Айдар парағына өту

Адвокатура Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 06.12.2022

әділет таразысыЖоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады.

Сот әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп таныған не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам адвокат бола алмайды.

Мыналар:

  • қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған адам – осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;
  • теріс себептер бойынша мемлекеттік және әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ судья лауазымынан босатылған адам – шығарылған (босатылған) күннен бастап үш жыл бойы;
  • әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам – осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;
  • осы Заңның 44-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адам – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл бойы;
  • теріс себептер бойынша заң консультанттары палатасының тізілімінен шығарылған адам – шығарылған күннен бастап үш жыл бойы адвокат бола алмайды.

Адвокаттың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері

Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері

Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.