Айдар парағына өту

Қазақстанда емханаға тіркелу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.03.2024

медициналық керек-жарақтар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі-МСАК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес, ТМККК шеңберінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан МСАК ұйымына бекітілетін шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) МСАК ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.

Емхананың бір әкімшілік аумақтық бірлік шегіндегі аумақтық қызмет көрсету аймағын МСАК қызметтерінің қолжетімділігін барынша қамтамасыз етуді ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындайды.

Бекітілген халықты аумақтық қызмет көрсету аймағы шегіндегі учаскелер бойынша бөлуді емхана басшысы бекітеді.

Азамат дәрігер мен емхананы еркін таңдаған жағдайда бекіту жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады. Азамат МСАК ұйымының біреуіне ғана бекітіледі.

МСАК ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және:

  1. Қызмет көрсетудің отбасылық қағидаты.
  2. МСАК аумақтық қолжетімділігі.
  3. Аумақтық қолжетімділік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау.
  4. Пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттануы.
  5. Меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, тең құқықтылық және адал бәсекелестік қағидаттарымен жүзеге асырылады.

Бекіту негіздемелері:

  1. Бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге бір айдан астам мерзімге немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында шыға отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жерін өзгерту.
  2. МСАК ұйымдарын бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) еркін таңдауын жүзеге асыру.
  3. Қордың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында бекіту науқанын (бұдан әрі - бекіту науқанын) жүргізу.
  4. Сақтандырылған адам мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған ЕМС шарты бойынша, оның шеңберінде МСАК ұйымы сақтандырылған тұлғаға медициналық қызмет көрсетеді.
  5. Өңірлік комиссия айқындаған бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) МСАК ұйымына бекітумен келіспеу.
  6. МСАК ұйымының азаматтарға МСАК көрсетуден бас тарту, соның ішінде қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғатын оны қайта ұйымдастыру, тарату.
  7. Медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер МСАК ұйымдарына медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастырмау.
  8. Жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының пайда болуы.
  9. Жекешелендіру арқылы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын МСАК ұйымын иеліктен шығару.

Бекіту науқаны кезеңінде МСАК ұйымдарына бекітілген азаматтар осы ұйымда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ – мен (бұдан әрі - Қор) медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап МСАК алады.

Ағымдағы жылы аталған азаматтар бұрын бекітілген МСАК ұйымында медициналық көмекті алуды жалғастыруда.

Жаңа емханаға бекіту тәртібі

Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету үшін «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызмет іске асырылды.

МСАК ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше немесе «Электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметтерді ұсынады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметке тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді мынадай жеке тұлғалар бере алады:

  1. Зейнеткерлер.
  2. Мүгедектігі бар адамдар.
  3. Бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар (заңды өкілдер).
  4. Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, колонияларда өтеп жүрген сотталғандар (өтеу орны бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті денсаулық сақтау мемлекеттік басқару органының бірінші басшысының бұйрығымен құрылған «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне халықтың МСАК-қа бекітілуін (босатуын) тіркеу мәселелерін қарастыру жөніндегі комиссияның хаттамасы болса.
  5. Студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер, МСАК-қа жоғары оқу орны ректорының жазған өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы болса.
  6. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер.
  7. Шет мемлекеттерде туған балалар.
  8. Сәбилер, жетімдер, қарттар үйлерінің және басқалардың қамқорлығындағылар.
  9. Бекітуді сенімхат бойынша ресімдейтіндер.
  10. Бекітуді шарт болған кезде ЕМС шарты бойынша ресімдейтіндер.

МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне бекітуге сұрау салуды ресімдейді. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісінің маманы бекітуге арналған сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау туралы не дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін).

ЭҮП арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет ЭҮП жүгінген күні көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеу немесе «Жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту туралы хабарлама болып табылады.

МСАК ұйымына жеке тұлғаны бекіту кезінде алдыңғы МСАК ұйымынан бекітуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

Егер пациент басқа елді мекенге кеткен болса (іссапарға, қонаққа және т.б.) және ауырып қалса, онда ол шұғыл медициналық көмек алу үшін орналасқан жері бойынша жақын маңдағы медициналық ұйымға жүгіне алады немесе жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыра алады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.