Осы бетте балаға ЖСН тағайындауға, баланың туу туралы куәлігін алуға өтініш беруге, баланың тууына бір реттік жәрдемақы алуға және баланы балабақшаға анықтауға болады. Композиттік қызмет бір беттен үш қызметті алуға мүмкіндік береді, олардың әрқайсысы алдыңғысының дайын болуына қарай ретті өңделеді.
1-ҚАДАМ. Баланың тууын тіркеуге өтініш беру
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, баланың ЖСН көрсетілген туу туралы акті жазбасын тіркеу туралы хабарламамен танысу. Хабарлама 2 жұмыс күні ішінде келіп түседі.
- Оң жауап болған жағдайда жәрдемақы тағайындауға өтініш беру үшін келесі қадамға өту қажет.
2-ҚАДАМ. Бала тууға жәрдемақы тағайындау
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімде әкесінің немесе шешесінің ЖСН, баланың ЖСН және Қазпочтада, «Халық Банкі» АҚ-нда ашылған жеке есепшоттың нөмірін (IBAN) мәліметтерді көрсету.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін бала тууға жәрдемақы тағайындау туралы хабарламамен танысу. Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі.
- Мемлекеттік корпорацияға бару. Портал арқылы өтініш берген кезде сізге кезектен тыс қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияға барған кезде қажетті құжаттар
- Баланың/балалардың туу туралы куәлігі немесе туу туралы акті жазбасының көшірмелері.
- Қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.
- Қызмет алушының мәліметтері туу туралы куәліктегі мәліметтермен сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік.
- Баланы күтуге алғанын (қамқорлыққа алу) растайтын құжат немесе асырап алу туралы құжат.
- Өтінішті үшінші тұлға тапсырған жағдайда - сенімхат.
5. Баланы мектепке кезекке қою үшін келесі қадамға өту қажет.
Бала тууға жәрдемақы және күтімі бойынша жәрдемақыға жүгіну мерзімдері бала туғаннан бастап 12 айдан аспауы керек.
3-ҚАДАМ. Баланың мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді). Оған мектепке дейінгі балалар ұйымына, түзету (санаторлық) мектепке дейінгі ұйымдарға және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған топтарға бірінші кезекті жіберуге жеңілдіктердің болуын растайтын құжаттардың скан көшірмелері қоса беріледі.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) баланы балабақшаға кезекке қою туралы хабарламамен немесе дәлелді бас тартумен танысу. Хабарлама баланың тууын тіркеген сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде келіп түседі.
- Кезекті әрі қарай қадағалау үшін «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» қызметін ЭЦҚ-сыз және авторланып қадағалауға болады.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) МДБҰ-на жолдаманы келісу туралы хабарламамен танысу. Қажеттілігі болғанда пайдаланушының байланыс деректерін өзектілендіру. МДБҰ жолдаманы келісу (Келісу/Бас тарту).
- Жеке кабинеттегі жолдамамен келіскен жағдайда («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) МДБҰ жолдамасымен танысу.
Астана қаласы бойынша өтінім беру үшін осы сілтеме арқылы кіріңіз
Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі тарапындағы техникалық жұмыстарға байланысты баланы мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою Астана қаласы бойынша уақытша қолжетімсіз.
Астана қаласы бойынша өтінім беру үшін осы сілтеме арқылы кіріңіз