Шет елдердегі гранттық мүмкіндіктер бойынша пайдалы сілтемелер Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 19.02.2026Пайдалы сілтемелер:

Қазіргі заманда білім – тұлғалық және кәсіби дамудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Қазақстан жастары үшін шетелде білім алудың түрлі мүмкіндіктері — қысқа мерзімді тағылымдамалар мен академиялық ұтқырлық бағдарламаларынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша толыққанды оқуға дейін қолжетімді. Шетелде білім алу халықаралық тәжірибе жинақтауға, шет тілдерін жетілдіруге, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді. Көптеген бағдарламалар үкіметаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады және гранттық немесе стипендиялық негізде оқуды қарастырады.
Төменде шетелде білім алуға арналған гранттық мүмкіндіктер туралы пайдалы ресурстар мен ресми ақпарат көздері ұсынылған.
Шетелдегі гранттық мүмкіндіктер бойынша пайдалы сілтемелер
-
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты – https://www.gov.kz/memleket/entities/edu. Конкурстар бөлімінде үкіметаралық келісімдер аясында серіктес елдерде тегін білім алу туралы ақпарат жарияланады.
-
Bilim Media Group – https://bilim.kz. Орталық Азия тұрғындарына арналған гранттар мен білім беру мүмкіндіктері туралы ақпараттық ресурс.
-
GradStudyAbroad – https://gradstudyabroad.ru. Тағылымдамалар, конференциялар және халықаралық білім беру бастамалары бағдарламаларына сілтемелер жинақталған сайт.
-
Scholarship Positions – https://scholarship-positions.com. Әртүрлі елдердің халықаралық стипендиялық бағдарламаларының базасы.
-
Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі – https://www.kz.emb-japan.go.jp. Қазақстандық студенттерге арналған Жапония Үкіметінің (MEXT) бағдарламалары туралы ақпарат.
-
Campus France Kazakhstan – https://www.kazakhstan.campusfrance.org. «Абай–Верн» стипендиялық бағдарламасы және Францияда оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат.
Шетелде оқытудың мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жыл сайын Қазақстан азаматтарын шетелде оқытуға конкурстық іріктеу жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру Халықаралық бағдарламалар орталығының https://www.bolashak.gov.kz. ресми сайтында орналастырылады. Осы ресурс арқылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы іске асырылуда.
«Үміткерлер» бөлімінде мынадай:
- үміткерлерге қойылатын талаптар;
- қажетті құжаттар тізбесі;
- шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі;
- өтінім қабылдау мерзімдері;
- конкурстық іріктеу кезеңдері туралы ақпараттар орналастырылады.
Маңызды ақпарат
Құжаттарды тапсырар алдында мыналар:
- қатысу қағидаларымен мұқият танысу;
- өтінім қабылдаудың өзекті мерзімдерін тексеру;
- тіл білу деңгейіне және академиялық үлгерімге қойылатын талаптарды нақтылау;
- барлық құжаттарды алдын ала дайындау ұсынылады.
Шетелде білім алу – құжаттарды уақтылы тапсырып, тиісті дайындық жасаған жағдайда жүзеге асатын нақты мүмкіндік.



