Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 22.01.2026Пайдалы сілтемелер:
Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі (әрі қарай – С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж) - негізгі орта және қосымша білім беру базасында 2 жыл 10 ай оқу мерзімімен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша кіші командалық құрамды даярлауды жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады және келесі мамандықтар бойынша білім беруді жүзеге асырады:
| Мамандық | Біліктілік |
| Әскери істегі автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар | Байланыс, радиоэлектроника және коммуникация құралдарының технигі |
| Қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету | Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу жөніндегі техник |
| Әскери істегі кіші буын бөлімшелерін басқару | Инженерлік әскерлер бөлімшелерін басқару |
Әскери колледжге қалай түсуге болады?
С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжге оқуға түсетін жылы он бес жасқа толған, бірақ он жеті жастан аспаған азаматтар оқуға түсуге құқылы.
Азаматтардың түсуі уәкілетті орган бекітетін әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Оқуға түсушілер әскери колледждің қабылдау комиссиясына қабылдау қағидаларының қосымшасына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
Қабылдау комиссияларына құжаттардың толық пакетін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді.
С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге оқуға түсуші қабылдау жылының 1-5 тамызын қоса алғанда, Әскери колледжге ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келеді және қабылдау туралы өтініш береді.
Келесі талаптарға сәйкес келмейтін оқуға түсуші С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжіне қабылдаудан бас тартылады:
- сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылғандар;
- әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруы барлар;
- заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы барлар;
- бұрын сотталғандар немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 36-бабы және 35-баптың бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылғандар.
Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери колледждерге қабылдау келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
I кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;
II кезең – әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;
III кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
IV кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.
Оқуға түсушілерге әрбір қабылдау кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
Оқуға түсушілерді алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеу ынталылық, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша колледждің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша әскери колледждерде оқуға жарамдылығын айқындауды қамтиды және оны Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес құрылған медициналық комиссия жүргізеді.
Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру Қабылдау қағидаларының 2-1-қосымшасы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды.
Барлық жаттығулар үшін балдар жиынтығы бойынша 60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша ең төмен балл жинамаған азаматтық жастар қатарынан оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді және оқуға түсушілердің ең жоғарыдан ең төменгіге дейін балдар рейтингісін жасауды қамтиды. Рейтинг Әскери колледждің қабылдау комиссиясының хаттамасымен нысан бойынша ресімделеді.
Әскери колледждерге рейтингте бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады.
Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және Әскери колледжердің интернет ресурстарына орналастырылады және 23 тамызда әскери колледж бастығының бұйрығымен бекітіледі. Апелляцияға өтініштер 22 тамызда сағат 11.00-ге дейін қабылданады.
Әскери колледждерге қабылдауға конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда Заңның 39-бабы 1-тармағында көрсетілген адамдардың құқығына басымдық беріледі:
- жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;
- жас сарбаз, жас айбын ретінде кемінде екі жыл кезең ішінде әскерге шақыруға дейінгі даярлықтан өткен азаматтардың;
- еңбек сіңірген жылдары кемінде он бес жыл болатын әскери қызметшілердің, сондай-ақ теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, еңбек сіңірген жылдары жиырма және одан көп жыл болатын әскери қызметтен шығарылған адамдардың балаларының;
- қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе əскери қызмет өткерген кезеңде мүгедек болып қалған əскери қызметшілер балаларының;
- "Алтын белгі" белгісімен наградталған адамдардың;
- тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші – үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші – үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының растайтын құжаты (бар болған кезде) бар тұлғалар.
С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде білім алушы оқудың үшінші курсына ауысқан кезде С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсуші оқу үшін қабылдау жылының 29 тамызына дейін колледжге келеді.
Байланыс деректері:
Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы 16/1, тел. 8 (7172) 27-38-53, 8 778 072-45-15
С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж бойынша толық мәліметті www.voencollege.mil.kz сайтынан алуыңызға болады.
Әскери колледждерге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына түсу үшін құжаттар тізімі
- Оқуға қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш немесе оқуға түсушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген баянат.
- Жеке куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа). Оқуға түсуші он алты жасқа толғанға дейін туу туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
- Негізгі орта білім туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме).
- Азаматты медициналық куәландыру картасы (075-У нысаны).
Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық құжаттар мен медициналық зерттеулердің нәтижелері:
1) медициналық ұйымнан есепте тұрғаны туралы мәліметтер:
- туберкулезге қарсы диспансерден анықтама (тұрғылықты жері бойынша);
- психоневрологиялық диспансерден анықтама (тұрғылықты жері бойынша);
- тері-венерологиялық диспансерден анықтама (тұрғылықты жері бойынша);
- наркологиялық диспансерден анықтама (тұрғылықты жерінен);
- наркотесттің нәтижесі;
2) созылмалы аурулар және соңғы он екі ай ішінде ауырған инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғаны туралы мәліметтер;
3) дәрі-дәрмекті және басқа да заттарды көтере алмауы (жоғары сезгіштігі) туралы мәліметтер;
4) жыл сайынғы профилактикалық медициналық қарап-тексеру туралы мәліметтер;
5) Есепке алу және есептік құжаттама нысанына сәйкес құжаттар: амбулаториялық пациенттің медициналық картасы (052/у нысаны), профилактикалық қарап-тексеру (скрининг) картасы (055/у нысаны), профилактикалық егулер картасы (065/у нысаны);
6) азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын басқа да медициналық құжаттар, рентгенограммалар (Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы, егер майтабан болса, табанның рентгенографиясы), зерттеудің арнайы әдістерінің хаттамалары;
7) медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеулердің нәтижелері:
- жалпы қан талдауы;
- мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);
- жалпы зәр талдауы;
- 12 (он екі) бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша);
- кеуде қуысының мүшелерін 2 проекцияда флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу (медициналық куәландыру күнінен үш айдан ерте емес);
- эхокардиография.
- Көлемі 3х4 см фотосурет-4 дана.
- Қағаз тезтікпе - 2 дана.
- Файл - 5 дана.
- Фотосуретке арналған конверт - 1 дана.
- Соттылығының болмауы туралы анықтама не Ішкі істер органдарында (ювеналдық полицияда) есепте тұрмағаны туралы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшеден қосымша анықтама.
- Спорттық разрядты, республикалық немесе халықаралық жарыстарда, ағымдағы жылғы орындаушылар байқауында, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не ағымдағы жылы республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада алған жүлделі орынды растайтын құжат (болған кезде).
- Ата-ана құқығын шектеуге немесе одан айыруға, ата-анасы хабар-ошарсыз кеткен деп танылуға, қайтыс болған деп жариялауға, әрекетке қабілетсіз (әрекетке қабілеті шектеулі) деп танылуға байланысты жетім балалар мен жалғыз басты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балалар; сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны) қосымша ұсынады:
- ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
- ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;
- ата-анасы хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекетке қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.
- Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органынан анықтама ұсынады.
С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер
| Белтемірге тартылу | 60 метрге жүгіру (сек.) | 2000 метрге жүгіру (мин.) | Балдары |
| 10 | 8.4 | 9.20 | 60 |
| 8.6 | 9.30 | 55 | |
| 9 | 8.8 | 9.40 | 50 |
| 9.0 | 9.50 | 45 | |
| 8 | 9.2 | 10.00 | 40 |
| 9.4 | 10.15 | 35 | |
| 9.6 | 10.30 | 30 | |
| 9.8 | 10.45 | 25 | |
| 7 | 10.0 | 11.00 | 20 |



