Айдар парағына өту

Назарбаев университетіне оқуға қалай түсуге болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 16.06.2026

Nazarbayev University (NU) – бұл Қазақстан Республикасының астанасы, Еуразия жүрегінде, Астана қаласында орналасқан халықаралық ағылшын тілді зерттеу университеті.

2026 жылғы Times Higher Education Rankings (THE WUR) әлемдік рейтингінің нәтижелері бойынша Nazarbayev University (NU) халықаралық зерттеу университеттерінің үздік 23%-ның қатарына енді. THE WUR – университеттердің сапасын бағалайтын беделді рейтинг.

Екі жылдың ішінде НУ 401–500 аралығына көтеріліп, Орталық Азиядағы жетекші университет мәртебесін, сондай-ақ ТМД елдеріндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі ретіндегі орнын тағы бір мәрте растады.

NU-ға оқуға түсу туралы ақпарат:

NU-да білім беретін 7 Мектеп және 1 Дайындық мектебі бар:

Университетте оқу мынадай бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады:

  • Университет аллдындағы дайындық бағдарламасы - Foundation

NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) немесе Университет алдындағы дайындық бағдарлама – NU Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. Оқу бакалавриат бағдарламаларына жеделдетілген академиялықжәне тілдік дайындықты қамтамасыз етеді. Оқу гранттар шеңберінде немесе ақылы негізде қарастырылған. Университет алдындағы дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде студенттер NU-дың бакалавриат бағдарламаларына білім алуға қабылдана алады.

  • Бакалавриат

Бакалавриат жоғары білімнің алғашқы сатысы. Стандартты оқу 4 жылға созылады. NU бакалавриат бағдарламалары академиялық және ғылыми принциптерді терең түсінуге мүмкіндік береді. Заманауи жабдықтар, оқытудың инновациялық әдістері мен NU-дың тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы әлемдік деңгейдегі жоғары білімді қамтамасыз етеді.

  •  Магистратура

Магистратура жоғары білімнің екінші кезеңі. Магистратура бағдарламасының шеңберінде студенттер терең білім мен бірігей зерттеу дағдыларын нығайтып, өз біліктілігін арттырады. Оқыту таңдалған мамандыққа қарай 16 айдан 2 жылға дейін созылады.

  • Докторантура

Бұл университеттер беретін ең беделді дәреже және белгілі бір саланы терең талдауға мүмкіндік беретін жоғары деңгейдегі зерттеу дағдылары мен ынта-жігерді қажет етеді. Докторантура бағдарламалары студенттерге ғылым докторы дәрежесін алу үшін диссертация жазуға және қорғауға мүмкіндік береді. Стандартты оқу 4 жылға созылады.

  • Резидентура

Резидентура – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім алу нысаны. Резидентура бағдарламалары жоғары білікті медициналық мамандарды таңдаған мамандығы бойынша дайындайды. Оқыту ұзақтығы таңдалған салаға қарай 3-5 жылдан тұрады.

  • Біліктілік арттыру бағдарламасы

Білім беру мен ғылыми зерттеулерге қоса, біз жоғары буын басшыларына арналған курстарды ұсынамыз. Осы курстар жұмыс істейтін мамандарға мансабы бойынша жоғарылауға көмектесетін нарықпен жұмыс істеу дағдыларын береді.

Өтінім берудің жалпы процесі келесі қадамдардан тұрады:

  • Жеке кабинет құру үшін аdmissions.nu.edu.kz порталында тіркелу;
  • Өтінім беру нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу;
  • Өтінім беру және тіркелу жарнасын төлеу;
  • IELTS/TOEFL қоса алғанда тест нәтижелерін ұсыну.

Келесі қадамдар белгілі бір бағдарламаның шарттарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сізді қызықтыратын бағдарламаны таңдауға және қабылдау туралы мәліметтерді көруге болатын сілтемеде қабылдау талаптары, онлайн өтінім беру процесі, мерзімдері мен конкурстың басқа шарттары қол жетімді. Рәсімдердің өзгеру мүмкіндігіне байланысты талапкерлер соңғы ақпаратты Университет веб-сайтында Қабылдау бөлімінен қадағалауы керек.

Өтінім беру статусы және конкурс нәтижелері талапкердің Жеке кабинетінде көрсетіледі. Оқуға шақыру келген жағдайда талапкер тиісті мерзімде онда көрсетілген талаптарды орындауы керек.

Оқуға түсу туралы байланыс деректері:

Тел.: + 7 (7172) 64 25 84
Мекенжай: Қабанбай батыр даңғылы 53, офис 1111
Астана қ., Қазақстан Республикасы
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.