Заңгерлерді / заңды тұлғаларды қалай табуға болады және онлайн-кеңес алу Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 05.12.2022Сондай-ақ қараңыздар:
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі №176-VI Заңының 24 – бабын орындау мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін» (бұдан әрі – «Е-Заң көмегі») әзірледі.
«Е–Заң көмегі» жобасының мақсаты халықты онлайн режимде білікті заң көмегіне мұқтаж ету, адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыру болып табылады.
«Е-Заң көмегінің» артықшылықтары:
- азаматтарға «Е–Заң көмегі» арқылы жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді енгізу арқылы консультация көрсету сатысында пәрменді құқықтық көмек көрсету мүмкіндігі;
- адвокаттар мен заң консультанттарын сот процесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді тексерудің заманауи құралдарымен қамтамасыз ету;
- қорғаушы немесе өкіл ретінде өз міндеттерін орындау кезінде дәлелдемелер жинау бойынша жұмыс процесін жеделдету;
- онлайн режимінде мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегін көрсетуді және есепке алуды автоматтандыру;
- соттар мен құқық қорғау органдарына адвокаттар мен заң консультанттарының мәртебесі мен өкілеттіктерін онлайн режимде тексеруге мүмкіндік беру;
- заң консультанттары палатасына мүшелік тізілімін жүргізу;
- заң консультанттарының электрондық тізілімінен үзінді көшірме алу мүмкіндігі;
- міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен үзінді-көшірме алу мүмкіндігі);
- адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға мәліметтерге сұрау салу бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау;
- аумақтық адвокаттар алқасы мен заң консультанттары палатасының веб-порталдарын жүргізу;
- заңнамаға байланысты кез келген проблеманың оңтайлы шешімін тез табуға мүмкіндік беретін құқықтық ақпарат кешені, сондай-ақ ақпараттың үлкен көлемін талдау мүмкіндігі бар анықтамалық-құқықтық жүйе.
Жоғарыда атап өтілген артықшылықтардан Сіздің назарыңызды мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мен есепке алуды автоматтандыруға аударғым келеді.
Бұл автоматтандыру мыналарды қамтамасыз етеді:
- адвокаттық қызметті цифрландыру шеңберінде қағазсыз құжат айналымына көшу;
- адвокаттарды сотқа дейінгі тергеу органдары мен соттармен тағайындаудың ашықтығы;
- тапсырмаларды бөлуді біркелкі етеді және адвокаттардың тағайындау бойынша қорғаушы ретінде заңгерлік көмек көрсетуге қол жетімділігінде тең құқықты қамтамасыз етеді;
- жеке және заңды тұлғаларға құқықтық ақпараттандыру түрінде құқықтық көмек көрсетудің қолжетімділігі.
Қызметті сайтта пайдалануға болады www.eup.kz. сондай-ақ, сіз «Zan komegi» мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы жүктей аласыз.