Кадастрлық паспортының (тех паспорт) телнұсқасы
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
- Жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен және ескертумен көрсетілген уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне «Телнұсқа» электрондық белгісі бар жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жіберіледі



