Айдар парағына өту

Қазақстанда жүргізуші куәлігін қалпына келтіру Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 06.04.2020

Әр жүргізуші оларды жоғалту, қолданылу мерзімінің аяқталуы немесе жүргізуші тегінің ауысу себебі бойынша қалпына келтіру қажеттілігімен бетпе-бет келуі мүмкін. Айтылған әр жағдайды шешу үшін әр сипатталған жағдайдың бірін шешу үшін маңызды ерекшеліктер тобы бар. Қалпына келтіру немесе ауыстыру тәртібімен танысыңыз, ол сізге жүргізуші куәлігін тез арада алуға көмектеседі.

Жүргізуші куәлігін жоғалту немесе ұрлауы бойынша қалпына келтіру

Жүргізу құқығын қалпына келтіру үшін сізге келесі құжаттар пакетімен ішкі істер органдарының жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшелеріне, арнайы ХҚКО немесе ТЕУ қызметкерлері орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  барып келесі құжаттарды ұсыну керек:

  • жүргізуші куәлігін беру бланкісіндегі толтырылған өтініш (Арнайы ХҚКО-да қажет емес);
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • 083/у нысанды медициналық анықтама және оның көшірмесі, (тек жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайында ұсынылады);
  • курстарды аяқтағаны туралы куәлік және оның көшірмесі немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы алынған құжат (өз бетінше дайындалуды қоспағанда).
  • мемлекеттік баж алымды төлеуді растайтын құжат (1,25 АЕК) (онлайн төлеу).

Жүргізуші куәлігін жоғалтқан жағдайда берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды уақытша жүргізуші куәлігі беріледі. Көрсетілген мерзім аяқталған соң жүргізуші куәлігі үшін емтихан тапсырмай жаңа жүргізуші куәлігі беріледі, оған "Жоғалғанның орнына" деген белгі жасалады.

Тұрғылықты жерін ауыстыратын немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ мерзімді iссапарға (үш айдан астам) кететiн адамға, растайтын құжаттар негізінде, жүргізуші куәлігі жоғалтқанның орнына бір ай мерзімінің аяқталуына дейін беріледі.

Олардың орнына иелеріне басқа жүргізуші куәлігі берілген табылған жүргізуші куәліктері жаңа жүргізуші куәлігі берілген сәттен бастап өзінің заңдық күшін жоғалтады және белгілеген тәртіппен жою үшін міндетті түрде ТЕБ-ке тапсыруға жатады.

Жүргізуші куәлігін ауыстыру

Жүргізуші куәлігін алмастыру келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

  1. Тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) өзгерту.
  2. Пайдалану үшін жарамсыздығы.
  3. Қолданылу мерзімі өткен кезде.
  4. Иесінің қалауы бойынша.
 

Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін төмендегідей құжаттар пакетімен ішкі істер органдарының жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшелеріне, арнайы ХҚКО немесе ТЕУ қызметкерлері орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  барып келесі құжаттарды ұсыну керек:

  • жүргізуші куәлігін беру бланкісіндегі толтырылған өтініш (Арнайы ХҚКО-да қажет емес);
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • 083/у нысанды медициналық анықтама және оның көшірмесі, (тек жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайында ұсынылады);
  • мемлекеттік баж алымды төлеуді растайтын құжат (1,25 АЕК) (онлайн төлеу);

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгінген жағдайда шетел мемлекеті берген ЖК мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

ТЕБ қызметкері барлық құжаттарды тексергеннен кейін сізге жүргізуші куәлігін алуға жолдама берілетін болады. Осы жолдамамен және барлық бар құжаттармен фотокабинетке өту, фотосуретке түсу және жаңа жүргізуші куәлігін алуды күту қажет. Жүргізуші куәлігін алудың барлық рәсімі бір сағаттан артық уақытты алмайды.

 

  Дереккөз: ІІМ ӘПК

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.