Айдар парағына өту

Қазақстанда декреттік демалысқа шығу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 29.02.2024

қолдар мен гүл

Жүктілік – бұл әйел өмірінің ең маңызды кезеңдерінің бірі. Өзің туралы ғана емес, өзіңнің келешек балаң туралы ойланатын уақыт. Материалдық әл-ауқат туралы сұрақтар туындайды: осындай ерекше жағдайда мемлекет  қандай көмек көрсетеді? Мемлекет қандай төлемдерді жүргізеді? Жүктілік пен баланы күтіп-бағуға арналған демалыс жұмыстан қандай мерзімге беріледі? Осы мақалада сіз жүктілік басталғаннан кейін  және декреттік демалысқа шыққаннан кейін туындайтын барлық мәселелерге жауап табасыз.

Еңбек Кодексінің 99 бабына сәйкес, жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі:

  1. жүктілікке және босануға байланысты демалыс.
  2. жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс.
  3. бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.

Кодекстің 99 бабына сәйкес, жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы 126 күнтізбелік күнді құрайды (босануға дейін күнтізбелік 70 күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік 56). Қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – 70 күнді демалыс беріледі. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.

Жүктілікке және босануға байланысты демалыстан басқа, қалауынша бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Кодекстің 99 бабына сәйкес, осындай демалысты баланың анасы немесе әкесі ала алады, ал бала ата-ананың қамқорлығынсыз қалған болса, жақын туысына, яғни баланы іс жүзінде тәрбиелейтін адамға беріледі.

Бала күтімі бойынша  демалыс уақытында жұмыстан айрылып қаламын деп уайымдамауға болады. ҚР Еңбек Кодексінің 59-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмысшы әйелді жүктілік және босану бойынша демалысқа байланысты жұмыстан шығара алмайды. Бұдан басқа 104-бапқа сәйкес, бала күтіміне байланысты демалыста болған уақыт еңбек өтілі ретінде есептеледі және кезекті төленетін демалыс ретінде есептеуге мүмкіндік береді.

Баланың күтіміне байланысты демалыс кезінде жұмыстан айрылам деп уайымдамаңыз. ҚР Кодексінің 54 бабына сәйкес, жұмыс беруші сізді жүктілік және бала күтімі бойынша демалысқа байланысты  жұмыстан шығара алмайды. Бұдан басқа, 87 бабына сәйкес, жүктілікке, босануына және бала күтіміне байланысты демалыс уақыты еңбек өтіліне есептеледі, ал жүктілікке және босануға байланысты демалысты тіпті кезекті төленетін демалыс ретінде есептеуге үміттенуге  мүмкіндік береді.

Егер сіз декреттік демалыстан бір жылдан бұрын шығуды шешсеңіз – төлем үшін күдіктенбеуге болады, жұмысқа шығуыңыз төлемдерді тоқтату үшін себеп болмайды. Декреттік демалыстан қалай шығуға болатыны туралы сіз «Декреттік демалыстан шығу» атты пайдалы ақпараттан біле аласыз.

Жұмыс істемейтін әйелдер үшін

Жұмыс істейтін әйелдер үшін

Жәрдемақы мен төлемдер түрлері

Баланың тууына байланысты

біржолғы мемлекеттік жәрдемақы

 

Жүктілігі және босануы  бойынша табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін)

Баланың бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы

Баланың бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы

 

Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлем бiржолғы, ал бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем – ай сайын төленеді. Электрондық үкімет порталында Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау қызметін 8 жұмыс күн ішінде алуға болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдау күнінен бастап 4 жұмыс күн ішінде, ақпараттық жүйелер арқылы оларды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі -Қор) береді.

Қор құжаттар түскен күннен бастап 4 жұмыс күн ішінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ол өтініш берушіні бас тартудың себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КАҚ арқылы өтініш берушіге қайтарады.

