Айдар парағына өту

Қазақстанда жылы талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ): не, қайда және қашан Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 24.06.2020

Кешенді тестілеу – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;

КТ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар үшін өткізіледі.

Кешенді тестілеу жүргізуге дайындық

Кешенді тестілеу ЖОО базасында жүргізіледі, онда арнайы мемлекеттік комиссиялар құрылады. Олар барлық ұйымдастырушылық-ақпараттық жұмысты жүргізеді. 

Кешенді тестілеудің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру үшін жоғары оқу орындарына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жіберіледі. 

Тестілеу жүргізілетін ғимараттарда емтихан күндері барлық дәрісханалар, кабинеттер және тестілеуге пайдаланылмайтын басқа бөлмелер, сондай-ақ талапкерлердің кіру және шығуына арналғаннан басқа кіреберіс есіктер жабылып, мөрленеді.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды қабылдау комиссиясы 3-25 шілде аралығында жүргізеді.

Кешенді тестілеу 8 – 16 тамыз аралығында жүргізіледі.

Талапкер құжатты жеке тапсырады. Бөгде адамдардан құжаттар қабылданбайды.

КТ-ға қатысу үшін түсуші желілік ЖОО-ның қабылдау комиссиясына және/немесе ақпараттық жүйе арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжат тапсыру кезінде);

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) 3x4 сантиметр өлшемді екі фотосурет;

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

6) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

Кешенді тестілеуді жүргізу тәртібі

Талапкерлер дәрісханаға бір-бірден кіргізіледі. Кезекші жеке басты куәландыратын құжат, рұқсаттама және рұқсаттама түбіртегі негізінде талапкер тұлғасын сәйкестендіреді.  Талапкер отырғызу парағындағы тиісті нөмір бойынша қатаң орын алады және отырғаннан кейін отырғызу парағына қол қояды, осы арқылы өз орнына отырғанын растайды. Талапкерлерді кіргізу емтихан басталуы жарияланғаннан бастап аяқталады.

Кешенді тестілеуді жүргізу кезіндегі тәртіп ережелері

Тестілеу кезінде қатаң тәртіпті сақтау керектігін атап өткен жөн.

Кешенді тестілеу жүргізуде мыналарға рұқсат етілмейді:

  • бір орыннан бір орынға отыруға;
  • емтихан материалдарымен алмасуға;
  • көшіруге;
  • дәрісханаға кіргізуге және оқулықтарды, басқа әдістемелік әдебиетті, ұялы мобилді байланысты пайдалануға.

Ережелер бұзылған жағдайда уәкілетті органның өкілі тыйым салынған заттарды анықтау және үміткерді жою актісін құрастырады және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.

Кешенді тестілеуге берілген уақытта өңдеу үшін емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда уәкілетті органның өкілі акт құрастырады. Бұнда талапкердің емтихан материалының нәтижелері өңделмейді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.