Айдар парағына өту

Онлайн сақтандыру Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 23.09.2020

a1234.pngӘрбір секунд сайын дүниежүзілік Интернет желісінде жүздеген мың пайдаланушы тіркеледі. Бүгінгі күні банк картасы арқылы онлайн сауда-саттық жасауға, билеттерді броньдауға, коммуналдық қызметтерді, несиені төлеуге, шоттарды толықтыруға және т.б. қызметтерді қолдануға болады, бұл көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазақстанның сақтандыру нарығы да шетте қалған жоқ, енді 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін электронды түрде сақтандыру компанияларының сайттары арқылы онлайн режимде интернет арқылы сатып алуға болады. ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі деректері бойынша 2019 жылдың 1 акпанына сәйкес Қазақстанда сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 28 сақтандыру компаниясы жұмыс істейді. Олардың 8-і өмір сақтандыру компаниялары, ал қалған 20-сы жалпы сақтандыру компаниялары.

Әлемдегі интернет-дүкендердің қарқынды дамуы қазіргі сауда-саттықта мобильділікті, жеделділікті және қызмет көрсету сервис шарттарының жоғары деңгейде болуын талап етеді. Бұл жерде қызметтерді онлайн көрсету артықшылықтары айқын. Сақтандыру нарығында онлайн қызмет көрсету көп уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, сақтандырушының кеңсесіне бару, менеджерден кеңес алу немесе сақтандыру агентін шақыру бірнеше сағатқа созылуы мүмкін, ал сақтандырушының сайтында сақтандыру шартын жасау тек бірнеше минут алады.  Сонымен қатар сайтта сақтандыру полисін алу үшін ешқандай құжаттар талап етілмейді, бар болғаны сақтанушы өзі туралы деректерді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, телефон нөмірі және т.б.) дұрыс толтырса жеткілікті. Бұдан бөлек, сақтандырушының сайты арқылы сақтандыру келісімшартын ресімдеу сақтандыру шарттарын мұқият қарастыруға мүмкіндік береді, ал сақтандыру калькуляторы мүмкін жеңілдіктерді ескере отырып, сақтандыру сомасын (сақтандыру сыйлықақысын) бірден санап шығады.

Сақтандырудың ең көп таралған түрі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша заңнамаға сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысының құнынан 10%-ға дейін жеңілдік берілуі мүмкін. I және II топтағы мүгедектерге, ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға мүмкін болатын жеңілдіктерден басқа полис құнының 50% мөлшерінде міндетті түрде жеңілдік беріледі.

Сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері "бонус-малус" деп аталатын жүйенің сыныбына тікелей байланысты екенің атап өткен жөн, ал ол өз кезегінде жүргізушінің сақтандыру жағдайларына (жол апатына) қанша көп түскеніне байланысты. Сондықтан, апаттылық деңгейі жоғары автокөлік құралының жүргізушісі үшін апаттылық деңгейі төмен автокөлік құралы жүргізушісіне қарағанда сақтандыру полисінің құны әрдайым жоғары болады.  

Сақтандыру компанияларының бірыңғай сақтандыру деректер қоры арқылы мемлекеттік деректер базалары мен ақпараттық жүйелердегі мәліметтерге қол жетімділігінің арқасында, сақтандыру компаниясының  сайтында сіз толтыратын ақпараттың көп бөлігі тексеруден және верификациядан өтеді, сондықтан қате жіберу тәуекелі барынша азайтылған.

Сақтандыру полисін төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз (электронды түрде) жүргізілуі мүмкін, бұл ретте бүгінгі күні қолданыстағы көптеген төлем платформалары мен сервистерді ескере келсек, сатып алушыда төлем тәсілдерін таңдаумен проблемалар туындамайтыны анық.

Сақтандыру полисін сатып алу үшін төлем жасалғаннан кейін, сіз көрсеткен электрондық пошта мекенжайына (e-mail) немесе ұялы телефон нөмеріне сақтандыру компаниясынан және бірыңғай сақтандыру дерекқорынан сіз жасасқан келісімшарттың бірегей нөмірі көрсетілген сақтандыру шартын жасау туралы хабарлама жіберіледі. Кейіннен сақтандыру компаниясының немесе бірыңғай сақтандыру деректер қоры сайтында сақтандыру шартының бірегей нөмірі бойынша сақтандыру полисінің дұрыстығын тексеруге болады.

Осылайша, қазіргі уақытта онлайн-сақтандыру арқасында сақтандыру компаниясының бланкісінде қағаз сақтандыру полисі қажетсіз, ресімделген сақтандыру полистері бойынша барлық ақпарат сақтандыру компаниясының ақпараттық жүйесінде және бірыңғай сақтандыру деректер қорында сақталады. Бұл, автокөлік құралдарының жүргізушілеріне жол полициясы қызметкерлеріне ұсыну үшін сақтандыру полисін қағаз турінде өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік береді, өйткені барлық ақпарат бірыңғай сақтандыру деректер қорына сұрау салу арқылы тексеріледі.

Сондай-ақ, сақтандыру компанияларының сервисі телефон нөмірі немесе e-mail бойынша бұрын жасалған сақтандыру шартын өзгерту, қайта ресімдеу немесе мерзімінен бұрын бұзу мүмкіндігін береді. Бұдан басқа, болашақта сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтандыру компаниясының сайты немесе мобильдік қосымшасы арқылы электрондық немесе сканерленген құжаттарды тіркей отырып, сақтандыру төлемін алу үшін өтініш беру мүмкіндігі жасалады.

Онлайн-сақтандырудың артықшылықтары даусыз, жоғарыда айтылғандардан басқа, онлайн-сақтандыру сақтандыру полисін кез келген уақытта тәулік бойы ресімдеуге, сақтандыру агентінің қызметін пайдаланудан бас тартуға, сақтандыру полистерінің бланкілерін қолдан жасау немесе жарамсыз бланктерді беру сияқты алаяқтық іс-әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сақтандыру – қандай да бір қолайсыз жағдайлар мен мән-жайлар туындаған кезде азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғау жүйесі болып табылатынын атап өткен жөн.  Сақтандыру, электрондық немесе қағаз түрінде болсын, халықтың мүліктік мүдделерін әлеуметтік-экономикалық қорғауды қамтамасыз етудің ең ежелгі және тұрақты нысандарының қатарына жатады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.