Айдар парағына өту

«Болашақ» халықаралық стипендиясы: түсу тәртібі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 14.04.2021

студенттер

«Болашақ» халықаралық стипендиясы – азаматтардың магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуы үшін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде білім алуы, резидентурада оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия.

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен құрылған. «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектердің табысты мансаптық өсуі мен кәсіби өзін-өзі қалыптастыруының өзіндік кепіліне айналды.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері кім бола алады?

Бағдарламаға:

  • магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға;
  • резидентурада оқуға;
  • тағылымдамадан өтуге үміттенетін Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы тағылымдамадан өту, әрбір дәрежені (магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) алу, резидентурада оқу үшін бір рет тағайындалатынын ескерген маңызды.

Бұрын тағайындалған стипендияны пайдаланбаған және оқуға немесе тағылымдамаға кіріспеген адамдарға Әкімші алдында берешегі болмаған жағдайда «Болашақ» стипендиясын беру үшін конкурсқа қатысуға қайтадан бір реттік мүмкіндік беріледі. 

2021 жылы «Болашак» бағдарламасы шеңберінде стипендия саны 555 болды.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша түсу тәртібі

I кезең. Түсу үшін санаттарды анықтау

«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында ҚР азаматтары магистратура, резидентура, докторантура немесе тағылымдамадан өту бағдарламалары бойынша түсе алады.

Аталған білім бағдарламаларына:

  • магистратураға, резидентураға, докторантураға өз бетінше түскендер;
  • магистр дәрежесін алуға ауылдық елдi мекеннен шыққан үміткерлер;
  • тағылымдамадан өтуге үміткерлер түсе алады.

Әр санаттың белгілі бір талаптармен сипатталатынын атап өту керек.

Магистр дәрежесін алуға үміткерлер:

Ауылдық елдімекеннен шыққан үміткерлер:

Доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер:

Тағылымдамадан өтуге үміткерлер:

II-кезең. Қажетті құжаттарды дайындау

Магистр дәрежесін алуға үміткерлер:

Магистр дәрежесін алуға ауылдық елдімекеннен шыққан үміткерлер

Доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер:

Тағылымдамадан өтуге үміткерлер:

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түскісі келетіндер қажетті құжаттарды «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»  «электрондық үкімет» порталы арқылы жібере алады.

1-қадам.

Талаптарға сәйкес келу

2-қадам.

Қажетті құжаттарды жинақтау

3-қадам.

Көрсетілген мерзімде Электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды тапсыру

4-қадам.

3 турдан тұратын конкурстық іріктеуден өту:

1-тур – Кешенді тестілеу;

2-тур – ТСК мүшелерімен дербес әңгімелесу;

3-тур – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы

5-қадам.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдағаннан кейін, стипендиат не оған сенімді тұлға стипендия тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) Заң қызметі департаментіне жүгініп, Орталықпен оқуды ұйымдастыру туралы шарт, сондай-ақ кепіл шартын жасасуы қажет. Шарттарды мерзімінде жасаспаған жағдайда, стипендиат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері мәртебесінен айырылады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.