Айдар парағына өту

Тапсыруға міндетті нысандар тізбесін қарау «Жүгіртпе» Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 01.03.2023

Ағымдағы жылы ұсынуға қажетті статистикалық нысандар тізбесін қарау үшін пайдаланушы тиісті атауы бар салымды таңдап, «Жүгіртпе» бөліміне өтуі тиіс. Одан соң төмендегіні қамтитын бет ашылады:

  1. БСН/ЖСН-ды енгізу өрісі.
  2. Сұраулар журналы.
  3. «Респонденттердің белгіленген тобына сәйкес тапсыруға тиісті нысандар» кестесі.
  4. «Ескертпе» жолында көрсетілген жағдайда және қызметті жүзеге асыру факт бойынша тапсыруға тиісті нысандар» кестесі.
  5. Респонденттер үшін анықтамалық ақпарат.

1-сурет - «Жүгіртпе» бөлімі

Қажет болған жағдайда әрбір блокты  тілшелерін пайдаланып, жасырып, қайтадан көрсетуге болады.

Беттің үстіңгі жағында енгізу жолы орналасқан, онда үнсіз келісім бойынша ЭЦҚ-дан респонденттің БСН/ЖСН-ы көрсетілген.

Көрсетілген БСН/ЖСН бойынша жүгіртпені алу үшін «Сұрау салу» түймесін басу қажет. Экранда пайдаланушы үшін одан арғы әрекеттер туралы еске түсіруі бар ақпараттық терезе көрсетіледі. Пайдаланушы әрекеттер тәртібімен танысып, «ОК» түймесін басуы тиіс.

Одан соң ақпараттық терезе ашылады, ал сұраулар журналында «Процесте» мәртебесі бар жаңа сұрау пайда болады.

Жүгіртпені қарау үшін жоғарыда көрсетілген сұрауды таңдап, «Деректерді түсіру»  түймесін басу қажет. Сұраулар журналының астындағы кестелерде деректер пайда болады.

«Респонденттердің белгіленген тобына сәйкес тапсыруға тиісті нысандар» кестесі респондент есепті жылы ұсынуы тиіс нысандар тізбесін қамтиды.

«Ескертпе» жолында көрсетілген жағдайда және қызметті жүзеге асыру факт бойынша тапсыруға тиісті нысандар» кестесі респондент белгілі бір шарттарда есепті жылы ұсынуы тиіс нысандар тізбесін қамтиды.

Алынған тізбелерді басып шығару немесе өз жұмыс станциясына сақтау үшін пайдаланушы сұраулар журналында қажетті сұрауды таңдап,  «PDF шығару» түймесін басу қажет. Пайдаланатын web-браузер мен оның теңшеулеріне сәйкес одан әрі құжатты ашу немесе сақтау қосылады.

Сонымен қатар «Жүгіртпе» бөлімінде пайдаланушы нысан бойынша есепті толтыруға өту мүмкіндігі бар, ол үшін қызықтыратын нысанның қасында «Есеп тапсыру» түймесін басу қажет.

Беттің оң жағында жүгіртпенің мазмұны және сұрақтар пайда болған жағдайда статистика органдарына жүгіну тәртібі туралы респондент үшін анықтамалық ақпарат көрсетілген.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.