
Өсімдік шаруашылығы саласындағы субсидиялау тәртібі мен шарттары Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Өсімдік шаруашылығын субсидиялау процесі толығымен автоматтандырылған және Qoldau.kz веб-порталда субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Тұқым шаруашылығы бойынша субсидиялар
Тұқым шаруашылығын дамыту және тұқымның қолжетімділігін арттыру үшін элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары (элиттұқымшарлар), тұқым өсіру шаруашылықтары (тұқымшарлар) және ауылшартауарөндірушілер (ауылшаркооперативтері) үшін шығындарды ішінара өтеу жолымен ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын сатып алу субсидияланады:
- элиттұқымшарлардың нақты сатып алған аудандастырылған және перспективалы сорттардың бірегей тұқымдарына (70%);
- тұқымшардың, ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарына (70%);
- ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) нақты сатып алынған бірінші репродукциялы тұқымдар және (немесе) екінші репродукциялы мақта тұқымдарына (50%);
- ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарының шығындары (50%);
- ауылшартауарынөндірушілер (ауылшаркооперативтері) нақты сатып алынған элиталық көшеттерге(50%).
Субсидиялар Қағидалардың 49, 50, 51, 52 және 53-тармақтарына сәйкес есептеледі. Субсидиялар нормативтері Қағидалардың 15-қосымшасында белгіленген.
Субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасқан орны бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) беру ағымдағы жылдың немесе өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында сатып алынған тұқымдар бойынша жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.
Субсидиялар алу шарттары Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген.
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының субсидиялары
Отандық көшет шаруашылығын қолдау мақсатында жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтары отырғызу материалын өндіруге жұмсалған шығындарды ішінара (50%) өтеу жолымен субсидияланады.
Субсидиялар Қағидалардың 28-тармағына сәйкес есептеледі. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің отырғызу материалын өндіруге арналған субсидиялар нормативі Қағидалардың 7-қосымшасында белгіленген.
Өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасқан орны бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.
Субсидиялар алу шарттары Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген.
Басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау
Басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады.
Субсидиялар ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне жыл сайын осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке
сәйкес:
ағымдағы жылы дәндік жүгеріні және қант қызылшасын өндіруге
жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге;
қант қызылшасы бойынша – өткен жылғы желтоқсанда тапсырылған өнім шығындарын ішінара өтеуге;
дәндік жүгері, күріш және мақта бойынша 2019 жылғы төртінші тоқсанда өткізілген (тапсырылған) өнім шығындарын ішінара өтеуге бөлінеді.
Субсидия төлеу өңдеуші кәсіпорынға өңдеуге тапсырылған не өзінің өңдеуші құрылымдарына өңдеуге берілген өнімнің тоннасына жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қарау жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 20 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.
Өнімнің 1 тоннасына субсидиялар алу үшін ауылшартауарынөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері өтінімде
қосымша:
өңдеуші кәсіпорынмен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру
туралы және мақта дайындаушы ұйыммен жасалған ауыл шаруашылығы өнімінөткізу туралы шарттардың;
ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) мен өңдеуші кәсіпорын не ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) мен мақта дайындаушы ұйым арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын құжаттардың және (немесе) өңдеуші кәсіпорынның шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының;
ауыл шаруашылығы өнімін өзінің өңдеуші кәсіпорындарында өңдеген кезде өңдеуші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын, олардың басшылары қол қойған құжаттың бар-жоғына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі растаған өңдеуге өткізілген (тапсырылған), субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы өнімнің көлемдерінен және ЖАО-ның қаулысымен бекітілген субсидиялар нормалары бойынша есептеледі:
Қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.
Субсидия алу шарты Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген.
Тыңайтқыштарды субсидиялау
Минералдық тыңайтқыштардың құнын субсидиялау тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады.
Субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне төленеді.
Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті жылғы 1 ақпаннан бастап 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады, бұл ретте өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) беру тыңайтқыштарды сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде жүзеге асырылады.
Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінім берген тыңайтқыштардың түрлері мен көлеміне (өтінімдерде көрсетілген егіс алаңына тыңайтқыштарды енгізу нормаларын ескере отырып), жергілікті атқарушы органдармен бекітілген субсидияланатын тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесі мен субсидиялар нормаларына сүйене отырып есептеледі.
Қағидаларға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тыңайтқыштарды субсидиялауға өтінімді толық құны бойынша (100%) және арзандатылған құны бойынша (50%) да беруге мүмкіндігі бар.
Тыңайтқыштарды отандық өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сатып алу-сату шартының негізінде өзіне тиесілі субсидияларды отандық өндірушіге төлеу туралы өтпелі өтінім бере алады. Отандық өндірушілер Qoldau.kz веб-порталдағы субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізіліміне өтпелі өтінім (құнының 50%-ы бойынша) түскеннен кейін минералдық тыңайтқыштарды тиеп жөнелтеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.
