Айдар парағына өту

ҚР әскери институттары Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 04.06.2020

ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылы 27 ақпаны № 815 «ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясы мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» жарғысымен және ҚР Қорғаныс Министрінің 2002 жылдың 2 мамыры № 1/29/1/1248 «ҚР Қарулы Күштерінің әскери-оқу орындарында ұйымдастыру іс-шараларын өткізу туралы» Директивасымен ҚР ҚК Әскери академиясы Көкшетау облысының Щучинск қ. орнын ауыстырды. 

ҚР Президентінің 2003 жылдың 21 тамызы № 1173 «Әскери білім беру жүйесін жақсарту шаралары туралы» жарғысымен ҚР ҚК Әскери академиясы «Ұлттық қорғаныс университеті» мемлекеттік мекемесіне өзгерді.

Ұлттық қорғаныс университеті ҚР Қарулы Күштері, басқа әскерлер мен әскери құралымдарына жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды келесі мамандықтар бойынша дайындайды:

Әскери істегі стратегиялық менеджмент

Біліктілік

  • Жедел-стратегиялық (стратегиялық) деңгейдегі басқару

Әскери істегі менеджмент

Біліктілік:

  • Мотоатқыштар (танк) әскерін жедел-тактикалық  басқару
  • Десант-шабуылдау әскерін жедел-тактикалық  басқару
  • Ұлттық ұланды жедел-тактикалық  басқару
  • Барлау бөлімдерін жедел-тактикалық  басқару
  • Зымырандық әскерлер мен артиллерияны жедел-тактикалық  басқару
  • Әуе шабуылына қарсы қорғаныс құрамалары және бөлімдерін жедел-тактикалық  басқару
  • Әскери-әуе күштері құрамалары және бөлімдерін жедел-тактикалық  басқару
  • Инженерлік әскерлерді жедел-тактикалық  басқару
  • Күзет іс-шараларын ұйымдастыру (МКҚ факультеті үшін)
  • Объектілер күзетін және қорғанысын ұйымдастыру (МКҚ факультеті үшін)
  • Террорлық актілерге қарсы әрекеттерді ұйымдастыру (МКҚ факультеті үшін)
  • Байланысты және күзет техникалық жүйелерін ұйымдастыру (МКҚ факультеті үшін)
  • Радиоэлектрондық барлау және радиоэлектрондық күресті ұйымдастыру
  • Кибер қауіпсіздік және ақпаратты қорғау жүйелерін басқару
  • Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс
  • Жүйелерін басқару
  • Жедел-тактикалық РХБҚ басқарма
  • Жедел-тактикалық азаматтық қорғаныс басқарма

Әскери істегі  логистика

Біліктілік:

  • Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді басқару
  • Ұлттық ұланның тылын қамтамасыз етуді басқару

Әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс

Біліктілік:

  • Тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру
  • Психологиялық жұмысты ұйымдастыру
  • Ұлттық ұланының тәрбие және идеологиялық жұмысын ұйымдастыру.

Әскери істегі талдау жұмысы

Біліктілік:

  • Жедел барлауды ұйымдастыру және жүргізу

Докторантура

Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Ұлттық қорғаныс университеті Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымының мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігін дайындайтын оқу орындардың Тізіміне қосылған. Қорғаныс университеті әскери кадрларды жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімінен кейінгі әскери кадрларды дайындау жүргізеді (адъюнктура). 

Университет орналасқан мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 72-үй. тел: 8 (7172) 26-36-79.

Құрлық әскерлерінің Әскери институты

Өзінің тарихын институт 1970 жылы құрылған КСРО Жоғары Кеңесінің Қаулысы негізінде Алма-Аты жоғары жалпы әскери командалық училищеден бастау алады.

ҚР Президентінің 1997 жылдың 11 ақпаны № 3353 Жарғысымен И.С.Конев атындағы АЖӘКУ ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясына айналды.

ҚР Президентінің 2002 ж. 27 ақпаны № 815 Жарғысымен Әскери академияның құрамынан ҚР Қарулы Күштері Алматы жоғары әскери училище бөлінген.

2003 жылдың 31 қазанында ҚР Үкіметінің № 1080 қаулысымен ҚР ҚК Алматы жоғары әскери училищесі Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып аты өзгертілді. Институттың бас міндеті болып құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау болып табылады   

Құрлық әскерлерінің Әскери институты жоғары әскери кәсіпқой білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды келесі мамандықтар бойынша дайындайды: 

Әскери іс менеджменті 

Біліктілігі:

  • Мотоатқыш әскерлерінің командалық-тактикасы
  • Танк бөлімшелерін басқару 
  • Десанттық-шабуыл бөлімшелерін басқару 
  • Барлау бөлімшелерін басқару 
  • Ракета әскерлері мен артиллерия бөлімшелерін басқару  

Әскери ұжымдағы әлеусеттік және идеологиялық жұмыс 

Біліктілігі:

  • Тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру 

Әскери істегі логистика 

Біліктілігі:

  • Материалдық-техниқалық қамтамасыз ету
  • Медициналық қамтамасыз ету

Әскери істегі инженерлік жүйелер мен желілер

Біліктілігі:

  • Инженерлік  қамтамасыз ету

Әскери істегі биотехнологиялар мен экология  

Біліктілігі:

Әскерлерді радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау

Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімі ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасындағы шешіміне сәйкес Құрлық әскерлерінің Әскери институты Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштері үшін әскери кадрларды бірігіп дайындайтын оқу орындары Тізбесіне қосылған 

Институт замануи оқу-материалдық базамен, техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Училищенің лекциялық аудиториялары, кабинеттері және класстары ғылым мен техниканың заманауи даму деңгейінде әскери мамандарды дайындауға керектінің барлығымен жабдықталған. Оқу үдірісінде оқытудың заманауи техникалық құралдары компьютерлік және есептеу аппараттарын пайдаланумен кеңінен қолданылады.

Олардың басымды сапасы   жоғары теориялық дайындық, жауынгерлік техниканы және қару-жарақты мығым білу, адамдармен жұмыс істеуі, әскери міндетті терең түсінуі мен оны соңына дейін атқаруға дайындығы болып табылады.

Әскери оқу орнының пайда болуынан бастап  10 мыңға жуық мамандар өмірге жолдама алды, олардың 400-ден астам түлектері өзінің әскери міндетін Ауғаныстанда және басқа да ыстық аймақтарда атқарған, Тәжікстан мен Ирактағы бейбітшілік операцияларына қатысқан, сол үшін жоғары үкіметтік наградтарға ие болған.

Көрсеткен жігерліктері мен батырлығы үшін үш офицер: Шахворостов А.Е. (қайтыс болғаннан кейін), Акрамов Н.М. және Гущин С.Н. Кеңес одағының Батыры атағына ие болды, ал лейтенант Олег Чивильевтың атымен Көгершін шоқжұлдызында ғалымдармен ашылған жұлдыз аталды.

2008 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен осы ӘОО-ның түлегі генерал-лейтенант Б.Е.Ертаевқа «Халық қаһарманы» жоғары атағы  берілген. 

Құрлық әскерлерінің Әскери институты келесі мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, Красногорская көш. 35, тел: 8 (7272) 90-13-20, 90-12-87.

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты  

ҚР Тұңғыш президенті – Ұлт Көшбасшысы  атындағы Ұлттық қорғаныс университеті

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.