Айдар парағына өту

Мүлікке тыйым салу: қандай жағдайларда салынады, қалай алуға болады және ол үшін не істеу керек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 08.09.2021

үйді қамаққа алу

Мүлікке тыйым салу – белгілі бір жағдайлар үшін біздің еліміздің заңнамасымен көзделген жағымсыз, бірақ сонымен қатар қажетті шара. Осы мақаладан мүлікке қандай жағдайларда тыйым салынатынын, ол нені болжайтынын және оны қалай алу керектігін білесіздер. 

Мүлікке тыйым салу ауыртпалық, атап айтқанда шектеу болып табылады, ол сіздің еркіңізден тыс заң негізінде болады. Тыйым салу сіздің мүлікке иелігіңізді, пайдалануыңызды немесе басқаруыңызды шектейді. Басқаша айтқанда, мүлікке тыйым салу – мүлікпен кез келген мәмілелердің жасалуына тыйым салу.   Тыйымды сот, сот орындаушысы, тергеу органы, алдын ала тергеу органы, ал кейде Қаржы министрлігінің салық комитеті сала алады (салық қарызы өтелмеген жағдайларда). Тыйым салынған мүлікті сақтау тапсырылған оның иесі оның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Тыйым салынған мүлікпен мәмілелер тек тыйым салыну тоқтатылған күннен бастап қана мүмкін болады.

Егер мысалы, сізге мүлік үлесі ғана тиісті болса (пәтердегі, машинадағы және т.б. үлес), онда тыйым салу тек сіздің бөлігіңізге ғана қолданылатын болады. Бұл жағдайда тыйым салу мүлікпен басқа қатысушылардың мәмілелер жасасу мүмкіндігінен айырады, демек мүлікке тыйым салу алынғанға дейін мүлікті сату немесе бөлу де мүмкін емес деген сөз.

Тыйым салуға не жатпайды және мүлікке тыйым салу туралы сот шешімін қалай даулауға болады

 

Кодекстің 161-бабына сәйкес азаматтық талапкер немесе прокурор ұсынған азаматтық талапты қамтамасыз етуге тыйым салынған мүлiктiң құны талаптың құнынан аспауға тиiс.

Тыйым салу бірінші қажеттілік заттары болып табылатын мүлікке, сондай-ақ  тізімі Қазақстан Республикасының заңнамамен анықталатын өзге де заттарға салынуы мүмкін емес.

Егер басқа тұлғалардағы мүлік күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекеттері нәтижесінде алынған не қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралы ретінде немесе экстремизмді, терроризмді, ұйымдасқан топты, заңсыз әскери құралымды, қылмыстық қоғамдастықты қаржыландыру үшін пайдаланылған не пайдаланылуға арналған деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, ол мүлікке тыйым салынуы мүмкін.

Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.

Тәркілеуге және сот үкімі бойынша тыйым салуға жатпайтын мүлік

Тәркілеуге сотталушының және оның отбасына (оның асырауында болатын адамдар) қажетті және оған меншік құқығында тиісті немесе ортақ меншіктегі оны үлестері болып табылатын заттар мен мүліктердің түрлері жатпайды:

  1. Егер сотталған және оның отбасы онда тұрақты тұратын болса, тұрғын үй, пәтер немесе оның жекелеген бөліктері.
  2. Тәркілеуге жатпайтын үй және шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелері, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылығын жүргізуге қажетті жер учаскелері.
  3. Негізгі шаруашылығы ауыл шаруашылығы болып табылатын тұлғаларда, - оның отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ мал жемі үшін қажетті сандағы шаруашылық құрылыстары және үй жануарлары.
  4. Ауыл шаруашылық дақылдарын кезекті егуге қажетті тұқымдар.
  5. Үй жағдайындағы заттар, керек-жарақтар, киімдер.
    • киім, аяқ киім, төсек-орын, төсек жабдықтары, пайдалануда болатын ас үй және асхана керек-жарақтары. Ішік және басқа да құнды киімдер, ас үй сервиздері, бағалы металдардан жасалған заттар, сондай-ақ көркем құндылығы бар заттар тәркіленуі мүмкін. 
    • Сотталған және оның отбасының мүшелері үшін қажетті ең аз жиһаз.
    • Барлық балалар заттары.
  6. Егер негізгі жұмысы ауыл шаруашылығы болып табылса, келесі егінге дейін сотталғанға және оның отбасына қажетті сандағы тағам өнімдері, ал қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшердегі жалпы сомаға ақша және тамақ өнімдері.
  7. Тамақ дайындауға және отбасының тұрғын жайын жылытуға арналған отын.
  8. Сотталушы сот үкімімен тиісті қызметпен айналысу құқығынан айрылғанда немесе инвентарьды ол қылмыс жасау үшін қолданған жағдайларды қоспағанда, сотталғанның кәсіби айналысуына жалғастыруға қажетті инвентарь (соның ішінде оқу құралдары және кітаптар).
  9. Мүгедектердің қозғалуына арналған арнайы көлік құралдары.
  10. Сотталған марапатталған халықаралық, мемлекеттік және өзге де сыйлықтар.

Мүлікке тыйымды қалай алуға болады

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.