Айдар парағына өту

Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ онлайн ұзарту Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 21.11.2022

Электрондық цифрлық қолтаңба, қысқаша ЭЦҚ, әр түрлі онлайн қызметтерді алғанда сіздің электрондық қолтаңба қызметін орындай отырып (анықтамалар алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысуға дейін), оның иесі туралы құпия ақпаратты қамтиды. Сол себепті жыл сайын ЭЦҚ әрекетін ұзарту қажет. Осылайша, сіз сертификатыңыз жоғалмағанын және бөгде адамдардың қолында емес, сіздің қолыңызда екенін растайсыз.

ЭЦҚ қолдану мерзімінің аяқталуы туралы хабарлама

Файлдық жүйеге берілген ЭЦҚ-ның қолдану мерзімі 1 жылды құрайды.Негізгі ақпарат тасығыштарға (жеке куәлік, Kaztoken, eToken, аKey, jaCarta) шығарылған ЭЦҚ-ның мерзімі 3 жылды құрайды. ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы жүйесінде ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімінің жақындап келе жатқаны туралы хабарламалардың екі түрін онлайн режимінде ұзарту ұсынысымен автоматты түрде жіберу жүзеге асырылды.

  • Электрондық пошта бойынша көп мәрте хабарламалар – 1 ай бұрын, 2 апта бұрын, 7 күн бұрын. Бұл хабарламаларды алу үшін ҚР ҰКО-дағы жеке кабинетіңізде өзіңіздің e-mail-ңызды көрсету қажет.
  • ЭЦҚ әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын SMS-хабарлама. SMS Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне, яғни eGov-тағы Жеке кабинетте пайдаланушыда тіркелген телефон нөміріне келеді.

Заңды тұлғаларға ЭЦҚ әрекетін дербес қалай ұзарту керек?

ҚР Ұлттық куәландыру орталығында сайтының басты бетінде «Жеке кабинет» бөліміне өту қажет, бұдан әрі жеке кабинетке кіру қажет. (1-сурет).

1-сурет

«Кіру» батырмасын шертіңіз, авторландыру бетіне өтіңіз. (2-сур.).

2-сурет.

Ашылған терезедегі тізімнен «Кілттерді сақтау» түрін таңдауыңыз қажет – Дербес компьютер, eToken PRO 72K, eToken 5110, JaCarta, Kaztoken, AKey. (3-сурет).

3 - сүрет

«Кілттерді сақтау орнына дейінгі жол» алаңында Сіздің тіркеу куәліктеріңіз орналасқан жолды көрсету қажет. Аутентификация кілтін таңдаңыз (AUTH_RSA) және «Ашу» батырмасына басыңыз. (4-сурет).

4-сүрет

«Кіру» батырмасына басыңыз. (5-сурет).

5 - сүрет

Пайда болған диалогтық терезеге Өзіңіздің кілттерді сақтау орнының паролін енгізіңіз. Назар аударыңыз! Казтокен арналған үнсіз келісім бойынша пароль: 12345678, eToken PRO 72K, eToken 5110, JaCarta, AKey: 1234567890. (6-сурет). 

6 - сүрет

Пайда болған диалогтық терезеге Өзіңіздің кілттерді сақтау орнының паролін енгізіңіз. Назар аударыңыз! Казтокен арналған үнсіз келісім бойынша пароль: 12345678, eToken PRO 72K, eToken 5110, JaCarta, AKey: 1234567890. (7-сурет).

7 - сүрет

Қызметкердің жеке кабинетіне кіру жүзеге асырылды.

Жеке кабинетте жұмыс жасау

«Менің ЭЦҚ кілттерім» мәзірі

«Өтінімнің статусын тексеру»

«ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» бөлімі

 

Дереккөз: http://pki.gov.kz

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.