Республиканың кейбір бөліктері ядролық қару және басқа апатты климаттық ықпалдарды қолдану салдарынан радиациялық немесе экологиялық апат аймақтары болып танылды. Осы аймақтарда тұратын азаматтарға заңнамамен әлеуметтік және медициналық салаларда әр түрлі қолдау көзделген.
Семей ядролық сынақ полигонында тұратындарға төлемдер
40 жыл бойы Семей ядролық полигонында ядролық қару сынақтары жүргізілді, оның салдарынан экологиялық апат туындады – адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға орны толмас шығын гізілді, халықтың жалпы аурушаңдығы өсіп, өлім артты. Экологиялық апат аймақтары болып Семей облысының барлық аумағы, полигонға жақын жатқан Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысының барлық аумағы танылған.
Жеңілдіктерді экологиялық апат аумағында тұратын, жұмыс істеген немесе қызметтен өткен адамдар ала алады (соның ішінде мерзімдік). Радиациялық қауіп аймақтары, төлем мөлшерлері және жеңілдіктер түрлері, төлем мөлшерлері бойынша жіктелу, радиациялық қауіп аймақтары төменде көрсетілген кестеде көрсетілген.
№
|
Радиациялық қауіп аймақтары
|
1949-1965жж. тұрғандарға бір реттік жәрдемақы мөлшері
|
1966-1990жж. аралығында тұрғандарға бір реттік жәрдемақы мөлшері
|
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақығашыққан, радиациялық ықпалға ұшыраған оның аумағында қазір тұратын адамдарға үстемеақы
|
Радиациялық ықпалға ұшыраған аумақта тұратын халыққа қосымша еңбек төлемі
|
Радиациялық ықпалға ұшыраған аумақта қазір тұратындарға жыл сайынғы төленетін демалыс
|
Радиациялық ықпалға ұшыраған аумақта қазір тұратын халыққа жеңілдіктер және өтемақылар
|
1
|
Төтенше радиациялық қауіп аймағы:
- Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Саржал селолық округі.
- Шығыс Қазақстан облысты Бесқарағай ауданы Долон селолық округі.
- Шығыс Қазақстан облысы таратылған Жаңасемей ауданының елді мекендері.
|
әр тұрған жыл үшін 5,23 АЕК
|
әр тұрған жыл үшін 1,05 АЕК
|
2,09 АЕК
|
2 АЕК
|
14 күнтізбелік күн
|
Қазіргі уақытта экологиялық апат аумағында тұратындар жеңілдіктерге құқылы
- Әйелдер қалыпты босануда ұзақтығы 170 күнтізбелік күн жүктілік және босануы бойынша демалысқа құқылы (әдетте ұзақтығы 126 күнді құрайды) және 184 күн – қиналып босанғанда немесе екі және одан да артық балалар болғанда.
- 18 жасқа дейінгі балалар санаторлық-сауықтыру мекемелерінде тегін сауықтыруға құқылы (медициналық көрсеткіштер бойынша).
|
2
|
Барынша көп радиациялық қауіп аймақтары
- Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Абай, Бесқарағай және қысқартылған Жаңасемей ауданы, Ақбұлақ, Абыралы, Алғабас, Айнабұлақ, Қараөлең және Таңат селолық округтері.
- Павлодар облысы Май ауданы Ақжар жәге Малдар селолық округтері.
|
әр тұрған жыл үшін 2,62 АЕК
|
әр тұрған жыл үшін 1,05 АЕК
|
1,83 АЕК
|
1,75 АЕК
|
12 күнтізбелік күн
|
3
|
Жоғары радиациялық қаупі бар аймақ
- Бородулиха, Жарма, Аягөз, Глубоков, Шемонаих, Ұлан аудандары, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы.
- Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы.
- Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы.
- Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы.
- Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының қысқартылған Қазыбек би ауданы аумағының шегінде.