Сондай-ақ, Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға қажетті құжаттардың (мәліметтердің) анықтығына тексеру жүргізуге құқығы бap. Осы мақсаттарда қор мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, төлеушіге және өтініш берушіге сұрау салулар жіберуге құқылы. Бұл peттe өтiнiш беруші әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы шешім қабылдауда орын алған іркіліс және шешім қабылдаудың ұзартылу, бірақ бiр айдан аспайтын мерзімге ұзартылу мерзiмдерi туралы жазбаша және (немесе) электрондық нысандарда хабарлануға тиіс.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін құжаттарды:

  • жүктілікке және босануына байланысты жәрдемақыларды тағайындауға құжаттарды уақытша жұмысқа қабілетсіздігі парағы берілген күннен бастап 12 айдан асырмай беру қажет; 
  • 1 жасқа дейін бала күтімі бойынша баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күннен бастап 12 айдан асырмай беру қажет.

Баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (барлық әйелдер үшін)

Кімге тағайындалады. Осы жәрдемақы мемлекеттік бюджеттен барлық босанған, жұмыс істейтін, сондай-ақ жұмыс істемейтін әйелдерге тағайындалады.  

Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшерін қалай есептеуге болады. Баланың тууына арналған жәрдемақының мөлшері бекітілген, бірінші, екінші және үшінші балаға - 38 АЕК* – және  төртінші және одан көп балаға - 63 АЕК құрайды.

* 2024 жылы АЕК 3 692 теңгені құрайды.

Баланың бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін)

Кімге тағайындалады. Баланың күтімін жүзеге асыратын және міндеті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын жұмыс істемейтін әйелдер мен ер адамдарға;

Баланың бір жарым жасқа  толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін қалай есептеуге болады. Жұмыс істемейтін әйелдер мен ер адамдарға төленетін баланың бір жарым жасқа толғанға  дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері бекітілген және:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК* (әр ай сайын);
  • екінші балаға – 6,81 АЕК (әр ай сайын); 
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК (әр ай сайын);
  • төрінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК (әр ай сайын).

* 2024 жылы АЕК 3 692 теңгені құрайды.

Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін)

Кімге тағайындалады.

Ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен Қордан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына (яғни, әлеуметтік тәуекел туған күнге дейін олар үшін әлеуметтік аударымдар түскен жеке тұлғаларға). «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 19-бабы 7-тармағына сәйкес әлеуметтік төлем құқық жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс берілген, еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетілген күннен бастап туындайды.

Жүктілігі және босануы бойынша табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қалай есептеуге болады?

Осы әлеуметтік төлем тек жұмыс істейтін әйелдерге есептелген және бір рет төленеді. Орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік аударымдар бойынша нақты жұмыс істеген мерзіміне қарамастан әлеуметтік қатер туындаған күнге дейін соңғы 12 ай ішіндегі әлеуметтік аударымдар бойынша анықталады. Әлеуметтік төлем мөлшерін білу үшін соңғы жылдағы орташа айлық табыс мөлшерін жұмысқа қабілетсіздік күндер санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, 10% міндетті зейнетақы жарналарын шегеру керек.

Әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын он екіге бөлу арқылы  айқындалады. Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады (ҚР Еңбек кодексінің 99 бабына, әр жұмыс істейтін әйелдің жүктілікке және босануға байланысты төленетін демалысқа және оны жүктілігі ішінде және босанғаннан кейін оны өз қалауынша пайдалануға құқығы бар). 

Мысалы, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы 126 күнтізбелік күнге берілсе, онда коэффициент 126/30=4,2 тең болады.

Айлық табысы 7 ЕТЖ кем болған кезде жүктілігі және босануы бойынша табысынан айырылғанына байланысты әлеуметтік төлемдерді есептеу үлгісі   

ЕТЖ 01.01.2022 бастап 60 000 теңгені құрайды.

