МТНБ немесе көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі – Қазақстандағы әр көлік құралының міндетті белгісі. 2012 жылдан бастап жаңа үлгідегі МТНБ беру халықаралық стандарт нөмірлерінің негізінде басталды. Ескі үлгідегі нөмір белгілерін беру тоқтатылған, алайда нөмірлерді міндетті ауыстыру талап етілмейді. Жаңа үлгідегі нөмірлер олар толық тозғанға дейін пайдаланылатын болады.
Автоға мемлекеттік нөмірді қалай алуға болады?
Автокөлікті сатып алуда, рәсімдеуде немесе қайта рәсімдеуде әр кезең өте маңызды, оның соңғыларының бірі автоға мемлекеттік нөмірлерді алу болып табылады. Мемлекеттік нөмірді қалай дұрыс алу керек және қажетті құжаттарды жинауда өз уақытыңызды үнемдеудің неғұрлым қолайлы тәсіл туралы аталмыш мақалада білесіз.
Автокөлікке нөмірлер алу үшін Сізге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның филиалына жүгіну қажет.
Қажетті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат .
- Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін – салық төлеуден босату құқығын растайтын құжат.
- Тіркеу туралы куәлік ТС (техпаспорт)
- Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ), «Транзит» белгілері және кері шығару туралы міндеттемемен Қазақстан Республикасына енгізілген көлік құралдарының тіркеу құжаттары.
- Меншік құқығын растайтын келісімшарт (мәміле шарты, мәміленің жазбаша нысаны және т.б.).
Мемлекеттік баж алы
Тіркеу үшін алым - 0,25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) (Қазақстан Республикасында КҚ алғашқы тіркеу жағдайларынан басқа);
Көлік құралын тіркеу туралы куәлік үшін-1,25 АЕК;
МТНБ үшін:
Автомобильге - 2,8 АЕК, мотоциклге және тіркемеге - 1,4 АЕК,
транзит - 0,35 АЕК.
Егер сіз автоға мемлекеттік нөмірді жоғалтсаңыз
Мемлекеттік нөмірді жоғалтқан ауданда сізге табылғандар бюросына жүгіну қажет.
Әрі қарай, егер Сіздің мемнөміріңіз табылмаса, онда Сізге жаңа МТНБ алу үшін мемнөмірді жоғалту туралы ерікті түрде өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарына жүгіну қажет.
Қажетті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат (+ көшірме)
- ТҚ тіркеу туралы куәлік (техпаспорт).
- Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін – салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар (+ көшірме).
Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінде қолданылатын Қазақстан Республикасы облыстарының цифрлық кодтарының тізбесі
р/с
|
Аймақтың атауы
|
жаңа үлгідегі
код
|
ескі үлгідегі
код
|
1
|
Астана қаласы
|
01
|
Z
|
2
|
Алматы қаласы
|
02
|
A
|
3
|
Ақмола облысы
|
03
|
C
|
4
|
Ақтөбе облысы
|
04
|
D
|
5
|
Алматы облысы
|
05
|
B
|
6
|
Атырау облысы
|
06
|
E
|
7
|
Батыс Қазақстан облысы
|
07
|
L
|
8
|
Жамбыл облысы
|
08
|
H
|
9
|
Қарағанды облысы
|
09
|
M
|
10
|
Қостанай облысы
|
10
|
P
|
11
|
Қызылорда облысы
|
11
|
N
|
12
|
Маңғыстау облысы
|
12
|
R
|
13
|
Түркістан облысы
|
13
|
X
|
14
|
Павлодар облысы
|
14
|
S
|
15
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
15
|
T
|
16
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
16
|
F
|
17 |
Шымкент қаласы |
17 |
|
Жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмірлері
Жеке тұлғалардың автокөліктеріне арналған нөмірлік белгілер
Жеке тұлғаларға арналған нөмірлік белгілердің өлшемі 520×112(мм).
1А-типті – жеке тұлғаларға тиісті жеңіл және жүк автокөліктері, автобустарға арналған алдыңғы және артқы нөмірлік белгі.

Жеке тұлғаларға арналған нөмірлік белгілердің өлшемі 520×112(мм).
2А-типті – бекіту орны 1А типті нөмірлік белгінің өлшемдеріне сәйкес келмейтін жеңіл автокөліктерге арналған нөмірлік белгі. Сондай-ақ, жеке тұлғаларға тиісті жүк автокөліктері және автобустарға арналған артқы нөмірлік белгі.

Заңды тұлғалардың автокөліктеріне арналған нөмірлік белгі
Заңды тұлғаларға арналған нөмірлік белгінің өлшемі 520×112(мм).
1-түрі – заңды тұлғалардың жеңіл автокөліктеріне арналған алдыңғы және артқы нөмірлік белгі. Заңды тұлғалардың жүк автокөліктерінің және автобустарының алдыңғы нөмірлік белгісі.

2-түрі – бекіту орны 1-типті нөмірлік белгінің габариттеріне сәйкес келмейтін жеңіл автокөліктеріне арналған нөмірлік белгі. Сондай-ақ заңды тұлғаларға тиісті жеңіл автокөліктерге және автобустарға арналған артқы нөмірлік белгі.

Жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың мотоциклдері, мотороллерлеріне арналған нөмірлік белгі
3-түрі – мотокөлік құралдарына арналған (мотоциклдер, мотороллерлер). Нөмірлік белгілердің өлшемі 240×202(мм).

Транзиттік нөмірлік белгі
7-түрі – жол қозғалысына уақытша жіберілген көлік құралдарына арналған.

Тіркемелерге арналған нөмірлік белгі
5- түрі – көлік құралдарына тіркемелер және жартылай тіркемелер

Дипломатиялық корпус, шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ шетелдік қатысумен кәсіпорындардың Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері
1Г-түрі – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелген, дипломатиялық және консулдық құрамның дипломатиялық өкілдіктері және шетелдік мемлекеттердің консулдық мекемелері, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдерінің «D» литерасы бар алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

2Г-түрі – «D» литерасы бар артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

1Г-түрі – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер және шетелдік мемлекеттердің консулдық мекемелері, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке автокөліктеріне «Т» литерасы бар алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

2Г-түрі – «Т» литерасы бар артқы мемлекеттік тіркеулік нөмірлік белгі.

1Г-түрі – шетелдік мемлекеттердің делегацияларын алып жүру бойынша хаттамалық іс-шараларға әрекеттескен автокөліктерге алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеулік нөмірлік белгі.

1Д-түрі – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелген шетелдік мемлекеттерінің Құрметті консулдарының қызметтік және жеке автокөліктеріне «НС» литерасы бар алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

2Д-түрі – «НС» литерасы бар артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

1Д-түрі – Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері және филиалдарының автокөліктеріне «М» литерасы бар алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

2Д-түрі – «М» литерасы бар артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

1Д-түрі – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік қатысумен заңды тұлғалардың автокөліктеріне «Н» литерасы бар алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

2Д-түрі – «Н» литерасы бар артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

1Д-түрі – шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалардың автокөліктеріне «F» литерасы бар алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

2Д-түрі – «F» литерасы бар артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.