- Павлодар облысы Май ауданы.
|
әр тұрған жыл үшін 1,57 АЕК
|
әр тұрған жыл үшін 0,79 АЕК
|
-
|
1,5 АЕК
|
10 күнтізбелік күн
|
4
|
Радиациялық қаупі төмен аймақ
- Шығыс Қазақстан облысының Үржар, қысқартылған Таскескен, Көкпекті, Ақсуат, Алтай, Зайсан және Тарбағатай аудандары.
- Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, қысқартылған Қазыбек би ауданы аумағында.
- Павлодар облысы Аққулы ауданы.
|
әр тұрған жыл үшін 1,05 АЕК
|
әр тұрған жыл үшін 0,52 АЕК
|
-
|
1,25 АЕК
|
7 күнтізбелік күн
|
5
|
1949 жылдан 1949 жылға дейін жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақ.
- Павлодар облысы Баянауыл ауданы.
|
әр тұрған жыл үшін 0,26 АЕК
|
-
|
1 АЕК
|
5 күнтізбелік күн
|
Семей ядролық полигоны аймақтарында белгіленген кезеңдерде тұратын азаматтар үшін қосымша ерекшеліктер
Бір жолғы ақшалай өтемді қазіргі тұратын жеріне қарамастан радиациялық қауіп кезеңінде тұратын адамдар ала алады. Радиациялық қауіпке ұшыраған аумақтарда қазір тұратын халық қосымша еңбекақы, жыл сайынғы төленетін демалысты алуға құқылы.
- Бірінші кезекті медициналық көмек. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабымен Семей полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету және оларға кешенді медициналық көмек көрсету олардың тұрғылықты жері немесе жұмысы бойынша медициналық мекемелерде жүзеге асырылады. Осы адамдарға кезектен тыс мамандандырылған медициналық көмек Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерімен жүзеге асырылады.
- Зейнетақымен қамтамасыз ету. 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін 5 жылдан кем емес мерзімде төтенше және жоғары радиациялық қауіп аймақтарында тұратын азаматтар зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқылы:
- ерлер – жиырма бес жылдан кем емес жалпы жұмыс өтілінде 50 жасқа толуы бойынша;
- әйелдер – жиырма жылдан кем емес жалпы жұмыс өтілінде 45 жасқа толуы бойынша.
- Арнайы мемлекеттік жәрдемақы.
- ядролық сынақтарға қатысқан және Семей ядролық сынақ полигонында 1949 және 1990 жылдар арасында жаттығуларға қатысқан адамдар Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктерге теңестіріледі және 6,19 АЕК мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы;
- ядролық қаруды сынауға байланысты мүгедектігі бар азаматтар Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктерге теңестіріледі және 7,55 АЕК көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы.
Семей ядролық сынағында ядролық қаруды сынау салдарынан зардап шеккен адамдарды тіркеу
Сәулеленуге ұшыраған (жоғарыда аталған кезеңде) және радиациялық қауіп аймақтарында тұратын ҚР азаматтарына жеңілдіктер алу үшін алдын ала тіркелу және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендер куәлігін алу қажет. Ол үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында немесе жұмыспен қамту басқармаларында және әлеуметтік бағдарламаларда радиациялық қауіп аудандарындағы жұмысты, қызметті немесе оқытуды растайтын құжаттарды қоса берумен өтініш беру қажет.
Жоғарыда аталған қаулымен белгіленген тәртіпте бұрын берілген куәлікпен қатар тиісті радиациялық қауіп аймағында тұру кезеңі мен айғағын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
- мұрағат анықтамалары, селолық, кенттік (ауылдық) халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үй пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары;
- еңбек кітапшасы;
- оқу орнын аяқтау туралы диплом;
- әскери билет;
- туу туралы куәлік, орта білім туралы аттестат, негізгі мектептік аяқтау туралы куәлік.
Семей сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға жеңілдіктерге құқық туралы куәлікті беру өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша әкімдіктің жанынан құрылған арнайы комиссиямен 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Комиссияға радиациялық қауіптің тиісті аймақтарында тұру кезеңін және айғағын растайтын құжаттарды қоса берумен өтініш беріледі.
