Айдар парағына өту

"Ашық НҚА" порталы. Заң жобаларын жария талқылау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 26.04.2021

Сот дәкесі және ноутбук

"Ашық НҚА" порталы – бұл нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда мақұлдау сәтіне дейін оларды талқылау алаңы ретінде құрылған "Ашық үкімет" жобасы компоненттерінің бірі.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар - нормативтік құқықтық актілерін әзірлеушілер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын жария талқылау үшін порталда орналастырады. Әрбір азамат жариялаған нормативтік құқықтық құжаттармен танысып оларды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізе алады.

НҚА жобаларын талқылауға қалай қатысуға болады? 

Сізге ыңғайлы болу үшін порталдағы барлық жария талқылауға қол жетімді нормативті-құқықтық актілердің жобалары санаттар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар бойынша бөлінген. Заң жобалары келесі түрлер бойынша фильтрлеуге болады:

  • Стандарт;
  • Тұжырымдама;
  • Заң;
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  • Бұйрық;
  • Есеп;
  • Қаулы;
  • Шешім;
  • Регламент;
  • Келісім;
  • Ереже;
  • Жарлық;
  • Өкім.

Егер жоғарыда көрсетілген параметрлер бойынша сіз қажетті құжатты таба алмаған болсаңыз, онда іздеуді пайдалануға болады.

Әрбір жарияланған нормативтік құқықтық актіде оның мәртебесі, типі, құрылу күні мен жария талқылаудың аяқталу мерзімі туралы ақпарат бар. Оған қоса берілген құжаттарды файл түрінде жүктеп алуға болады.

Егер сізде құжаттың негізгі мазмұнының қандай да бір жолына ескертулер болса, онда олардың әрқайсысына жеке пікір қосуға болады.

Пайдаланушылардың барлық пікірлері парақтың соңында көрсетіледі, бұл ретте әрқайсысы үшін "Қолдау" және "Қарсы" белгілерінің көмегімен дауыс беруге болады.

Айта кетерлік жайт, пікір қалдыру үшін порталда авторлану жасағаны дұрыс, бірақ міндетті емес, өйткені аты-жөнін, e-mail көрсету және "captcha" тетігін толтыру арқылы пікір қалдыру мүмкіндігі қарастырылған.

Егер сіз жекелеген құжаттарда немесе бөлімдерде (Санаттар/ОМО) өзгерістерді қадағалауға жазылу арқылы жарияланатын нормативтік құқықтық актілерді талқылауға белсенді түрде қатысуға ниет етсеңіз порталда авторлану қажет.

Ашық үкімет компоненттері eGov.kz порталымен тікелей байланысты, өйткені, оларда ЭЦҚ-ның болуын талап ететін бірыңғай тіркеу тетігі бар. Толығырақ тіркеу рәсімі туралы электрондық үкімет порталында "Порталда бірінші рет" деген бөлімінен біле аласыздар.

Азаматтардың барлық пікірлерін нормативті құқықтық актілердің әзірленуін жетекшілік ететін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қарайды, содан кейін, жария талқылауды аяқтау нәтижелері бойынша, жүйе қабылданған және қабылданбаған ескертпелер мен ұсыныстарды қоса бере отырып есеп құрайды.

"Ашық үкімет" курсы бойынша семинар бағдарламасы бойынша дәріс

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.