Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу
Қызметті онлайн қалай алуға болады
- Порталға кіріп, "Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасы бойынша өтіңіз.
- Өтінімді толтыру:
Тіркеу түрін көрсетіңіз:
- Кепілді тіркеу (мемлекеттік тіркеу куәлігі);
- Шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгеруін тіркеу (қайта кепіл);
- Талаптарды беруді тіркеу;
- Міндеттемелерді орындамау туралы хабарламаны тіркеу;
- Сауда-саттықты өткізу туралы тіркеу;
- Кепілді тоқтатуды тіркеу;
- Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру.
- Өтініш беруші кімнің атынан әрекет етеді, кепіл берушілердің/кепіл ұстаушының ЖСН / БСН көрсету,;
- Кепіл шарты туралы мәліметтерді толтыру;
- Мүлік туралы мәліметтерді толтыру;
- Басқа кепіл берушілердің келісімін алыңыз.
- Қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж төлеңіз.
- Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе СМС-парольді пайдалана отырып қол қою.
- Жеке кабинетте "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):
- заңды тұлға үшін оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша;
- жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат бойынша;
- Нысан бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш.
- Нысан бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы өтініш (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы өтініш.
- Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Сенімхат (өтініш беруші сенім білдірілген тұлға арқылы жүгінген жағдайда). Салыстыру үшін сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.
- Бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенін растайтын құжат, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік үшін төленгенін растайтын құжат.
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
- Нысан бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш.
- Тіркеу алымы сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік үшін төлемді растайтын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
1. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште:
Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлiк кепілдігін тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Берілетін куәліктерге қатысты жоғалғанның орнына жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң төлнұсқасы.
2. Портал арқылы электрондық форматта:
Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік немесе негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.