Айдар парағына өту

ҚР әскери институттары Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.09.2022

ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылы 27 ақпаны № 815 «ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясы мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» жарғысымен және ҚР Қорғаныс министрінің 2002 жылдың 2 мамыры № 1/29/1/1248 «ҚР Қарулы Күштерінің әскери-оқу орындарында ұйымдастыру іс-шараларын өткізу туралы» Директивасымен ҚР ҚК Әскери академиясы Көкшетау облысының Щучинск қ. орнын ауыстырды. 

ҚР Президентінің 2003 жылдың 21 тамызы № 1173 «Әскери білім беру жүйесін жақсарту шаралары туралы» жарғысымен ҚР ҚК Әскери академиясы «Ұлттық қорғаныс университеті» мемлекеттік мекемесіне өзгерді.

Ұлттық қорғаныс университеті ҚР Қарулы Күштері, басқа әскерлер мен әскери құралымдарына жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды келесі мамандықтар бойынша дайындайды:

Әскери істегі стратегиялық менеджмент

Біліктілік

Жедел-стратегиялық (стратегиялық) деңгейдегі басқару

Әскери істегі менеджмент

Біліктілік:

Мотоатқыш бөлімшелерін басқару 

Жедел-тактикалық басқару

Барлау бөлімдерін жедел-тактикалық  басқару

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскері бөлімдерін жедел-тактикалық басқару

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімдерін жедел-тактикалық басқару

Әскери-әуе күштерінің бөлімдерін жедел-тактикалық басқару

Инженерлік әскерлерді жедел-тактикалық басқару

Жұмылдыру дайындығын басқару

Зымыран әскерлері мен артиллерия құрамалары мен бөлімдерін жедел-тактикалық     басқару

Жауынгерлік басқару

Радиоэлектрондық барлауды ұйымдастыру

Радиоэлектрондық күресті ұйымдастыру

Ұлттық ұланның әскери істегі менеджменті

Біліктілік:

Ұлттық ұланды жедел-тактикалық  басқару

Азаматтық қорғанысты жедел-тактикалық басқару

Ұлттық ұланды тылдық қамтамасыз етуді басқару

Ұлттық ұланды техниқалық қамтамасыз етуді басқару

Ұлттық ұланның тәрбие және идеологиялық жұмысын ұйымдастыру

Әскери істегі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау және экология

Біліктілік:

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерін жедел-тактикалық басқару

Әскери істегі киберқауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Біліктілік:

Киберқауіпсіздік және ақпаратты қорғау жүйелерін басқару

Мемлекеттік күзет саласындағы менеджмент

 Біліктілік:

Объектілердің күзетін және қорғанысын ұйымдастыру

Талдау жұмыстарын және ақпараттық барлауды ұйымдастыру

Әскери істегі  логистика

Біліктілік:

Техникалық қамтамасыз етуді басқару

Тылдық қамтамасыз етуді басқару

Әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс

Біліктілік:

Тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру

Әскери істегі талдау жұмысы

Біліктілік:

Жедел барлауды ұйымдастыру және жүргізу

Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Ұлттық қорғаныс университеті Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымының мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігін дайындайтын оқу орындардың Тізіміне қосылған. Қорғаныс университеті әскери кадрларды жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімінен кейінгі әскери кадрларды дайындау жүргізеді. 

Университет орналасқан мекен-жайы: 010000, Астана, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 72-үй. тел: 8 (7172) 26-36-79.

Құрлық әскерлерінің Әскери институты

Өзінің тарихын институт 1970 жылы құрылған КСРО Жоғары Кеңесінің Қаулысы негізінде Алма-Аты жоғары жалпы әскери командалық училищеден бастау алады.

ҚР Президентінің 1997 жылдың 11 ақпаны № 3353 Жарғысымен И.С.Конев атындағы АЖӘКУ ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясына айналды.

ҚР Президентінің 2002 ж. 27 ақпаны № 815 Жарғысымен Әскери академияның құрамынан ҚР Қарулы Күштері Алматы жоғары әскери училище бөлінген.

2003 жылдың 31 қазанында ҚР Үкіметінің № 1080 қаулысымен ҚР ҚК Алматы жоғары әскери училищесі Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып аты өзгертілді. Институттың бас міндеті болып құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау болып табылады   

Құрлық әскерлерінің Әскери институты жоғары әскери кәсіпқой білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды келесі мамандықтар бойынша дайындайды: 

Әскери іс менеджменті 

Біліктілігі:

Мотоатқыш бөлімшелерін басқару 

Танк бөлімшелерін басқару 

Десанттық-шабуыл бөлімшелерін басқару 

Барлау бөлімшелерін басқару 

Зымыран әскерлері мен артиллерияны басқару

Зымырандық артиллериялық қару-жарақты пайдалану

Әскери ұжымдағы әлеусеттік және идеологиялық жұмыс 

Біліктілігі:

Тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру 

Әскери ұжымның психологиясы

Біліктілігі:

Психологиялық жұмысты ұйымдастыру

Әскери істегі логистика 

Біліктілігі:

Техниқалық қамтамасыз ету

Тылдық қамтамасыз ету

Әскери істегі инженерлік жүйелер мен желілер

Біліктілігі:

Инженерлік  қамтамасыз ету

Әскери істегі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау және экология

Біліктілігі:

 Әскерлерді радиактивтік, химиялық және биологиялық қорғау

 Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімі ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасындағы шешіміне сәйкес Құрлық әскерлерінің Әскери институты Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштері үшін әскери кадрларды бірігіп дайындайтын оқу орындары Тізбесіне қосылған 

Институт замануи оқу-материалдық базамен, техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Училищенің лекциялық аудиториялары, кабинеттері және класстары ғылым мен техниканың заманауи даму деңгейінде әскери мамандарды дайындауға керектінің барлығымен жабдықталған. Оқу үдірісінде оқытудың заманауи техникалық құралдары компьютерлік және есептеу аппараттарын пайдаланумен кеңінен қолданылады.

Олардың басымды сапасы   жоғары теориялық дайындық, жауынгерлік техниканы және қару-жарақты мығым білу, адамдармен жұмыс істеуі, әскери міндетті терең түсінуі мен оны соңына дейін атқаруға дайындығы болып табылады.

Әскери оқу орнының пайда болуынан бастап  10 мыңға жуық мамандар өмірге жолдама алды, олардың 400-ден астам түлектері өзінің әскери міндетін Ауғаныстанда және басқа да ыстық аймақтарда атқарған, Тәжікстан мен Ирактағы бейбітшілік операцияларына қатысқан, сол үшін жоғары үкіметтік наградтарға ие болған.

Көрсеткен жігерліктері мен батырлығы үшін үш офицер: Шахворостов А.Е. (қайтыс болғаннан кейін), Акрамов Н.М. және Гущин С.Н. Кеңес одағының Батыры атағына ие болды, ал лейтенант Олег Чивильевтың атымен Көгершін шоқжұлдызында ғалымдармен ашылған жұлдыз аталды.

2008 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен осы ӘОО-ның түлегі генерал-лейтенант Б.Е.Ертаевқа «Халық қаһарманы» жоғары атағы  берілген. 

Құрлық әскерлерінің Әскери институты келесі мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, Красногорская көш. 35, тел: 8 (7272) 90-13-20, 90-12-87.

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты  

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.