Субсидия алу шарттары Қағидалардың 65-тармағында көрсетілген.
Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау
Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау (бұдан әрі – пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады.
Субсидиялар сатып алынған пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне төленеді.
Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау жер учаскелері орналасқан жер бойынша тиісті жылдың 1 сәуірі мен 1 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады, бұл ретте өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) беру пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде жүзеге асырылады.
Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші өтінім берген пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) түрлеріне және көлемдеріне (Пестицидтердің тізімінде көрсетілген қолдану регламентін немесе биоагенттiң (энтомофагтың) 1 гектарға (грамм/гектар, дана/гектар) шығыс нормасын ескере отырып) (веб-порталда орналастырылған ғылыми негізделген қолдану нормаларын ескере отырып)сүйене отырып есептеледі.
Пестицидтің (биопрепартты қоспағанда) 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы олардың құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясына байланысты абсолютті мәнде (теңге) белгіленеді. Құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясы бойынша тектесі бар пестицид (биопрепартты қоспағанда) үшін 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы пестицидтің (биопрепартты қоспағанда) немесе тектестің ең төменгі құнының жартысынан аспайтын мәнді құрайды. Құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясы бойынша тектесі жоқ пестицидтің (биопрепартты қоспағанда) үшін 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы тиісті пестицидтің (биопрепартты қоспағанда) ең төменгі құнының жартысынан аспайтын мәнді құрайды.
Сатып алынған биопрепараттардың, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 грамына (данасына, литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормасы абсолюттік мәнде (теңге) тиісті биопрепараттың, биоагенттің (энтомофагтартың) ең төменгі құнының 40 (қырық) пайызынан (қоса алғанда) асырылмай белгіленеді.
Қағидаларға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға өтінімді толық құны бойынша (100%) және арзандатылған құны бойынша (50%) да беруге мүмкіндігі бар. Пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) отандық өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сатып алу-сату шартының негізінде өзіне тиесілі субсидияларды отандық өндірушіге төлеу туралы өтпелі өтінім бере алады.
Мұндай жағдайда, субсидиялар пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндірушіге пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндіруші күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей нақты сатылған пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) жөніндегі мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізген жағдайда төленеді.
Су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау
Су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялаудың тәртібі мен шарттары «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығымен (бұдан әрі - Қағида) реттеледі.
Су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау үдерісі толығымен автоматтандырылған және «Qoldau.kz» автоматтық жүйесінде жүзеге асырылады.
Субсидия алушылар су берушіден суаратын су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алған және оларға ақы төлеу бойынша шығын шеккен АШТӨ болып табылады.
АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) жеткізілген су көлемі су бөлу нүктесінде анықталады.
Сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері қосылған құн салығымен (бұдан әрі – ҚҚС) қоса күріш жүйелеріне арналған тарифтің 50 пайызын (бұдан әрі – %) құрайды.
Басқа АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін жеткізілген судың 1 (бір) м3 арналған субсидиялар суару, су беру тәсілдеріне қарамастан, тарифтерге % қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды:
м3-іне 0,4 теңгеден (нөл бүтін оннан төрт) 2,0 (екі) теңгеге дейін
|
- 60 %
|
м3-іне 2,01 теңгеден (екі бүтін жүзден бір) 4,0 (төрт) теңгеге дейін
|
- 65 %
|
м3-іне 4,01 теңгеден (төрт бүтін жүзден бір) 9,0 (тоғыз) теңгеге дейін
|
- 70 %
|
м3-іне 9,01 теңгеден (төрт бүтін жүзден бір)15,0 (он бес) теңгеге дейін
|
- 75 %
|
м3-іне 15,01 теңгеден (он бес бүтін жүзден бір) 20,0 (жиырма) теңгеге дейін
|
- 80 %
|
м3-іне 20 (жиырма) теңгеден жоғары
|
- 85 %
|
Субсидиялар мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің тиісті аумақтық департаменті Табиғи монополиялар туралы Заңына сәйкес бекіткен тариф пен су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің ең төменгі (субсидияланбайтын) құны (м3-іне 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) теңге) арасындағы айырма (тарифтың субсидияланатын бөлігі) алынады.
Сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
S = (T-Smin)*%, тарифтерді бекітілген ң мөлшерлеріне сәйкес,
мұнда:
S – сатып алынған суаратын судың м3 теңге субсидия мөлшері;
T – бекітілген тариф, (ҚҚС-ны қоса алғанда) м3 теңге;
Ескертпе: егер, су беруші ҚҚС төлеуші болып табылса және заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген болса.
Smin – су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің ең төменгі (субсидияланбайтын) құны (м3-іне 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) теңге);
Күріш жүйелері үшін субсидиялау көрсетілетін қызметтердің ең төменгі (субсидияланбайтын) құны есепке алынбай көзделеді.
Қызмет көрсету мерзімі3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Субсидияларды алу шарттары және тәртібі Қағидалардың 2-бөлімінде көрсетілген.