Айдар парағына өту

Әскерге шақырудан босату немесе шақыруды уақытша кейінге қалдыру Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 24.10.2023

Әскери шеру

Жыл сайын Қазақстанда 18-27 жас аралығындағы барлық жас жігіттер шақырылады. Әскери қызмет және Қазақстан Республикасын қорғау әр азаматтың  парызы мен міндеті болып табылады. Алайда бозбаланың әскерден уақытша және тұрақты негізде босатыла алатын бірқатар жағдайлар бар («Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес). Егер соңғысы азаматты әскери қызметтен толық босатуды болжаса, мерзімін кейінге қалдыру – бұл белгілі бір жағдайлар бойынша әскери қызметке шақыру мерзімін уақытша ауыстыру.

Әскери (әскерден) қызметтен босату)

Алдымен Қазақстандағы әскери тәртіп бірнеше бағыттарға бөлінетінін атап өтейік:

  • мерзімді әскери қызмет (18-27 ер адамдар үшін 12 ай мерзімге);
  • запастағы офицерлер қызметі (29 жасқа дейінгі жігіттер мен отыз екі жасқа дейінгі медициналық қызметтің запастағы офицерлері үшін 24 ай мерзімге);
  • келісімшарт бойынша әскери қызмет (келісімшартта көрсетілген мерзімге сәйкес);
  • әскери жиындар (әскери міндеттілер үшін 2 аптадан үш айға дейінгі мерзімде.

Әскерге шақыру жылына 2 рет жүзеге асырылады: сәуірден маусымға дейін және қазаннан желтоқсанға дейін.

Бейбіт уақытында әскери шақырудан мынадай азаматтар босатылуы мүмкін:

  • денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар.

Қазіргі уақытта соған сәйкес азаматтар әскерде қызмет етуге жарамсыз деп танылуы көзделген аурулар тізімі көзделген. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша дәрігер маман мынадай белгілер бойынша азаматтардың жарамдылық санаттары туралы қорытындыны шығарады:

  • "А" – әскери қызметке жарамды;
  • "Б" –  әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды;
  • "В" – кейіннен медициналық куәландырумен тексеруге (емдеуге) мұқтаж;
  • "Г" – әскери қызметке уақытша жарамсыз;
  • "Д" – әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
  • "Е" – әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз.
  • жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;
  • туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе оған бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген;
  • басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;
  • "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;
  • ғылыми дәрежесi бар азаматтар;
  • тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері босатылады.

Бейбіт уақытта әскери жиындарға шақырудан босатылады:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында қорғанысты, қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс iстейтiн адамдар;
  • мемлекеттiк, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналы;
  • ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс iстейтiн адамдар, егіс және егiн жинау жұмыстары кезеңiне;
  • күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарының педагогтері, оқу жылы кезеңiне;
  • күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарында оқитындар;
  • әскери мiндеттi әйелдер;
  • әскери мiндеттілер, запасқа шығарылғаннан кейiнгі екi жыл ішінде;
  • он сегiз жасқа дейiнгі үш және одан да көп баласы бар адамдар;
  • оларға қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе сот қылмыстық iсін қарап жатқан адамдар;
  • Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергіліктi өкілді органдардың депутаттары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері болып сайланған әскери міндеттілер босатылады.
  •  Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырудан босатылады.
  •  Соттылығы бар азаматтар.

Әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыру

 

Жоғарыда айтылып өткендей, әскерге шақыруды кейінге қалдыру – осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру.

Кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша:

Жоғарыда айтылғандай, əскерге шақыруды кейінге қалдыру – осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды əскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру.

Мерзімін кейінге қалдыру мынадай жағдайлар бойынша ұсынылады:

  • отбасы жағдайлары бойынша;
  • білім алуды жалғастыру үшін;
  • денсаулық жағдайы бойынша;
  • басқа да себептер бойынша.

Отбасы жағдайлары бойынша әскерге шақырудан кейінге қалдыру мынадай азаматтарға ұсынылады:

  • басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бiрге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша аталған отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі.
  • Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi:
  • әкесi, анасы, зайыбы, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса;
  • ата-анасы болмаған жағдайда, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері;
  • әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);
  •  өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) асырап отырған анасы (әкесi);
  • бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегiз жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;
  • отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болып табылады;
  • өзiнiң асырауында:
  • анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары);
  • ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға;
  • некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтарға мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру беріледі.​

Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:

 білім беру ұйымдарында жалпы орта білiм алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне;

тиiстi білім беру ұйымдарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі білім алып жүрген азаматтарға оқитыны туралы растайтын құжаттарды ұсынған ретте – бiр жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағанға дейiн;

·                 жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне беріледі.

Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру қашықтан оқытуды қолдана отырып білім алатын азаматтарға берілмейді.

Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға әскерге шақыру комиссиясының шешiмiмен бiр жылға дейінгi мерзiмге беріледi.

Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:

  1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогтерге, барлық жұмыс кезеңіне;
  2. тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге – денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына;
  4. өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiліп жатқан немесе соттар қылмыстық iстерiн қарап жатқан адамдарға – тиiсiнше анықтау, тергеу аяқталғанға немесе сот үкiмi күшіне енгенге дейiн;
  5. тиісті білімі бар азаматтық әуе кемелерінің үшу экипаждарына, азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне азаматтық авиация ұйымдарында барлық жұмыс істеу кезеңіне  беріледі.
  6. кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне су көлігі ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге;
  7.  құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға беріледі.

Бұл жағдайда мерзімін кейінге қалдыру жұмыстың барлық кезеңіне беріледі, ал қылмыстық іс жағдайында – сот шешімі бойынша тергеу аяқталғанға дейін ұсынылады.

Азамат әскерге жарамды/жарамсыз деп танылатын аурулар тізімі 

Аурулар тізімін осы сілтеме бойынша өтіп,  қарай аласыз.

Кестеде пайдаланылатын атаулардың қысқаша сипаттамасы.

Азаматтың әскери қызметке жарамдылық санаттары

  • І баған бойынша:

әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезіндегі азаматтарға;

мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарға;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында (бұдан әрі – ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары) әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша өтеусіз негізде даярлау үшін іріктеу кезіндегі азаматтарға;

жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын(бұдан әрі – мектептер) әскери оқу орындарына (бұдан әрі – ӘОО) оқуға түсетін азаматтарға және оның тәрбиеленушілеріне;

  • ІІ баған бойынша:

техникалық және кәсіби, жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына (бұдан әрі – ӘОО) түсетін азаматтарға (әскери қызметшілерге);

жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға (факультеттерге) түсу кезіндегі және онда оқитын азаматтарға;

запастағы қатардағы жауынгерлер, сержанттар қатарынан келісімшарт бойынша әскери қызметке түсу азаматтарға, мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, сондай-ақ әскери атағы жоқ, әйелдерге

ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына әскери-техникалық және өзге де әскери мамандықтар бойынша өтеулі негізде даярлау үшін іріктеу кезіндегі азаматтарға;

мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;

әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқанға дейінгі ӘОО курсанттарына (кадеттеріне);

есепке алу мақсатында әскери жиынға шақырылатын және одан өту кезіндегі запастағы сержанттар мен қатардағы жауынгерлерге;

  • ІІІ баған бойынша:

әскери қызметке шақырылатын және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін запастағы офицерлерге

келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;

әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге;

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-ға түсу кезіндегі әскери қызметшілерге;

әскери қызмет өту туралы келісімшарт жасағаннан кейінгі ӘОО-ның курсанттарына (кадеттеріне);

есепке алу мақсатында әскери жиындарға шақыру және одан өту кезіндегі запастағы офицерлерге;

  •  ІV баған бойынша:

келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін (келісім шарт бойынша әскери қызметке түсетін) әскери қызметшілерге (азаматтарға), Десанттық-шабуылдау әскерлерінде (бұдан әрі – ДШӘ), Әскери-теңіз күштерінде (бұдан әрі – ӘТК), арнайы мақсаттағы бөлімдерде (бұдан әрі – АрнМақБ) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлерге – талаптар арнайы мақсаттағы, теңіз жаяу әскері, десанттық-шабылдау бөлімшелері және барлау бөлімшелері үшін, жауынгерлік жүзгіштерге және сүңгуірлер құрамына, сондай-ақ корабльдер мен кемелер экипажына;

танкілерді және басқа да машиналарды су астында жүргізуге, сондай-ақ теңізге шығуға тартылатын әскери қызмет өткеретін (әскери жиындардан өтетін) әскери қызметшілерге (азаматтарға) қойылады.

Денсаулық жағдайы бойынша талапқа қосымша атаулар:

ЖЗ – жекелеген әскери-есептік мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке, қызметке жарамсыз, ӘОО-ға (мектептерге) түсуге жарамсыз; зиянды факторлармен әскери қызметке жарамсыз;

В-ДЕРБ – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке жарамдылығы дербес айқындалады және Б немесе В жарамдылық санатын көздейді;

ДЕРБ – жекелеген әскери-есептік мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке жарамдылығы дербес айқындалады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.