Айдар парағына өту

Әуе сапарлары кешіккенде, кейінге шегерілгенде жолаушыларға төленетін өтемақылар Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 30.09.2020

Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамамен, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 86 бап тасымалдаушының рейс болмаған немесе кідірген кездегi жолаушы алдындағы жауапкершілігі көзделген.

Осылай, тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідірген, орындалмаған кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттері мен аралық пункттерде мынадай:

  1. Жеті жасқа дейінгі балалы (болған кезде) жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну;
  2. Рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын шалу, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық почта арқылы екі хабарлама жіберу;
  3. Рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету;
  4. Рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан аса және әрі қарай күткен кезде:
  • күндізгі уақытта - әрбір алты сағат сайын;
  • түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
  1. Рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан аса және түнгі уақытта алты сағаттан аса күткен кезде тасымалдаушы ұсынған қонақ үйге орналастыру;
  2. Қонақ үй қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда тасымалдаушы ұсынған көлікпен әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.

Осы тармақта көрсетілген қызметтер жолаушыларға қосымша ақысы алынбай көрсетіледі.

Тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе он сағаттан астам мерзімге кідіртілетін кезде, жолаушының қалауы бойынша, тасымалдаушы:

  1. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қызметтер көрсете отырып, жолаушыны билетте көрсетiлген баратын жеріне жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етуге;
  2. Жолаушыға билеттiң толық құнын қайтаруға мiндеттi.
  3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарды бұзуға жол берген тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады.

Сонымен бірге, Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығымен бекітілген) 39 және 40 тармақтарына сәйкес авиакомпания жолаушыға көрсетiлген қызмет көрсетудi ұсыну нәтижесiндегi немесе соған байланысты ол көтерген залалдарды немесе шығыстарды өтейдi.

Авиакомпанияның кiнәсынен жолаушыны тасымалдау кiдiртiлген кезде, егер ол еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, соңғысы жолаушыға әрбiр кiдiртiлген сағат үшiн билет (кiдiрiс болған ұшу учаскесiнде) құнының 3 пайызы мөлшерiнде (кідіріс орын алған ұшу участкесі) айыппұл төлейдi.

Өндiрiп алынған айыппұл сомасы сатып алынған билет (кiдiрiс болған ұшу учаскесiнде) құнынан аспауы қажет.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.