Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге фотосуретті қоса тіркеу (фотосуретке талаптар) және қолдың үлгісі (қолдың скан суреттеріне талаптар). Қызмет көрсету кезінде мемлекеттік баж төлеу кезінде мамандандырылған «Халыққа қызмет көрсету орталығы» орналасқан жері бойынша салық басқармасының органын таңдау қажет.
- Қалыптасқан электрондық өтінішпен жеке кабинетте танысу («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде), көрсетілген ТЕБ немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ көрсету қажет. «Қызметтерді төлеу тарихы» - жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж алымды төлеу туралы электрондық чекпен танысу, оны басып шығару қажет.
-
ҚР ІІМ қызметкерлерінің тұлғасын сәйкестендіру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ немесе ТЕБ-ке электрондық өтініште жазылған адрес арқылы бару. Өзімен бірге төмендегілер болуы қажет:
-
жеке басты куәландыратын құжат;
-
алмастыру үшін жүргізуші куәлік.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
ЖЖЕ бойынша сынақ теориялық емтиханын осы сілтеме арқылы тапсыруға болады
Ескерту: Жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы алуға жүргізуші куәлігін, әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты, тегін, атын және әкесінің атын ауыстырған жағдайда, жоғалған немесе ұрланған жағдайда болады.
Көрсетілетін қызметті алушы сонымен қатар «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша СпецЦОН-да теориялық және практикалық емтиханға кезекті – Жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру үшін электрондық кезекті алдын ала брондау қызметі арқылы тапсырыс бере алады.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Жеке басты куәландыратын құжат, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды нысанда
- Медициналық анықтама (егер жүргізуші куәлігі оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алмастыру жүзеге асырылса, ұсынылмайды).
- Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
- Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі немесе "Автомектеп" ААЖ арқылы курстарды аяқтағаны туралы куәлік.
Мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған бөлімдері арқылы:
Құжаттарды қабылдау: 09-00-ден бастап 17-00-ге дейін түскі үзіліссіз.
Нәтижелерін беру: 09-00-ден 18-00-ге дейін.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жүргізуші куәлігі.