Айдар парағына өту

Мораторийге кім кіреді және 3 жылға салық төлеуден кім босатылды Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 07.09.2021

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 жыл мерзімге кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий күшіне енді, сондай-ақ осы кезеңде салық төлеушілердің жекелеген санаттары салық төлеуден босатылады. Бұл материалда тексерулердің қандай түрлері мораторийге жатпайтыны, сонымен қатар төлемдерден кім босатылатыны және  қандай салық түрлері бойынша босатылатыны туралы айтып береміз.

Тексеруге мораторий жариялаған субъектілердің санаттары

Шағын және микрокәсіпкерлік санатына жататын субъектілер мораторий қолданысына түседі. Жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 15 адамнан аспайтын немесе орташа жылдық кірісі 30 мың еселік АЕК-тен аспайтын субъектілер  микрокәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері ЖК, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 100 адамнан аспайтын және орташа жылдық табысы 300 мың еселенген АЕК аспайтын заңды тұлғалар болып табылады.

Сонымен қатар, төмендегілерді жүзеге асыратын салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік  және  микрокәсіпкерлік субъектілері деп  танылмайды:

  1. есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет;
  2. акцизделетін өнімді өндіру және (немесе) көтерме сауда;
  3. астық қабылдау пункттерінде астықты сақтау жөніндегі қызмет;
  4. лотерея өткізу;
  5. ойын бизнесі саласындағы қызмет;
  6. радиоактивті материалдар айналымына байланысты қызмет;
  7. банк қызметі (немесе банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
  8. аудиторлық қызмет;
  9. бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;
  10. кредиттік бюролардың қызметі;
  11. күзет қызметін;
  12. азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет.

Тексеру қолданылмайтын мораторий

Мораторий қолданылмайды:

  1. Халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке жаппай қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған тексерулер; конституциялық құрылыс пен ұлттық қауіпсіздікке тура  немесе тікелей қатер төндіретін, сондай-ақ "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" ҚР Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін тексерулер.
  2. ҚР заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактілерінің туындау  себептерін анықтау үшін нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факті бойынша бір жоспардан тыс тексеру жүргізу жеткіліксіз болған және осы нақты фактіге  байланысты өзге де  субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілген жағдайларда, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тексерулер.
  3. Өз қызметіне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде, оның ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңына сәйкес рұқсат алуға арналған өтініш бойынша тексерулер мен профилактикалық бақылауды  барып жүргізу.
  4. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тексеру.
  5. ҚР Президентінің және ҚР Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарының тексеруі.
  6. Кедендік тексерулер.
  7. Қарсы салықтық тексерулер
  8. Салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау, салық органдарында тіркеу есебіне қою, салық органы шығарған касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді орындау мәселелері бойынша тақырыптық салықтық  тексерулер.
  9. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы  саласындағы өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатында профилактикалық қадағалауды  барып жүргізу.
  10. ҚР сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын тексерулер  және профилактикалық бақылау.
  11. Жер қойнауын пайдаланушыларды тексеру.

1) және 2) тармақшаларда көзделген тексерулер орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының шешімі негізінде жүргізіледі.

Салық төлеуден босатылатын субъектілер санаттары және салықтардың түрлері

Арнайы салық режимдерін (АСР) қолданатын микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері 2020 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде алынған табыстардан салық төлеуден босатылады. Микрокәсіпкерлік субъектілеріне жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 15 адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы 30 мың еселенген АЕК-тен аспайтын субъектілер жатады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері - жұмыскерлердің орташа жылдық саны 100 адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы 300 мың АЕК аспайтын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар.

АСР қолданатын субъектілерге келесі салық төлеушілер жатқызылады:

  • патент негізінде,
  • оңайлатылған декларациялар,
  • тіркелген шегерімді пайдаланумен,
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері,
  • шаруа немесе фермер қожалықтары.

Келесі сомалар 100 пайызға азайтылады:

  1. Салық кодексінің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының (төлем көзінен ұсталатыннан басқа) сомасы. 
  2. Салық кодексінің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салықтың сомасы. 
  3. Салық кодексінің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасы.

Босату көрсетілген 3 жылдық кезеңде туындайтын салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерге ғана қолданылады. Декларацияларды ұсынған  кезде төлеуге салық бағанында 0-ді көрсете отырып, алынған кірістер туралы деректерді көрсету қажет.

Салықтардан босату қолданылмайтын салық төлеушілер

Салықтардан босату мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылмайды:

  1. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет.
  2. Акцизделген өнімді өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу.
  3. Астық қабылдау пункттерінде астықты сақтау жөніндегі қызмет.
  4. Лотерея өткізу.
  5. Ойын бизнесі саласындағы қызмет.
  6. Радиоактивті материалдар айналымына байланысты қызмет.
  7. Банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа).
  8. Аудиторлық қызмет.
  9. Бағалы қағаздар нарығындағы  кәсіби қызмет.
  10. Кредиттік бюролардың қызметі.
  11. Күзет қызметін.
  12. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет.
  13. Жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет, оның ішінде ынталылар қызметі.
  14. Пайдалы қазбаларды сату, оның ішінде трейдерлердің қызметі, көмірді, мұнайды өткізу жөніндегі қызмет.
  15. Мұнай өнімдерінің бензин, дизель отыны мен мазуттың жекелеген түрлерін бөлшек саудада өткізу.
  16. Сыртқы экономикалық қызмет.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.