Айдар парағына өту

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 20.06.2022

Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалы (бұрын Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы) 1997 жылы құрылған, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі негізгі институционалды құрылымының бірі және еліміздің қаржы-әлеуметтік инфрақұрылымының маңызды элементі болып табылады. Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиал жүйесінде банктік, қаржылық, әлеуметтік салаларындағы жұмыс тәжірбиесі бар мамандар жұмыс істейді.

Бастапқыда зейнетақы реформасын іске асыру мақсатында  құрылған, ал бүгінгі күні  Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалы республиканың әлеуметтік және қаржылық жүйесінде көптеген мемлекеттік  маңызы бар функцияларды орындайды.

Жалпы алғанда, қазіргі уақытта ынтымақты жинақтаушы зейнетақы жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен бірыңғай жиынтық төлемді, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін әкімшілендіру қамтамасыз етіледі.

Ай сайын ынтымақты зейнетақы жүйесінде 6 миллионнан астам, жинақтаушы жүйесінде 6,5 миллионнан астам салымшылар мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінде 6 миллионнан астам және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 6 миллионнан астам қатысушыларды және олардың төлемдерін дербестендірілген есепке алу жүргізіледі. Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер саны 1 миллионға жуық болды.

Мемлекеттік корпорацияның Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалының  әлеуметтік – еңбек саласында ақпараттық – кеңес беру қызметін көрсету басқармасы (Байланыс - орталығы) әлеуметтік-еңбек саласында:

  • зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру;
  • еңбек қатынастары және жұмыспен қамту;
  • көп балалы отбасыға берілетін ай сайынғы жәрдемақы;
  • атаулы әлеуметтік көмек;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне енетін өзге де мәселелері  бойынша   ақпараттық – кеңес беру қызметтерін көрсетеді.

Байланыс - орталығы келесі интерфейстер:

  • 1414 қысқа нөмірінің  4 тоналды нүктесі  бойынша телефон байланысы;
  • әлеуметтік-еңбек қызметінің мәселелері бойынша  Live-chat мессенджерінде Телеграмм бот EgovKzBot2.0 арқылы кеңес береді.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.