
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы (goszakup.gov.kz) – бұл мемлекеттік сатып алуды нақты уақыт режимінде өткізуге мүмкіндік беретін мемлекеттік ақпараттық жүйе.
Портал тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге қажеттіліктері, оларды шоғырландыру, сатып алу рәсімдерін жүргізу, өнім берушіні айқындау, электрондық шарттар жасасу және олардың орындалуы туралы ақпараттың жариялануын қамтамасыз етеді.
Порталдың функционалына кіреді:
- процеске қатысушыларды тіркеу;
- мемлекеттік сатып алуды жоспарлау;
- өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат жинау;
- электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу, оның ішінде тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында электрондық құжаттармен алмасу;
- жоспарланған, өткізілетін және жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат беру;
- статистика мен есептілікті қалыптастыру;
- түсіндірмелерді және нормативтік-анықтамалық ақпаратты жариялау;
- мемлекеттік сатып алу тізіліміне енгізілетін мәліметтерді ұсыну және жариялау.
Жүйе шешетін міндеттер:
- Мемлекет мұқтажы үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға бюджеттік шығыстарды төмендетеді;
- Мемлекеттік тапсырысты қалыптастырудың және орналастырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді;
- Өнім берушілер арасында бәсекелестіктің тең жағдайларын жасайды;
- Жинақталған ақпаратқа жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
- Қағаз құжат айналымын айтарлықтай азайтады;
- Мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындылығын арттырады;
- Мемлекеттік сатып алу процесінде құқық бұзушылықтар санын төмендетеді.
Порталмен қалай жұмыс істеу керек
Электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін ЭЦҚ болуы, пайдаланушы ретінде тіркелу және тапсырыс беруші, ұйымдастырушы не өнім беруші ретінде өз ұйымын тіркеу талап етіледі. Тіркеу жөніндегі нұсқаулықтар жеке бөлімде орналасқан.
Порталдың "Көмек" бөлімінде мемлекеттік сатып алуды өткізуге, ұйымдастыруға немесе қатысуға көмектесетін толық жазылған басшылықтарды табуға болады:
Мемлекеттік органдардың өткізілетін сатып алу туралы ақпаратты қарау үшін хабарландырудың, лоттардың тарауларына өту қажет, квазимемсектордан ұйымдардың сатып алуларын олардың жеке бөлімшесінде табуға болады.
Мемлекеттік сатып алу/конкурстық үдерістерінің нәтижелері туралы ақпарат
Мемлекеттік сатып алу порталы әрбір мемлекеттік органның және оның есеп беретін ұйымдарының жылдық жоспарлары бойынша есептерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол үшін "Жылдық жоспарлар" Есебі бөліміне өту керек, параметрлерді (Тапсырыс берушінің жылын, атауын немесе БСН) қою керек және есепті бірден порталда қалыптастыру немесе оны Excel форматында түсіру керек.
Ф. 1 есебі өткізілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы осы бет арқылы қалыптастырылады. Есепті келесі параметрлер бойынша сүзуге болады:
- Жыл
- Тапсырыс берушінің БСН
- Есептілік әкімшісі
- Қаржыландыру көзі
- Бюджет түрлері (республикалық немесе жергілікті)
- Жоспар тармағының үлгісі (қаржы жылынан асатын не аспайтын сатып алу, шартты үнемдеу есебінен сатып алу)
- Аймақ
- ҰҚНЖ (ұйымдық-құқықтық нысандар жіктеуіші бойынша коды)
- ТЖҚК (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер каталогынан коды)
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде көзделген мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу көлемі туралы ақпаратпен Ф. 4 есебін құру мүмкіндігі бар. Осы есепті қалыптастырған кезде жоғарыда көрсетілген фильтрді пайдалану және мемлекеттік сатып алу тәсілін қосымша көрсету қажет.
Қолданыстағы мемлекеттік сатып алу шарттарына мониторинг жүргізу және бағалау мүмкіндігі
Сатып алу тәсілдері бойынша немесе есептілік әкімшілері бойынша тауарлардың сатып алу бағаларының мониторингі арнайы бөлімде жүргізіледі.
Сондай-ақ жеке нысандар арқылы cубъектілер бөлінісінде бағалары мен сатып алу бағаларының мониторингі бойынша талдамалық есептер жасауға болады.
Болашақ сатып алулар туралы ақпарат
"Мемлекеттік сатып алу жоспарларының тізілімі" бөлімінде жоспарланған соңғы мемлекеттік сатып алудың барлық тізімімен, оларды келесі параметрлер бойынша сүзу мүмкіндігімен танысуға болады:
- Жоспар тармағының атауы
- Тапсырыс берушінің атауы/БСН
- Сатып алу тәсілі
- Сатып алу мерзімі
- Қаржы жылы
- Спецификациясы
- Мәртебесі
- Жеткізу орны
- Сатып алынатын зат
- Субъектінің белгісі
Сондай-ақ мұнда бекітілген жоспар тармақтары бойынша статистиканы көруге мүмкіндік берілген.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілдері
Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
- конкурс тәсілімен;
- баға ұсыныстарын сұрату;
- бір көзден алу;
- аукциондар;
- тауар биржалары арқылы.
Жоғарыда белгіленген сатып алу түрлері электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық түрде жүргізілуі мүмкін.
