдайлары болмағанда;
  • заттаңбасыз, сондай-ақ заттаңбасындағы ақпарат мемлекеттік тіркеу кезінде келісілгенге сәйкес келмегенде.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілетін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік құжатының болуы биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігін растау болып табылады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.