Мысалы, бір жыл ішінде Сіз міндетті зейнетақы жарнасын (МЗЖ) шегергенде 1 944 000 теңге табыс алдыңыз:

1 944 000 теңге / 12 = 162 000 теңге,

162 000 теңге * 4,2 = 680 400 теңге;

68 080 теңге сомадағы әлеуметтік төлемнен 10% МЗЖ ұсталады және Сіздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шотыңызға аударылады. Сіздің банктік шотыңызға 612 360 теңге аударылатын болады.

Әлеуметтік аударым табыстан МЗЖ ұсталып, 3,5% мөлшерлесімен төленеді. Орташа айлық табыс мөлшері соңғы 12 айда түскен әлеуметтік аударымдар негізінде есептеледі. Сондықтан, егер сіз, мысалы, 12 есептік айдан 8 ай жұмыс істесеңіз, онда 8 ай ішіндегі жалпы сома жылдағы 12 айға бөлінетін болады. 

Ай сайынғы табысы 7 ЕТЖ-дан асатын әйелдер үшін 

Егер Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес 7 ЕТЖ = 7 * 60 000 теңге әлеуметтік аударым есептеу объектісі ай сайынғы ең жоғарғы мөлшерінен асатын ай сайынғы табыс 700 000 теңгені құрайтын болса, онда әлеуметтік төлем мөлшерін анықтау үшін ай сайынғы табыс мөлшері 420 000 теңге деңгейінде ескеріледі.

Осылайша, көрсетілген табыстан Қорға ай сайын 12 ай бойы әлеуметтік аударым түссе, онда әлеуметтік төлем:

420 000 теңге * 4,2 = 1 764 000 теңге.

Әлеуметтік төлемнен 176 400 теңге сомасынан 10% МЗЖ ұсталады және БЖЗҚ аударылады.

Сізlің банктiк шотыңызға 1 764 000 теңге аударылады.

ҚР Еңбек кодексінің 99-бабы 4-тармағына сәйкес егер еңбек және (немесе) ұжымдық шарт талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші орташа жалақыны сақтай отырып, Қордан төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегеріп, жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.

Еңбекақысы 7 ЕТЖ-дан асатын әйелдер үшін есептеу мысалы

Егер әйел бір жыл ішінде 500 000 теңге мөлшеріндегі табысқа ие болған болса және бұл ретте 126 күнтізбелік күн мөлшерінде жүктілікке және босануға байланысты толық мөлшерде демалыс алатын болса, онда төлем төмендегідей есептеледі:

500 000 * 4,2 – 10 %>420 000 (7 МЗП) * 4,2 – 10% = 1 764 000 тг. 

Бұл сома жұмыс істейтін әйелдер үшін ӘТжб байланысты бір жолғы төлем мөлшерінен асады. Осы сомандан әйел барынша тиесілі төлемді алады - 1 764 000 теңге.

Егер есептеу кезеңі түрлі жылдардың айларын қамтитын болса (соңғы 12 ай үшін), онда әр кезең үшін сома сол жылдағы АЕК-ке сәйкес есептелетінін ескеру қажет (2024 жылы - 85 000 теңге).

Еңбекақының нақты мөлшері сіздің әлеуметтік аударымдарыңызбен расталады.

Бұл есептеген кезде табыс мөлшері аталған кезең ішінде Қорға түскен әлеуметтік аударымдар бойынша айқындалатынын білдіреді. 

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын қалай алуға болады

Жүктілікке байланысты декреттік демалысқа шығу және әлеуметтік төлем тағайындау үшін сізге еңбекке уақытша қабілетсіздігі парағын немесе басқаша айтқанда – еңбекке жарамсыздық парағы  қажет болады. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық парағы – еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландыратын және жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын кім ала алады. Жұмыс істеген жүкті әйелдер, баланы/балаларды туған әйелдер, жаңа туған баланы асырап алған әйелдер мен ер адамдар.

Кім және қандай мерзімге еңбекке уақытша жарамсыздық парағын береді

Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда – ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер - жүктіліктің 30 аптасынан, ал ядролық сынақ әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктіліктің 27 аптасынан бастап ҚР Еңбек кодексінің 99-бабымен көзделген мерзімге беріледі.

Асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босандыратын денсаулық сақтау ұйымының шығару қағазына сәйкес бақылаған жері бойынша әйелдер консультациясында (кабинетінде) қосымша күнтізбелік 14 күнге ұзартылады. 

Еңбекке уақытша  жарамсыздық парағын алу үшін қандай құжаттар қажет. Жалпы жағдайда жеке басын куәландыратын құжат жеткілікті.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы Сізге:

  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы немесе балаларды асырап алуына байланысты демалысты (декреттік демалысты) беру үшін;
  • жүктілікке және босануға, баланы немесе балаларды асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді Қордан алу үшін  қажет болады.

Сізге әлеуметтік төлем алу үшін жүктiлiгі және босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағының екінші жақ бетіне әлеуметтік аударымды төлеушінің белгісі (басшының қолы және жұмыс берушінің мөрі) болуы керектігіне назар аудару керек.

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін)

Кімге тағайындалады. Осы төлем балаға (балаларға) күтімді жүзеге асыратын және қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға (бұдан әрі – қатысушы) тағайындалады. (яғни, олар үшін жұмыс беруші әлеуметік аударымдарды жүргізетін адамдарға).

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мөлшерін қалай есептеуге болады.

Төлемдер мөлшерін есептеу үшін соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты  (әлеуметтік аударымдармен расталады) 24 айға бөлу қажет, содан кейін 0,4 көбейту және 10% міндетті зейнетақы жарнасын алу қажет.   

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемді есептеу үлгісі

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем: мысалы, бала босанғанға дейін әйел 2 жыл жұмыс істейді, бір жыл ішінде оның еңбекақысы бір рет көтерілді. Бірінші жылы әйел 150 000 теңге алса, екінші жылы 200 000 теңге алған.

Бұл жерде қолайлылық үшін  аталмыш сома барлық қажетті аударымдарды шегерумен алынған ретінде санайық (зейнетақы жарналары, табыс салығы және т.б.).

Жалпы табысты санаймыз:

12*150 000+12*200 000=1 800 000 + 2 400 000= 4 200 000 теңге

Алынған соманы 24 айға бөлеміз: 4 200 000/24= 175 000 теңге

175 000 теңге – табыстың орташа айлық мөлшері.

Баланың бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін есептеу үшін осы көрсеткішті 0,4 коэффициентіне көбейтіп, 10% зейнетақы жарналарын шегеру керек, яғни:

175 000*0,4 = 70 000 теңге, 10% шегергенде  босанған әйел ай сайын 63 000 теңгені алады.

*2022 жылы ай сайынғы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем 168 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 40% х7 және жұмыс жасамайтын әйелдер алатын жәрдемақыдан төмен болмауы тиіс.

Жүктілігі, босануы, баланы асырап алуы бойынша табысынан айырылуына байланысты біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттар:

  1. Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.
  3. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты берілген жұмысқа уақытша қабілетсіздігі парағы  (төменде сіз оны қалай алуға болатындығы туралы біле аласыз).
  4. Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының (шотты кез келген ҚР ЕДБ ашуға болады), немесе түзету мекемесінің қолма қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы құжат.

Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар қосымша мынадай құжатты ұсынады:

- жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер);

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдары берген бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар бойынша салық төлеушінің жеке шотынан үзінді көшірме.

Баланың бір жарым жасқа толуына дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттар:

  1. Өтініш.
  2. жеке басын куәландыратын құжат.
  3. Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.
  4. банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы құжат. Шотты  кез келген ҚР ЕДБ немесе банктік операцияларды жүзеге асыратын  «ҚазПошта» АҚ  сияқты басқа ұйымдарда  ашуға болады.  

Бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайда - қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен берілген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме.

  1. Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
  2. Егер құжаттарды үшінші тұлға берсе, нотариалдық куәландырылған сенімхат. алуға болады
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.