Айдар парағына өту

Қазақстанда қалай брокер болуға болады? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 12.03.2026

ik.jpg

Біздің көбіміз биржада брокерлер жұмыс істейтінін және негізінен олардың жұмысы әр түрлі бағалы қағаздарды сатуға негізделген, бірақ брокерлер деген кім екені, брокер болып жұмыс жұмыс істеу неге беделді болып есептеледі және брокерлер немен айналысатыны туралы нақты түсінікті екінің бірі білмейтіні анық.

Кім брокер бола алады? 

Алдымен кім брокер бола алатынын анықтайық. Брокер құнды қағаздар нарығындағы сатушы және сатып алушы арасындағы делдал ролін атқарады. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес, жеке тұлғалар бағалы қағаздармен мәмілелерді заңнамада тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, тек лицензиясы бар брокер арқылы ғана жүзеге асыруға құқылы. Ол тек брокер - клиент есебінен және оның мүдделерінде қаржы нарықтарында операциялар жасайтын, нарықтың кәсіби қатысушысы арқылы ғана жасай алады. Брокерде міндетті тәртіпте бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы және биржаның тікелей қатысушысы болуы тиіс. Брокер клиент үшін сатып алынатын бағалы қағаздардың иесі болып табылмайды және өз жұмысы үшін комиссиялық түрінде сыйақы алады.  Клиенттің брокерге бағалы қағаздар нарығында көрсеткен қызметі үшін сыйақыны төлеу шарттары мен тәртібі брокердің ішкі құжаттарында және (немесе) брокер мен клиент арасында жасалған шартта белгіленеді.

Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокерлік ұйым акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және қызметін жүзеге асырады. Клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік ұйым өз қызметін жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында жүзеге асыруға құқылы.

Ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптар және қызметті жүзеге асыру шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Брокерлік компанияның құрылтайшылары мен акционерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес жеке және заңды тұлғалары бола алады. Меншікті капиталдың мөлшеріне, пруденциялық нормативтерге және өзге де міндетті қаржылық көрсеткіштерге қойылатын талаптар «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен, оның ішінде брокерлер және (немесе) дилерлер үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу қағидаларымен айқындалады.

Лицензияны алу үшін өтініш беруші мынадай біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:

  • өтініш берушінің басқару органы бекіткен, жақындағы үш жылға арналған бизнес-жоспарының болуы. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер, онда лицензияны алу мақсаты, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылға  арналған қаржы жоспары, инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері және басқалар көрсетілуі тиіс;
  • бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық  құралдардың және өзге жабдықтың болуы;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ұйымдық құрылымының болуы;
  • Өтініш берушінің ішкі аудит қызметі туралы ереженің болуы.

Лицензиат тек:

  • Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру шарттарын және тәртібін;
  • Операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын;
  • Лицензиаттың және оның клиентінің  құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін  белгілейтін ішкі құжаттары болғанда ғана  бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға құқылы.

Лицензия алу үшін өтініш беруші "Е-лицензиялау" АЖ арқылы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі Агенттікке тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензияларды беру, тоқтата тұру және одан айыру қағидаларында айқындалған құжаттарды ұсынады. Лицензия уәкілетті орган тарапынан бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензияларды беру, тоқтату және қайтару ережелерімен белгіленген мерзімде беріледі, аталмыш ережелер уәкілетті орган басқармасының қаулысымен бекітілген.

Брокер қызметін бақылау жүзеге асырыла ма?

Брокерлік лицензияны қандай себептер бойынша тоқтатуы мүмкін?

Брокерлік лицензиядан қандай жағдайларда айрылуға болады?

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.