Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу
- апостиль қойылатын құжат;
- «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
- Апостиль қойғызу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшелеріне бару керек.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызмет көрсету нәтижесі
"Апостиль" мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.