Айдар парағына өту

ҚР ҰҚК қызметке қалай тұруға болады? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.04.2020

pi-knb.jpgҰлттық қауіпсіздік органдарына қызметке қабылдау тартібі

Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша қабылдау «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 7, 8, 9, 10-баптарымен регламенттелген.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша он сегіз жасқа толған әрекетке қабілетті адамдар қабылданады. Кандидаттың білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене дайындығы және денсаулығы ҰҚО белгілеген талаптарға сәйкес болуы тиіс.    

ҰҚК жедел бөлімшелеріне жасы 23-тен кіші емес азаматтар қабылданады.  

Қызметте болудың шекті жасы 47 жасты (майор атағын қоса алғанда) және 55 жасты (полковниктер үшін) құрайды. Сондай-ақ 25 және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар ҰҚК қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, оның кемiнде 12,5 жылын ұлттық қауіпсіздік органдарындағы үзіліссiз қызмет құрауы тиіс.

Қызметке қабылдау кезінде азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық тексеруден, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді.    

Қызметке қабылдау конкурстық негізде екі кезеңде жүзеге асырылады:

  1. Кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеу.
  2. Алдын ала іріктеуден өткендер үшін конкурс өткізу.

Бірінші кезең. ҰҚО-ға әкімшілік-шаруашылық қызметке қабылданғысы келетін азаматтар тұрғылықты немесе жұмыс орындары орналасқан жерлері бойынша ҰҚК аумақтық органдарына өтініш береді. Қызметке қабылданатын кандидатқа мынадай талаптар қойылады:

  1. офицерлік құрам лауазымына:

жоғары білімі бар адамдар;

кандидаттың алған жоғары білімі бойынша орташа балы оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 2,67 (В-) (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан кем емес)  кем болмауы тиіс.

Кандидатта сирек кездесетін мамандығы (оның ішінде техникалық және медициналық бейін), мамандандырылған білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында жедел-қызметтік іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша практикалық қызметтің белгілі бір тәжірибесі болған кезде, сондай-ақ ғылыми дәрежесі, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, оқытушылық қызмет тәжірибесі немесе спорттық жетістіктері болған кезде алған жоғары білімі бойынша орташа балын оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 1,0 (D-)-ға дейін (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан кем емес) төмендетуге жол беріледі.

2) сержанттар құрамының лауазымына:

болжанып отырған қызметтік іс-қимылдың бейіні бойынша ұқсас ортадан кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар;

қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімді әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер;

қатардағы жауынгерлер (матростар), запастағы сержанттар (старшиналар).    

Қызметке :

Іріктеу кезінде кандидат:

 

Екінші кезең – конкурс.

Қабылданатын лауазымға қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда аумақтық органның конкурстық комиссиясы кандидаттарды екінші кезеңге өткізу туралы шешім қабылдайды. 

Екінші кезең ҰҚК Орталық аппараты базасында өткізіледі.

Кандидаттар мынадай конкурстық рәсімдерден өтеді:

  • жазбаша-сөйлеу дағдыларын тексеру (жазбаша жұмысты орындау);
  • саясаттану бойынша білімдерін тексеру;
  • дене дайындығын тексеру (ерлер – 3000 м., 100 м. жүгіру, белтемірде тартылу; әйелдер – 1000 м., 100 м. жүгіру, кешенді-күштік жаттығу);
  • кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау;
  • медициналық куәландыру.
Конкурс өткізілетін жерге бару және кері қайту, тұрғын жай және басқа да шығындарды кандидат өз қаражатынан төлейді.  
Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия офицерлік лауазымға тағайындауға ұсыну немесе ұсынбау туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция бөлімшелеріне әскери қызметке қабылдау тәртібі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.  

 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.