Айдар парағына өту

Мүгедектікті белгілеу. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.04.2020

Осы мақалада біз сізге мүгедектікті белгілеу тәртібі туралы туралы ақпарат береміз.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес мүгедек – бұл тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.

Мүгедектікті, оның себептері мен мерзімдерін, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу тәртібі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен регламенттелген.

Неден бастау керек?

Алдымен сізге тұрғылықты/тіркелген жеріңіз бойынша медициналық ұйымға өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге не денсаулық сақтау ұйымының бейінді маманына  бару керек, ол қажетті диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлемін, оның ішінде көрсеткіштер бойынша стационарлық тексеру мен емдеу көлемін анықтайды, диагнозды және функционалдық бұзылулар дәрежесін белгілейді.

Диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары кешенін жүргізгеннен кейін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болған кезде, медициналық ұйымдар, анатомиялық ақаулары бар адамдарды және организм функцияларының елеулі немесе айқын білінетін бұзылулары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған сәттен бастап төрт айдан ерте емес адамдарды МӘС-ке жібереді.

Бұл ретте, медициналық тексерудің толықтығы, көлемі және адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберудің негізділігін жіберген медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (ДКК) төрағасы қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (МӘС бөлімдері) МӘС жүргізіеді.

МСЭ бөлімінің мамандары куәландырылатын адамды қарау, оның организм функцияларының бұзылу дәрежесін және тіршілік-тынысының шектелуін, оның ішінде еңбек ету қабілетін бағалау және ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіби және басқа да деректер) қарау негізінде алқалы түрде  сараптамалық қорытынды шығарады.

МӘС тұрақты тұратын (тіркелген) жері бойынша жүргізіледі, бірақ бірқатар жағдайларда ДКК қорытындысы бойынша үйде, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында немесе сырттай емдеуде тұрған жері бойынша жүргізіледі.

Қандай құжаттарды ұсыну қажет

Мүгедектікті белгілеу критерийлері

Мүгедектік мерзімі

 

Сараптамалық қорытындыға шағым жасау

Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысына МӘС әдіснама және бақылау бөліміне оны алған күннен бастап бір ай ішінде не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.