Әскери кафедраға оқуға түсу үшін өтінішті қабылдау
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Белгіленген үлгіге сәйкес қабылдау туралы өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін).
- Өлшемі 3х4 сантиметр фотосурет – 4 дана.
- Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
- Факультет пен мамандықты көрсетіп, ЖЖОКБҰ-да нақты оқығаны туралы анықтама.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті алушыны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасына (әскери факультетіне) оқуға түсу үшін кандидат ретінде қабылдау туралы хабардар ету немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.



