Қалай AQYL білім алу депозитін ашып, жылсайынғы мемлекеттік сыйақыны алуға болады Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 06.02.2026Пайдалы сілтемелер:
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін өзінің не баласының атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанда және шетелде кәсіптік техникалық және жоғары білім алу үшін оқудың ақысын төлеуге қолайлы мүмкіндік.
Аталған AQYL білім беру депозитіне банктен пайыздар (банкке байланысты) және 5% немесе 7% мемлекеттен жыл сайын сыйлықақы есептеледі.
Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын банктің сыйақыларымен бірге есептегендегі салымдағы жалпы сомаға, бірақ бір жылда 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде аударылады:
- 7% басымдылықты санаттағылар үшін: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, көп балалы отбасынан шыққан және аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар;
- 5% басқа санаттағы ҚР азаматтары үшін.
Минималды бастапқы жарна - 3 АЕК.
Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.
Екінші деңгейдегі банкте білім беру жинақтау салымын ашуға немесе мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысатын өмірді сақтандыру компаниясымен білім беру жинақтау сақтандыру шартын жасасуға болады.
AQYL білім беру депозитін ашу үшін бар-жоғы екі-ақ құжат қажет:
- Ата-аналарының бірінің жеке куәлігі.
- Баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.
Білім беру грантын алған жағдайда бала жинақтарды келесідей басқара алады:
- Жүйедегі басқа салымшыға қаражат беру.
- Қосымша білім алуға қаражат пайдалану (магистратура, екінші жоғары).
- Тұрғын үй сатып алуға қаражат жұмсау.
- Қаражат алу және басқа қажеттіліктерге жұмсау (бітіргені туралы құжат ұсынылған жағдайда).
AQYL білім беру жинақтау депозитінің ерекшеліктері:
- AQYL білім беру жинақтау депозиті мемлекет сыйлықақысымен көтермеленеді;
- мемлекет сыйлықақысы табыс түрі ретінде салықтан босатылады;
- AQYL білім беру жинақтау депозиті жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдендіру қорының нысаны болып табылады (10 млн.теңгеге дейін).
Салымды ашу үшін не қажет:
- қадам – Біздің байланыс телефондарымыз арқылы «Қаржы орталығы» АҚ-дан кеңес алу.
- қадам – Қатысушы банктердің бірін немесе қатысушы сақтандыру ұйымын таңдаңыз. Білім беру депозитін ашыңыз/білім беруді жинақтаушы сақтандыру шартын жасаңыз. Бастапқы жарнаны енгізіңіз.
- қадам – Сыйақы және мемлекеттен сыйлықақы алу.
- қадам – Қазақстанның немесе шетелдің колледждерінде/ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу.
2025 жылғы қаңтардан бастап «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесі жұмыс істейді, ол мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын, бес жастан бастап балаларды қамти отырып, Мемлекеттік сыйлықтың жыл сайынғы төлемін, инвестициялық табысты көздейді.
Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған.
«Келешек» жүйесінің артықшылықтары:
- ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу 60 АЕК (235 920 теңге);
- жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу;
- екінші деңгейдегі банктің сыйақысы немесе сақтандыру компаниясының инвестициялық кірісі;
- жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген.
«Келешек» шоттарын екінші деңгейдегі банктерде және балаларға арналған МБЖЖ қатысушылары болып табылатын сақтандыру компанияларында ашуға болады.
Осыған байланысты, ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын ХӘОТ балалары үшін 12 АЕК (айына 4 мың теңге шамасында) және басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуі тиіс.
«Қаржы орталығы» АҚ-мен байланысу тетіктері:
Тегін жедел желі: 8 800 080 28 28
Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көш., 18, 3-қабат
Тел.: 8 (7172) 695-127
mail: fincenter@fincenter.kz



