Көрсетілетін қызметті онлайн қалай алуға болады
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):
- заңды тұлға үшін оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша;
- жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат бойынша.
- Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш.
- Құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы өтініш (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы өтініш.
- Бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенін растайтын құжат, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік үшін төленгенін растайтын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
1. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште:
Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлiк кепілдігін тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Берілетін куәліктерге қатысты жоғалғанның орнына жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң төлнұсқасы.
2. Портал арқылы электрондық форматта:
Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік немесе негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.