Арал маңындағы экологиялық апат
Арал маңындағы қазақстандық бөліктің қарқынды шөлге айналуы халықтың әл-ахуалының қолайлы шарттарының түсуін, атап айтқанда аурушаңдықтың артуына жағдай жасады. Осы себептер бойынша Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстарының кейбір аймақтары экологиялық апат аймақтары болып танылды. Осыған байланысты экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықты әлеуметтік қорғаудың келесі шаралары қамтамасыз етіледі.
№
|
Экологиялық апат аймақтары
|
Экологиялық апаттың аталмыш аймағында зардап шеккендерге жататын азаматтар
|
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарға коэффициент
|
Қосымша еңбек ақы, стипендия
|
Жыл сайынғы төленетін қосымша демалыс
|
Жеңілдіктер және өтемақылар
|
1
|
Экологиялық апат аймағы:
- Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандары
- Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
|
- белгіленген тәртіпте экологиялық апат аймағы мәртебесін алған аумақта 1970 жылдан бастап қазірге дейін тұрған немесе қазір тұрған адамдар (соның ішінде 10 ға дейінгі балалар);
- осы аймақта 3 жылдан кем емес тұратын немесе тұрған экологиялық апатпен себептік байланысты бар аурудан денсаулығын жоғалтқан азаматтар.
|
1,5
|
1,5
|
12 күнтізбелік күн + 1 айлық жалақы мөлшерінде сауықтыруға материалдық көмек
|
- Қарттар және мүгедектерге арналған интернат үйлерде орындармен басым түрде қамтамасыз ету.
- Экологиялық апат аймағында бес жылдан кем емес жұмыс істегендерге бірінші кезекті пәтер беру.
- Экологиялық апат себебі бойынша І және ІІ топтағы мүгедектер Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалалалары, облыс орталықтарын қоспағанда жаңа тұрғылықты жерң бойынша бірінші кезекті тұрғын үй алуға құқылы.
|
2
|
Экологиялық дағдарыс аймағы:
- Қызылорда облысы (Арал және Қазалы аудандарынан басқа), Қызылорда және Байқоңыр қаласы, соның ішінде оның әкімшілік-аумақтық бағынысына кіретін елді мекендер
|
- белгіленген тәртіпте экологиялық апат аймағы мәртебесін алған аумақта 1975 жылдан бастап 15 жылдан кем емес тұрғандар немесе тұратын азаматтар (соның ішінде 15 жасқа дейінгі балалар);
- экологиялық апатпен себептік байланысы бар аурудан денсаулығын жоғалтқан, осы аймақта 5 жылдан кем емес тұрған немесе тұратын азаматтар.
|
1,3
|
1,3
|
9 күнтізбелік күн + 1 айлық жалақы мөлшерінде сауықтыруға материалдық көмек
|
3
|
Экологиялық дағдарыстан кейінгі жағдай аймағы:
- Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар (бұрынғы Мұғалжар ауданының елді мекендері шекарасында), Ақтөбе облысының Темір ауданы.
- Арыс (соның ішінде Арыс қаласы), Отырар, Созақ, Шардара аудандары және Түркістан қалалары.
- Қарағанды облысы Улытау ауданы (Жезқазған облысының бұрынғы Жезді ауданының елді мекендерінің шекаралары шегінде)
|
- Экологиялық дағдарыстан кейінгі жағдай аймағы мәртебесін белгіленген тәртіпте алған аумақта 1975 жылдан бастап 20 жылдан кем емес тұрған немесе тұратын азаматтар (соның ішінде балалар және 18 жасқа дейінгі балалар);
- экологиялық апатпен себепті байланысы бар аурулардан денсаулығынан айрылған, осы аймақта 7 жылдан кем емес тұратын немесе тұрған азаматтар.
|
-
|
1,2
|
7 күнтізбелік күн + 1 айлық еңбекақы мөлшерінде сауықтыруға медициналық
|