Патрульдік полиция қызметкері тоқтатқан кезде не істеу керек Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 01.12.2022Пайдалы сілтемелер:
Сондай-ақ қараңыздар:
Күнделікті тіршілік қарбаласында өз әрекеттеріміздің құқықтық тұрғыдан қаншалықты дұрыс екендігі туралы ойланбаймыз. Ол автокөлік сату/сатып алу, оны «кедендік тазарту» немесе тіпті сақтандыру. Осы тізімге әр қазақстандық жүргізуші басынан өткерген – жүргізушіні патрульдік полициясының қызметкерінің тоқтату жағдайын қосайық. ПП қызметкері сізді қандай жағдайларда тоқтатуы мүмкін және Жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда қандай айыппұл санкциялары көзделуі мүмкін. Сіздің назарыңызға сізді патрульдік полициясының қызметкері тоқтатқан жағдайдағы жиі қойылатын сұрақтардың тізімін ұсынамыз. Егер көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның талаптарын және (немесе) жол жүрісі қағидаларын бұзуы сертификатталған арнайы техникалық құралдармен және аспаптармен тіркелсе, жүргізушіге тиісті материалдарды танысу үшін көрсетуге міндетті.
Сіз қандай жағдайларда тоқтауыңыз керек?
ПП қызметкерінен жүргізуші қандай қызметтік мәліметтерді сұрата алады?
ПП қызметкері кезекшілікке шығарда қызметтік жетонды алады. Жүргізушінің өтініші бойынща ПП қызметкері қызметтік куәлік және/немесе төс ерекшелік белгісін (жетонды) ұсынуы тиіс. Полиция қызметкерінің бағыттық парағын жүргізушілерге көрсетуге тыйым салынатынын атап өткен жөн, себебі ол ішкі қызметтік құжатқа жатады.
Патрульдік полициясының қызметкері патрульде болғанда қандай талаптарды сақтауы тиіс?
Радарларды қалада және трассада оқиғаларды болдырмау және олардың мүмкін салдарларын болдырмау мақсатында пайдалануға тыйым салынбайды, соның ішінде ПП инспекторы автоны радио байланысты пайдаланумен немесе мәліметтер базасы бойынша ЖҚЕ бұзылуларының болуына/болмауына автоны тексеруге құқылы.
Көлік құралын міндетті сақтандыру және көлік құралын жүргізуге сенімді тұлғалар
Заңға сәйкес, полиция қызметкерлері көлік жүргізушіде сақтандыру полюсінің бар-жоғын планшеттердің көмегімен тексеріп, сақтандыру бойынша бірыңғай деректер қорына жүгінетін болады. Полиция қызметкерлеріне сақтандырудың қағаз нұсқасын талап етуге тыйым салынады.
Осылайша, көлік құралын басқаратын көлік иесінің өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (немесе КҚ-ға меншік құқығын куәландыратын құжат) болуы тиіс.
Маневрді қалай жасауға болады?
Маневр қауіпсіз болып, басқа жол қозғалысы қатысушыларына кедергі жасамаса, көлік құралының артқа жүруіне рұқсат етіледі. Көше қиылысында және бұрылысқа тыйым салынған жерлерде артқа жүруге тыйым салынады.
Патрульдік полициясының қызметкері тоқтатқанда өзімен бірге қандай құжаттар болуы қажет?
Егер сізді ЖҚЕ бұзылуы үшін тоқтатқанда, өзімен бірге мынадай құжаттар болуы керек:
- жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болған кезде Қазақстан Республикасында берілгендерді қоспағанда, көлік құралын жүргізу құқығына жүргізуші куәлігі не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік;
- Қазақстан Республикасында берілгендерді қоспағанда, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не көлік құралына меншік құқығы туралы куәландыратын құжат;
- белгіленген жағдайларда тасымалданатын жүкке арналған жол парағы мен құжаттар.
Жолаушының міндетінен не алынып тасталды ?
ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз көлік құралын тастап кетпеуге.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады, ол үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексіне сәйкес айыппұл көзделеді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтардың мерзімі бар ма?
ӘкҚБК 893-бабына сәйкес айыппұлды әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам қаулы шыққан күннен бастап 30 күннен кешіктірмей төлеуі тиіс.
ПП инспекторы сізді тоқтатқандағы сіздің құқықтарыңыз:
- жүргізуші іс материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, дәлелдеме ұсынуға, сұраныс хатқа өтініш беруге құқылы;
- істі қарауда адвокаттың заңды көмегін қарауға;
- ана тілінде сөйлеуге және егер іс жүргізілетін тілді меңгермесе, аудармашының қызметтерін пайдалануға;
- іс бойынша қаулыға шағымдану тәртібі.
Жанжалды жағдайлар туындағанда, бұрын айтылғандай, жүргізуші инспектордан кеуде белгісінің (жетон) нөмірін сұрауға және қызметтік куәлікпен танысуға құқылы. Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуымен немесе ПП қызметкерінің тоқтатуының өзге себептерімен келіспеген жағдайда, сіз өзіңіздің келіспеушілігіңіз туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада жазбаша баяндай аласыз.
Тоқтатқан кезде қанша уақыт ішінде инспекторды күтуге болады?
Жолдың жүргін бөлігінде көлік кұралдарының қалай орналасуына жол беріледі ?
Төрт немесе одан да көп жол жолағы бар екi жақты қозғалысты жолдарда, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығуға тыйым салынады. Осындай жолдарда солға қарай бұрылуды немесе кері бұрылуды көше қиылыстарында және Қағидаларда, белгілермен және (немесе) таңбалармен тыйым салынбаған жерлерде орындауға болады
ПП қызметкері қандай негізде нөмірді шешуге құқылы?
Белгіленген жылдамдық режимін асырғанда қандай жауапкершілік орын алады?
Белгіленген жылдамдық режимінен асырғанда 10 км/сағатқа дейін жіберіледі, басқаша жағдайда асырғанда айыппұл көзделген:
- 10-20 км/сағаттан асырғанда, айыппұл 5 АЕК мөлшерінде;
- 20-40 км/сағаттан асырғанда,10 АЕК мөлшеріндегі айыппұл
- 40 км/сағ. артық – 20 АЕК
- 1 жыл ішінде қайта бұзған жағдайда – 30 АЕК.
2022 жылы АЕК мөлшері 3 063 теңгені құрайды.