Айдар парағына өту

Шетелдік қаржыландыру кезінде қандай есептер ұсынылады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 16.02.2021

Шетелдік қаржыландыру мониторингі шетелден алынатын қаражатты пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда енгізілді.

Мониторинг кәсіпкерлердің қаржы ағындарына, олардың шаруашылық қызметіне қатысты емес. Әңгіме кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ үкіметтік емес ұйымдарды мақсатты шетелдік қаржыландыру туралы ғана болып отыр.

Шетелдік қаржыландыру мониторингі нені қамтиды

Мониторинг жеке және заңды тұлғаларға шетелден жіберілген қаржы қаражатын қамтиды.

Мониторинг шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алған жеке және заңды тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады:

  • заң көмегін көрсету, оның ішінде құқықтық ақпарат беру, азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау және білдіру, сондай-ақ оларға консультация беру;
  • қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеу және жүргізу, сондай-ақ олардың нәтижелерін тарату және орналастыру;
  • көрсетілген қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинау, талдау және тарату.

Ақша мен өзге де мүлікті алу және жұмсау туралы есептілікті ұсыну

Шетелдік қаржыландыру мониторингіне қатысушылар мемлекеттік кірістер органдарына есептілікті ұсыну талаптарына жатады.

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 241 және 242 бұйрықтарымен ақша мен өзге де мүлікті алу және жұмсау туралы хабарламалардың (017.00 Т.) және мәліметтердің (018.00 Т.) тәртібі, мерзімі және нысандары айқындалды.

Субъектілер тұрғылықты/орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарын көздерден 1 теңгеден асатын мөлшердегі ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны туралы хабардар етеді.

Хабарлама алынуға тиісті деректер міндетті түрде толтырыла отырып, көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлік алынған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Алу сомасын, міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту бөлігінде көздерден бұрын ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу шарттарына өзгерістер енгізілген жағдайда, хабарлама алу шарттарына өзгерістер енгізілген күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

  1. Алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті көздерден қайтарған жағдайда, негізгі хабарламаның тіркеу нөмірін көрсете отырып және «алу» белгісімен көрсетілетін сомалық мәндерді көздейтін бағандарды қоспағанда, бағандардың бұрын көрсетілген барлық деректемелерін толтыра отырып, қайтарылған күннен кейінгі күннен бастап
    3 жұмыс күні ішінде «Қосымша» түрін көрсете отырып хабарлама жіберіледі.
  2. Бұдан басқа, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік кірістер органдарына шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу және жұмсау туралы 1 теңгеден асатын мөлшердегі мәліметтерді ұсынуға тиіс.

Көздерден ақша алынған және (немесе) жұмсалған және (немесе) өзге мүлік өткізілген күнтізбелік тоқсан мәліметтерді ұсыну үшін Есепті кезең болып табылады.

Көрсетуге жататын деректер болмаған жағдайда, бұл мәліметтер нөлдік мәндермен ұсынылады. Кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) тексерілетін салық кезеңі бойынша бұрын ұсынылған мәліметтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Мәліметтер субъектілерден алынған ақша және (немесе) өзге де мүлік толық жұмсалғанға дейін берілуге тиіс.

Кім мониторингке жатпайды

Мониторингпен көзделген талаптар мыналарға қолданылмайды:

  1. мемлекеттік мекемелер;
  2. лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, ҚР Парламенті және мәслихаттар депутаттарына (өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда), әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;
  3. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру ұйымдары;
  4. тізбесін ҚР Үкіметі бекітетін мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;
  5. мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептер;
  6. адвокаттық, нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақша және (немесе) өзге де мүлік;
  7. квазимемлекеттік сектор субъектілері;
  8. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктері, шет мемлекеттің консулдық мекемелері, сондай-ақ олардың қызметкерлері үшін;
  9. ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақша және (немесе) өзге де мүлік;
  10. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақша және (немесе) өзге де мүлік;
  11. емделуге ақы төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақша және (немесе) өзге де мүлік;
  12. сыртқы сауда келісімшарттары бойынша түсім түрінде алынатын ақша және (немесе) өзге де мүлік;
  13. халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақша және (немесе) өзге де мүлік;
  14. ҚР заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақша және (немесе) өзге де мүлік;
  15. төлем көзінен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен жеке табыс салығы бұрын салынған дивидендтердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомалары;
  16. ҚР Үкіметі белгілеген өзге де жағдайлар.

Шетелдік қаржыландыру туралы мәліметтерді ұсынбағаны үшін жауапкершілік

Хабарламағаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

  • жеке тұлғаларға - 50 АЕК,
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-100 АЕК,
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 200 АЕК,
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 350 АЕК.

Дәйексіз немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну қызметті тоқтата тұрып айыппұл салуға әкеп соғады

  • жеке тұлғаларға - 100 АЕК,
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 200 АЕК,
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 400 АЕК,
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 700 АЕК.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде әрекетті немесе әрекетсіздікті қайталап жасау қызметке тыйым сала отырып, айыппұл салуға әкеп соғады

  • жеке тұлғаларға - 150 АЕК,
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 250 АЕК,
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 450 АЕК,
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-1000 АЕК.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.