Тауарлық белгілер интеллектуалдық меншік ретінде: бұл не және оны қалай тіркеу керек Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 26.08.2021Пайдалы сілтемелер:
Сондай-ақ қараңыздар:
Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi.
Тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану - тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде олардың қаптамаларында орналастыру, тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды айналымға өзгеше енгiзу.