Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 24.06.2026Сондай-ақ қараңыздар:
Азаматтарды Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында («Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМҚК) Қарулы Күштердің қажеттілігіне сәйкес өтеусіз негізде және оқытуға арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтей отырып, өтеулі негізде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) есебінен оқуға арналған шығысты ішінара өтеу кезінде оқу атыстарын өткізу және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Өтеусiз негiзде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, он жетi жас алты айдан жиырма алты жасқа дейiнгi, даярлық аяқталғаннан кейiн мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жататын немесе жұмылдыру резервiне енгiзiлетiн азаматтар тартылады.
Өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға:
- денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды әскери міндеттілер;
- жиырма төрт жастан жиырма жетi жасқа дейiнгi, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулi жарамды, оның iшiнде әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылған әскерге шақырылушылар.
Әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді іріктеу, оларды өтеусіз және өтеулі негізде жіберу және оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқыту мерзімін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
Қорғаныс министрлiгiнiң мамандандырылған ұйымдарында оқитын әскерге шақырылушылардың, әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскери мiндеттiлердiң санын жұмылдыру ресурсына не кiшi мамандарға қажеттiлiктi негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi айқындайды.
Әскерге шақырылушыларды, әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскери міндеттілерді оқытудың басталуы және аяқталуы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы басшысының оқуға қабылдау және аяқтау туралы бұйрықтары шыққан күн болып есептеледі.
Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында оқитын азаматтар оқу кезеңінде әскери қызметші мәртебесін алмайды.
Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында сабақтардан өту уақытында жұмыс берушілер көрсетілген ұйымдарда оқудан өтетін қызметкерлерге оқу демалыстарын беруге міндетті.
Әскерге шақырылушылардың, әскери мiндеттiлердiң әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқу кезеңiнде жұмыс орны (лауазымы) сақталады, Бұл кезеңде олар заңды тұлға таратылған, сондай-ақ бiлiм беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша бiлiм беру ұйымынан шығарылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды.
Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқудан өтуге ниет білдірген азаматтарды медициналық куәландыру аудандардың (қалалардың) әскери-дәрігерлік комиссияларында әскери есепке алу орны бойынша жүргізіледі. Куәландыру нәтижесі бойынша Әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді қабылдау, оларды өтеусіз және өтеулі негізде жіберу және оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша медициналық куәландыру картасы, сондай-ақ медициналық куәландыру мерзімі ресімделеді және беріледі. Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқыту.
Қорғаныс министрлiгiнiң мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулi негiзде оқитын әскерге шақырылушылар оқу аяқталғаннан кейiн әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлық қағидаларына сәйкес әскери ант қабылдайды (Заңның 18-бабы, 4-тармағы*).
Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде оқудан өткен адамдар:
- «Қатардағы жауынгер» («матрос») әскери атағын бере отырып (Заңның 41-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы*) запасқа алынады (Заңның 41-бабы 3-тармағы*).
- Әскери қызметке түсушілер құқығына ие болады және талаптарына сәйкес келеді:
- келісімшарт бойынша (Заңның 38-бабы, 1-тармағы, 4-тармақшасы*);
- резервте (Заңның 40-2-бабы 1-тармағы, 4-тармақшасы*)
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Көкшетау қалаларында филиалдары бар.
*Ескертпе: «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы
Әскери-техникалық мектептердің байланыс жасау деректері:
|
Р/с № |
Филиалдардың атауы |
Байланыс жасау деректері |
Телефон нөмірлері |
|
1. |
«ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі» РМҚК Алматы филиалы |
Алматы қ. Розыбакиева көшесі, 105а |
8 (7273) 92-99-01 |
|
2. |
«ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі» РМҚК Ақтөбе филиалы |
Актөбе қ., Смағұлов көшесі, 3 |
8 (7132) 40-03-38 |
|
3. |
«ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі» РМҚК Атырау филиалы |
Атырау қ. Баймұқанов көшесі, 80 |
8 (7122) 36-38-73 |
|
4. |
«ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі» РМҚК Өскемен филиалы |
Өскемен қ., Гастелло көшесі, 3а |
8 (7232) 50-31-13 |
|
5. |
«ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі» РМҚК Семей филиалы |
Семей қ., Уранхаева көшесі, 71 |
8 (7222) 52-47-71 |
|
6. |
«ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі» РМҚК Орал филиалы |
Орал қ., Әбілхайыр хан көшесі, 6 |
8 (7112) 21-21-10 |
|
7. |
«ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі» РМҚК Қарағанды филиалы |
Қарағанды қ., |
8 (7212) 45-74-53, 45-89-36 |
|
8. |
«ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі» РМҚК Қызылорда филиалы |
Қызылорда, Мұстафа Шоқай көшесі, 132 |
8 (7242) 24-72-96 |
|
9. |
«ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі» РМҚК Павлодар филиалы |
Павлодар қ., Московская көшесі, 82 |
8 (7182) 61-76-87, 61-76-89 |
|
10. |
Талдықорған филиалы «ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі» РМҚК |
Талдықорган қ., Қаблиса жырау, 174 |
8 (7282) 22-06-92 |
|
11. |
Тараз филиалы «ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі» РМҚК |
Тараз қ., Сыпатай батыр көшесі, 4 |
8 (7262) 45-09-27 |
|
12. |
Шымкент филиалы «ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі» РМҚК |
Шымкент қ., Майлы-қожа, 76 |
8 (7252) 43-25-37 |
|
13. |
Щучинск филиалы «ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі» РМҚК |
Көкшетау қ., Әуелбекова көшесі, 26 |
8 (7162) 25-78-97 |