Ашық конкурс арқылы мемлекеттік сатып алу
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер қатысады. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзірлейді, онда:
- мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
- сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық өзіндік ерекшелігі қамтылуға тиіс. Бұл ретте техникалық өзіндік ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған кезде техникалық өзіндік ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
- өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
- тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;
- тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;
- төлем шарттары және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
- бағадан басқа өлшемшарттар, соның негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай өлшемшарттардың салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеу өлшемшарты айқындалады;
- конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларынан басқа, қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып, оларды тасымалдау мен сақтандыру, кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды төлеу шығыстарын, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды көрсету;
- конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағам;
- Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес, конкурсқа қатысуға өтінімдерді, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар;
- конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары, оның мазмұны мен түрлері;
- әлеуетті өнім берушінің өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға өз өтінімін өзгерту немесе қайтарып алу құқығын көрсету;
- конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну тәртібі, тәсілі және соңғы мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі;
- конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау тәртібі;
- конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні және уақыты;
- конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаты;
- алда болатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуда тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атынан өкілдік етуге уәкілетті өкілдері туралы мәліметтер;
- мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарттары, түрлері, көлемі және оны енгізудің тәсілі;
- конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін орналастыруға міндетті. Қатысуға өтініш мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы конкурстық құжаттамада көрсетілген оны ұсынудың мерзімі аяқталу күніне дейін электрондық құжат нысанында беріледі.
Әлеуетті өнім жеткізушісі кепілдік ретінде өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі
Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін:
- мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;
- қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігін таңдауға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтінімді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі нысанасына қарау қорытындысы бойынша конкурстық баға ұсынысы мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде ашылады.
Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы ең төмен шартты бағадан кейінгі келесі баға негізінде айқындалады.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурс нысанасы болып табылатын, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша мол жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы) деп танылады. Шартты бағалары тең бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы) деп танылады.
Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оны өткізуді мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.
Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте тауар аукцион нысанасы болып табылады.
Аукционға қатысуға өтiнiмдерді қарау қорытындысы бойынша айқындалған, біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.
Аукциондық комиссия біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға өтінімдерін біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
Аукционға қатысуға өтінімде ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, аукциондық комиссия аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді деп қарайды.
Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукционға қатысуға жіберу туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі.
Аукционға қатысуға жіберу туралы хаттама орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні – аукционды өткізу күні болып табылады.
Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.
Өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен аукцион өткізіледі.
Аукцион адымы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.
Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді, онда баға туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендету көзделеді.
Аукционды өткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда, аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан төмендетілген, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
Егер аукционға қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға осы қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы емес
Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап 30 минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін 10 минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бірде-бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы аукцион жеңімпазын ең төмен баға негізінде автоматты түрде айқындайды.
Екінші орын алған аукционға қатысушы ең төмен бағадан кейінгі баға негізінде айқындалады.
Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрнеше түрiне баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi олардың бiртектi түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
Берілуі (орындалуы, көрсетілуі) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде мынадай ақпаратты:
- мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы;
- сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын орналастыруға міндетті. Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс Республики Казахстан в области технического регулирования;
- тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орны;
- тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;
- әлеуетті өнім берушілердiң баға ұсыныстарын ұсынуды бастау және аяқтау мерзiмi туралы;
- техникалық өзіндік ерекшелігін көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын орналастыруға міндетті.
Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткеннен кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде баға ұсыныстарын салыстыруды және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығаруды жүргізеді.
Ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде айқындалады.
Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы ұсынылған болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс.
Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің бірде-бір баға ұсынысы ұсынылмаса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы мемлекеттік сатып алу веб-порталында олар шығарылғаннан кейін автоматты түрде орналастырылады.
Бір көзден тәсілімен тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алу
Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:
- Заңда көзделген жағдайларда конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда жүзеге асырылады;
- осы Заңда көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 38-бабының 8 және 10-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға алып келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алулар туралы шартты жасасу
Заңның 31-бабының 11-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алулар туралы шарттың жобасына қол қояды және барынша төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына неғұрлым төмен баға ұсынған немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қол қойылған жобасын мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы оған ұсынған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпаз болып анықталған әлеуетті өнім беруші қол қоюы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының маңызды талаптарына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары уәкілетті орган бекіткен тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарттарға сәйкес жасалады.
Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлері үшін уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу туралы типтік шарттарды бекітуі мүмкін.
Тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын қоса бере отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы куәландыруы керек.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын, сондай-ақ Заңның 26- бабына сәйкес соманы (болған жағдайда) қамтамасыз етуді қамтамасыз етуге міндетті .
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Жеткізуші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің келесі түрлерінің бірін таңдауға құқылы:
- мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын клиенттер үшін клиенттің банктік шотына немесе Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында қарастырылған шотқа төленетін кепілдік ақшалай жарна;
- электронды құжат түрінде ұсынылатын банктік кепілдік.
- уәкілетті орган қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында үлгі сақтандыру шартына сәйкес жасалған жеткізушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартта міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қарастырылуы керек. Айыппұлдың мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес анықталады.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның кез келген сатысында тоқтатылуы туралы ереже болуы керек.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен жеткізуші көрсетілген шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған жағдайда орындалды деп саналады.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуы туралы құжаттар (тауарларды қабылдау-тапсыру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) электронды түрде беріледі.