"Ашық деректер" порталы (data.egov.kz) - Ашық үкімет компоненттерінің бірі, мүдделі азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан шығатын әртүрлі деректер жиынтығына толық қол жеткізумен қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес, ашық деректер – бұл машинамен оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгеріссіз түрде қайта жариялауға арналған жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар. Басқаша айтқанда, бұл машинамен оқылатын форматтағы, авторлық құқықпен шектелмей жалпыға ортақ пайдалануға арналған ашық ақпарат.
Деректер жинағы жарияланатын машинамен оқылатын форматты негізінен әзірлеушілер түрлі қосымшалар мен веб-сервистерді жасау үшін бастапқы материал ретінде пайдаланылады. Бұдан басқа, ашық деректер журналистер мен талдаушылар жүргізетін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми зерттеулерде қолданылуы мүмкін.
Ашық деректер жиынтығын қалай табуға және жүктеуге болады
Бүгінгі күні data.egov.kz порталында келесі ақпарат иелері орналастырылған 3 мыңнан астам деректер жиынтығы бар:
- ҚР орталық мемлекеттік органдары;
- ҚР Жергілікті атқарушы органдары (облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының әкімдіктері);
- ҚР басқа ұйымдары.
Жарияланған жинақтарды жасау және жаңарту күні бойынша сұрыптауға болады, сондай-ақ сайтта кеңейтілген іздеу механизмі жұмыс істейді.
Ең танымал деректер жиынтықтарының бірі – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық объектілерінің қазақ және орыс тілдеріндегі атаулары, типтері, деңгейлері мен кодтары бар әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішісінің (ӘАОЖ) бет үлгісін қарастырайық.

"Паспорт" қойындысында деректер жиынтығының қысқаша сипаттамасы, санаты, жауапты мемлекеттік орган, өзектілік мәртебесі, сондай-ақ оны орналастыру және жаңарту күні көрсетілген.
"Деректер" қойындысы арқылы оларды бетке 5, 10, 20 жазбаның тізімін шектей отырып, қалыпты, кестелік түрде көруге болады.

"Жүктеу" батырмасы бойынша ауысқанда сізге келесі пішімдер түрінде барлық деректер жинағын жүктеу ұсынылады: excel, docx, json, xml және csv.
"Версия" қойындысының көмегімен көрсетілген деректер жиынтығының әртүрлі нұсқаларымен танысуға болады.
Порталда қажетті деректер жиынтығы болмаса не істеу керек
Егер сізге қажетті деректер болмаса немесе олар ескірген болса, онда басты беттің оң жағындағы "Деректерді алуға өтінімді қалдыру" блогын басыңыз.
Сізге жоқ деректерді жариялауға немесе бұрыннан бар (ескірген, толық емес немесе қол жетімсіз) мәліметтерді өзектендіруге сұранысты таңдауы бар модальды терезе ашылады.
Жаңа деректер жиынтығын жариялауға өтінім беру кезінде сізден санатты, атауын, қысқаша сипаттамасын, жауапты мемлекеттік органды көрсету, сондай-ақ жарияланымның қажеттілігін негіздеумен және ескертумен өрістерді толтыру талап етіледі.

Егер қажетті деректер порталда, бірақ олар толық емес немесе ескірген болса, онда актуалдандыруға өтінімді жіберіңіз, оның ішінде санатты, деректер жиынтығының өзін таңдау керек және себебін көрсету керек.

Өтінім беру процесін оңтайландыру мақсатында қолданыстағы құжаттармен танысуды ұсынамыз, өйткені бұдан бұрын ұқсас сұрау келіп түскен ықтималдығы бар. Мұндай сұрау анықталған жағдайда пайдаланушы оған дауыс бере алады және орындалу мәртебесін қадағалай алады.
Өтінім беру үшін eGov.kz электрондық үкімет порталында тіркелуді талап ететін авторландыру қажет екенін ескерте кетейік. Бұл рәсім туралы толығырақ сіз электрондық үкімет порталындағы "Порталда алғаш рет" бөлімінен біле аласыз.
Әзірлеушілерге арналған API
Арнайы порталдағы әзірлеушілер үшін API арқылы деректер жиынтығын пайдалану мүмкіндігі іске асырылған.
API (Application Programming Interface) – бұл сыртқы бағдарламалық өнімдерде пайдалану үшін қосымша, кітапхана немесе жүйе ұсынатын дайын сыныптар, рәсімдер, функциялар, құрылымдар мен константтар жиынтығы екенін естеріңізге сала кетейік. Басқа сөзбен айтқанда, API әзірлеушілерге алдын ала анықталған командалар мен дайын код кесектерінің көмегімен тікелей жүйелерден деректерді алуға мүмкіндік береді.
API-мен жұмыс туралы толығырақ "API сипаттамасы" бөліміне өтіп, таныса аласыз.
Бүгінгі күні ашық деректер порталы Мекенжай тіркелімі және Бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат сияқты ақпараттық жүйелермен біріктірілген. Мысалы, мекенжай тіркелімін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өз клиенттерінің мекен-жайларын тексеру және нақтылау үшін пайдаланады.
Ашық деректер жинағын қалай жариялауға болады
data.egov.kz порталында ашық деректер жиынтығының көздері тек мемлекеттік органдардан басқасы да болуы мүмкін. Егер олар форматқа белгілі бір талаптарға сай болса, кез келген жеке немесе коммерциялық тұлға өз деректерін порталда жариялауға құқылы. Бұл талаптар файл түрлеріне, мета-ақпаратқа және деректер өрістеріне қатысты. Бұл туралы толығырақ, сондай-ақ файл үлгілері және шаблондарымен "Форматқа қойылатын талаптар" бөлімінде таныса аласыз.
Талаптарға сәйкес қалыптастырылған деректер жинағын жіберу үшін порталдың басты бетінің оң жағында "Өз деректеріммен бөлісу" блогын басыңыз. Диалогтық терезе ашылады, онда санатты көрсете отырып файлды тіркеу қажет.
Порталдың ашық деректерін сәтті пайдалану мысалдары data.egov.kz
Портал іске қосылған сәттен бастап мақсатты аудитория арасында оны танымал етуге бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілді. Ашық деректер бірнеше хакатондар мен көптеген мобильді қосымшаларды әзірлеу бойынша конкурстарды өткізу кезінде пайдаланылды. Олардың тізімі "Қосымшалар" бөлімінде жарияланды.
"Ашық үкімет" курсы бойынша семинар бағдарламасы бойынша дәріс