Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару
Қызметті онлайн режимінде қалай алуға болады?
- Порталда авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет). Тұрғын үйдің ортақ иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі болмаса).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Портал арқылы азаматтарды тұрақты және уақытша тіркеуден алып тастау тұрғын үй иесінің өтініші бойынша ғана жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі жүгінгенде (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілдіктері көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адамы үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары):
- адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжай, саяжай құрылысы, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша тіркеуден шығару үшін:
- тұрғын үй иесінің жеке басын куәландыратын құжат не оның цифрлық нысаны (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- тіркеуден шығаруға жататын азаматтардың айқындамалық деректері көрсетілген еркін нысандағы тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару туралы өтініш;
- республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды тіркеуден шығару үшін:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (жеке басын сәйкестендіру үшін) және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін);
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты-16 жасқа дейінгі балаларға;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат беру туралы аумақтық полиция органдарының анықтамасы;
- сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандарды тіркеуден шығару үшін:
- адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжай, саяжай құрылысы, ғимарат немесе үй-жай иесінің жеке басын куәландыратын құжат не оның цифрлық нысаны (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- тұрғын үйді пайдалану құқығынан айыру туралы сот шешімі.
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары (меншік құқығын растау үшін) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "ХҚКО" БАЖ-дан алады.
Босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жоғарыдағы құжаттардың тізбесін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: Мемлекеттік корпорация; www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (тұрғын үй иесінің арызы бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде);
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
3) Босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
"Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) мәліметтерді енгізу жолымен тіркеуден шығару.
Портал арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі оның мекенжайында тұрмаған адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушынының "жеке кабинетіне" жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мекенжайдан кету парағын беру (қажет болған жағдайда).